Тарих история history


Ирак күрділері сецессионистік қозғалысының ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет8/17
Дата27.04.2023
өлшемі0,67 Mb.
#175604
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17
Байланысты:
sciPaper168382

Ирак күрділері сецессионистік қозғалысының ерекшеліктері...
Серия "История. Философия". № 2(98)/2020
41
парсылар» деп атады. Сириядағы жағдай да, Түркия мен Ирандағыдай қайталанды. Сирияда 
да араб режимі орнап, мемлекеттегі азшылық-ұлттарды ассимиляция жасау саясаты белсенді 
жүзеге асырылды [18]. 
Тек, Ирактағы күрділердің жағдайы қалған үш мемлекетпен салыстырғанда өзгеше 
болды. Ирак мемлекеті тәуелсіздік алған соң мемлекет билігі бірден Ирактағы арабтық саяси 
элитаның қолына өткен жоқ. Ирактағы мемлекет билік негізінен Ұлыбритания мен Ұлттар 
Лигасының қарамағында болды. Ал, Ұлттар Лигасы Ұлыбританиядан Ирактағы азшылық-
ұлттардың бірегейлігін сақтап қалуға, өз тілдерінде білім беру, БАҚ құралдарын дамытуға 
мүмкіндік беруді талап етті. Соның нәтижесінде Ирактағы күрділер өз мәдени салт-
дәстүрлері мен тілін, мәдениетін дамытуға мүмкіндік алды [18]. Бұл бертін келе Ирак 
күрділердің арасында ағартушы-интеллигенцияның қалыптасуына алып келді. 1946 жылы 
Ирак ағартушы-интелегенция өкілдері Мустафа Барзани басшылығымен Күрді 
Демократиялық Партиясын (КДП) құрды. КДП – құрылғаннан бастап Ирак күрділерінің 
негізгі саяси орталығы мен идеологиялық қозғаушы күші болды. КДП саяси-ағарту ісімен бір 
қатарда күрділер ішінен арнаулы халық жасақтарын құрумен айналысты. Бұл арнаулы жасақ 
– Пешмерга деп аталды. Пешмерга 1946 жылдан бастап Ирак күрділерінің мүддесі мен 
қауіпсіздігін қорғайтын негізгі күшке айналды. КДП Ирактағы алдымен Араб монархиялық 
режимімен, 1957 жылы мемлекет төңкеріс арқылы билікке келген әскери үкіметпен, және 
1979 жылдан бастап 2003 жыл аралығында Саддам Хуссейн режимімен тәуелсіздік үшін 
күресте негізгі рөл атқарды. 1988 жылы Саддам Хуссейн режимі Ирак күрділері Иран-Ирак 
соғысында (1980-1988) Иран тарапын қолдады деген себеппен Ирак Күрдістан аумағына 
басып кіріп, химиялық қаруды қолдану арқылы 5000-нан астам күрді халқын жойып жіберді. 
Бұл жағдай алғаш рет халықаралық қауымдастыққа белгілі болып, күрді мәселесі алғаш 
халықаралық мәселе ретінде қаралды. Нәтижесінде, Парсы шығанағы соғысы кезінде БҰҰ-
мен АҚШ және олардың коалициялық күштері Саддам Хуссейн режимінің әрекетін анти-
гуманизм мен геноцид деп жариялап, Ирак күрділерін өз қорғауына алды. 1992жылы 19- 
мамырда Ирактың солтүстігінде де-факто Ирак Күрді Автономиясын (ИКАА) құрылуына 
ықпал жасады. Де-факто ИКАА 1992-2003 жылдар аралығында административтік 
құрылымдар қалыптастыру, дамыту, жүйелеуде үлкен табыстарға қол жеткізді. ИКАА 2005 
жылы Саддам Хуссейн режимі құлап, Ирак мемлекеті унитарлы мемлекеттен федеративті 
мемлекет болып өзгергенде өзінің автономдық статусын конституция деңгейінде бекітті [19]. 
Түйіндесек, 1920 жылдардағы Ұлттар Лигасы мен Ұлыбританияның Ирак күрділерін 
қолдауы мен 1992 жылы БҰҰ мен АҚШ-тың Ирак күрділіренің автономиясын құрудағы 
көрсеткен қолдауы Ирак күрділерінің өзіндік дербес ұлтшылығын сақтап қалуда шешуші 
рөл атқарды.
 
2)
 
Территориясының болуы: ИКАА 
Ирак күрділерінің қоныстанған аумағы 1918 жылы Осман империясы ыдырағанда 
Ұлыбританияның бақылауына өтті. 1920 жылы Ирактың аумағымен бір қатарда Ирак 
Күрдістаннан да мұнай қоры табылуы Ұлыбританияның бұл аймаққа деген қызығушылығы 
арта түсті. Ұлыбритания бір жағынан жаңадан көтеріліп келе жатқан Түркияның бұл аймаққа 
қатысты ықпалын төмендету үшін, екінші жағынан Ирак аумағын толық бақылауда ұстау 
мақсатында араб және күрді басшыларына өз басқару аумағындағы билігін мойындай 
отырып Ұлыбританияға бодандығын мойындатқызуға әрекет жасады. Ұлттар Лигасы 
Вильсонның «14 тармағы» принципіне сәйкес, Ұлыбританиядан өз басқару аумағында, 
соның ішінде Ирактағы күрділердің территориясын, мәдениетін, тілін, БАҚ-дарын дербес 
дамытуға кепілдік беруін талап етті. Ирак Күрдістандағы мұнайды еркін игеруді көздеген 
Ұлыбритания Ұлттар Лигасы қойған талаппен келісуге мәжбүр болды [20]. Оның үстіне, 
Ирак Күрдістан аумағы бірнеше тайпалардан тұрды. Тайпа басшыларының өз билік 
аймақтағы ықпалдарын ескере отырып, олардың билігін мойындай отырып, өздеріне 
бейілділігін мойындатқызу Ұлыбританияның негізгі мақсаты болды. Сонымен қатар




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет