Басқару әлеуметтануы



Дата17.11.2016
өлшемі217,24 Kb.
#1921
Басқару әлеуметтануы
1. Басқару стильдері және оларды қолдану стратегиясы.

2. Басқарудағы билік пен ықпал ету.

3. Басқарушылық қызметтегі көшбасшылық ролі.

4. Ұйымдастырушылық мәдениеті.


Негізгі ұғымдар: ұжым, топ, мотив, бұйрық, административтік басқару, лидерлік, престиж, шешім, болжам және т.б.
Әлеуметтік басқару, кең мағынасында, өзінің сапалық дамуын қамтамасыз етіп отыратын қоғамдық жүйеге тән кұбылыс. Ал, тар мағынасында. бұл термин белгілі бір мақсатқа жету процесінде қоғамның әлеуметтік қызметі жүйесін тәртіптеу, жетілдіру үшін саналы, орнықты, ұйымдасқан түрде әрекет ету ұғымын біддіреді.

Әлеуметтік басқару — ұйымдық жағынан қалыпқа келтірілген құрылымдардың, олардың арасындағы басқару байланыстарының жиынтығы. Ол индивидтерге, әлеуметтік топтар мен қауымдарға, қоғамның саяси, әлеуметтік және басқа да институттарына басқару мақсатымен әсер етуді жүзеге асырады. Әлеуметтік басқару қоғамның өмір сүруі, әлеуметтік жүйе ретінде дамуы, адамдардың өмір сүруі үшін маңызы бар барлык, объектілер мен процестерді қамтиды.

Ол жекелеген, топтық және қауымдық мудделердің арасындағы қайшылықтарды тәртіптеп шешіп отырады. Әлеуметгік басқару — қоғамдағы адамдардың мүдделері мен іс-әрекеттерінің бағытын оның мазмұны мен карқындылығын реттеп, адамдардың қоғамда алатын орны мен рөлін айқындайтын әлеуметтік катынастарды үйлестіріп отыру. Осындай басқару нәтижесінде коғамдағы мүдделердің (территориялық, ұлттық, ұжымдық, жекелеген, т.б.) үйлесімділігі қамтамасыз етіліп, алға қойған мақсатқа, жалпы жегістіктерге жету үшін әлеуметтік әрекеттер үйымдастырады. Әлеуметтік басқару, көбінесе, мемлекетгік басқару жүйесіне байланысты.

Қазақстанда жүргізілген мемлекеттік басқару жүйесін қайта құру кезеңін негізгі екі кезеңге бөлуге болады.

1991 жылдан басталған бірінші кезенде Қазақстанның егемендігі жарияланды, Президенті сайланды, ұлттық теңге айналымға түсті, соған сәйкес өзіндік экономикалық саясаты қалыптаса бастады. Саяси және экономикалық салалардағы сапалық өзгерістер басқару жүйесін жетілдіруде көрініс табуға, орталық жөне жергілікті басқару органдарында бірнеше кең көлемді шаралар жүзеге асты.

Мұның негізгі мақсаты экономиканы басқарудың нарықтық формалары мен әдістерін өмірге енгізу болатын. Бірақ та нормативтік-құқықтық және әдістемелік базаның әлсіздігінен жүргізілген өзгерістер айтарлықтай тиімді болып шықпады. Басқару кадрларын даярлауда, олардың қызметін ынталандыруда, бақылау істерінде елеулі кемшіліктер жіберілді.

Тәжірибе керсеткендей, Қазақстанда қалыптасқан мемлекеттік басқару жүйесі күрделі болып шықты. Саясатты жасап, жүзеге асыруға жауапты орталық атқару органдары — Қазақстан министрліктер мен мемлекеттік комитеттердің рөлі мен қызметі нақтылы белгіленбеді.

Осындай кемшіліктерді жою үшін 1997 жылдың наурыз айында Қазақстан Президентінің "Қазақстан Республикасы мемлекетгік органдар жүйесін реформалаудың кезекті міндеттері туралы" Жарлығы қабылданып, мемлекеттік басқару жүйесін қайта құрудың екінші кезеңі басталды. Осыған сәйкес республика үкіметіне қарасты орталық аткару органдарының саны 50%-ке қысқарды. Қабылданған шаралар жекелеген мемлекеттік атқарушы органдар қызметінің қосарлануын, басқарудың ортақ буындарын жойып, ұйымдық құрылымның жұмысын жеңілдетті. Бұл ауқымы жағынан соңғы жылдардағы мемлекеттік аткарушы органдарды ұйымдық жағынан қайта құрудағы ең үлкен шара бодды.

Басқару құрылымы. Басқару кұрылымы — басқару деңгейлерінің теменнен жоғары қарай рет-ретімен орналасуы.

Социология ғылымы классиктерінің бірі М.Вебер әкімшілік басқарудың "идеалдық типін", "бюрократия" теориясын жасады. Оның негізгі сипаттамалары мынандай:

  • белгілі бір ұйым алдында тұрған мақсатқа жету үшін қажетті барлық іс-әрекеттер қарапайым амалдарға жіктеліп, оларды атқарушы әр буынның міндеті қатаң түрде ресми анықталуы керек. Еңбектің барынша жіктелуі басқару жүйесінің барлық буындарында өз міндеттерін тиімді орындау үшін толық жауапкершілікте болатын сарапшы мамандарды пайдалануға жағдай туғызады:

  • ұйым әкімшілік иерархия принципі бойынша, яғни
    төмен тұрған қызметкер, не бөлімше жоғары тұрғанға бағынады. Әкімшілік иерархиядағы әрбір қызметкер жоғары тұрған бастықтың алдында өзінің ғана емес, барлық бағыныштыларының іс-әрекеттері үшін де жауап береді;

  • ұйым қызметі ережелер мен нұсқаулардың жүйесімен
    реттеліп отырады. Нақтылы ережелер мен нұсқаулар ұйым
    ның әрбір мүшесінің жауапкершілігі мен олардың жеке іс-әрекеттерін үйлестіру нормаларын анықтап отырады;

  • ұйымның жоғары деңгейде қалыпты жұмыс жасауы
    жеке ойлар мен көңіл-күйдің, симпатия мен антипатияның жок,тығына негізделеді. Қызмет бабындағы симпатияларды жою — барлық қызметкерлердің мүдделеріне жауап беретін, әкімшілік қызметіндегі демократиялық принциптерді дамыта түсетін қолайлы фактор;

  • басқару жүйесіндегі қызметкерлердің біліктілігі олардың атқарып отырған қызметіне сай келуіне негізделіп, кызметкерлер ешбір негізсіз жүмыстан босатудан қорғалуы керек. Ұйымдағы қызмет мансаппен тығыз байланысты, сондықтан да қызметкерлердің тәжірибесіне, не жемісті жұмысына қарай қызмет бабымен өсуін қамтамасыз ететін жүйе болуы керек. Кадрларға катысты осьшдай саясаттың жүргізілуі қызметкерлердің арасында "бірлік рухын" дамытады. Оларды бастама ұйым ісіне барынша берілгендікке тәрбиелейді;

  • ұйымның қызметкерлерді жұмысқа алуы оған үміткерлердің кәсіби біліміне негізделеді, лауазымды қызметкерлер сайланбайды, тағайындалады, сондықтан да олар сайлаушыларға емес, өзінен жоғары тұрган бастықтарға тәуелді. Ұйымның барлық қызметін арнайы әкімшілік штаты басқарады; оларға ұйымның алдына қойған мақсаттарына жету жолындағы тиімді іс-әрекеттерін қамтамасыз ету міңдеттеледі.

Бұл басқарудың типтік құрылымы. Басқару құрылымын тігінен және көлденеңінен деп екіге бөлуге болады. Аткарушылардың аралығында сатылар көп болса, тігінен, ал аз болса, көлденеңінен болады. Мыңдаған жылдар бойы өмір сүріп келе жаткан басқарудың дәстүрлі құрылымы желілік құрылым деп аталады. Ал басқару құрылымына көптеген қызмет салалары (кадр, конструкторлык, жарнама, жабдықтау, маркетинг бөлімі, бухгалтерия) кірсе, ол желлілік-штабтық кұрылым болады.

Социология ғылымы басқару ісін басқарылатын жүйеге мақсатты түрде әсер етудің үздіксіз процесі ретінде зерттейді. Осыған байланысты басқару құрылымы ұдайы дамып отырады. Бүған ақпарат ағымының өсуі елеулі әсер етеді. Басқару құрылымы басқарылатын нысанның жай-күйіне, қозғалысына, тиімділігіне, т.б. қатысты ақпараттарды үздіксіз алып тұрғанда ғана жетіле түседі. Кез келген баскару үшін ақпарат жинап, оны ой елегінен өткізіп, басқаруға қатысты шешім қабылдау үшін қорықпаудан, сөйтіп басқару құрылымының субъектілеріне жіберуден, соңында жаңа ақпарат алудан тұрады.

Сонымен, басқару әртүрлі деңгейде: аймақты, республиканы, саланы басқарудан кәсіпорын ұжымын, оның бөлімшелерін, жеке адамдарды басқаруға дейін жүзеге асырылады. Сондықтан да басқару құрылымында басшының орны мен рөлі ғана емес, басқару істерімен айналысатын субъектілер де ерекше орын алады.

Басқару стилі және басқару кадрлары. Басқару стилі түсінігінің пайда болуы XX ғасырдың 30-шы жылдары АҚШ-та бірнеше тәжірибелер жасап, басшылықтың авторитарлық, демократиялық, анархиялық түрлерін анықтап берген К.Левиннің есімімен байланысты.

Америкалық зерттеуші Лайкерт басқару стилінің төрт жүйесін: қанаушы авторитарлық, игі ниетті авторитарлық, кеңестік-демократиялық, базалық жүйелерін ұсынса, Дуглас Макгрегор автократ пен демократтың алғышарттарын сипаттайтын "X" теориясы мен "У" теориясын тұжырымдады. Р.Блэйк пен Д.Мутон адамдар мен өндіріс мүдделерін ескеріп отыру дәрежесіне қарай бөлінетін басқарудың бес негізгі стилін қамтитын "басқару торын" жіктеуге және насихаттауга тырысты.

Жапон менеджметінде Т.Конон төрт стильдік (жаңашыл-аналитикалық, жаңашыл-интуитивтік, консервативті-аналитикалық, консервативті-интуитивтік) моделін құрастырған.

Жер бетінде қанша ұлт болса, басқарудың сонша стилі мен типі бар. Солардың ішінде жапондық басқару стилі ерекше көзге түседі. Мысалы, жапон қызметкерлері жаңа күнді бой жазу мен өз фирмаларының жалауына карап тұрып, фирманың әнұранын қосылып айтумен бастайды. Олар жан-тәнімен беріліп енбек етуді, әріптестерінің арасында қарапайым, кайырымды болуды, басшыларды құрметтеуді, өз компаниясының патриоты болуды уағыздайды. Бұл рәсім басшының жұмысқа сәттілік тілеген сөзімен аяқталады. Қауымдық және топтық дәстүрлерді құрметтеу рухында тәрбиелене отырып, жапон жұмысшылары мен кәсіпкерлері салт-жоралар арқылы еңбек серіктестігіне адал болу үшін ант береді. Осы кезден бастап олар бір өндірістік компанияға айналып, отбасы мен қауым өз шаңырағына калай караса, бұлар да бағыныштыларына солай камқорлық жасайтын болады.

Франция мен Англияда "дәл уакытында" сервистік қызмет көрсету тұжырымдамасы стратегиялық жоспарлаудың мақсатына енгізілген.

Жапон компаниялары әртүрлі деңгейдегі басқарушылар мен бағыныштылардың арасындағы кедергілерді жоюға ұмтылады. Ал америкалық не ағылшындық фирмаларда басқаша. Нәтижесінде жапондықгар басқару істеріне қатардағы жұмыскерлерді тиімді тарта білді, ал олардың мұхиттың арғы жағындағы әріптестерінің бұл ретте біршама қиындықтарды басынан өткеруіне тура келеді.

Басқару социологиясының дамуына ағылшын философ және социологы Г.Спенсер де орасан үлесін қосты. Ол Конттан кейінгі социология ғылымының негізін салушы болып табылады. Спенсер социологиядағы натуралистік бағыттың көрнекті өкілі болып есептеледі, ол қоғамды тірі организммен салыстыра отырып қарастырған. Осы арқылы Спенсер әлеуметтік жүйенің үш бөлігін көрсетті: ұстаушы (өндіріс). таратушы (ақпарат жолдары, транспорт, сауда және т.б.), бақылаушы (басқарушы). Сонымен қатар басқарушы жүйе қоғам дамуының деңгейіне байланысты болатынын айтты. Қарапайым қоғамда өзара оңай ауысушылыққа түсе алады, мұнда жүйенің рөлі әлсіз. Күрделі қоғамдарда мұндай ауысулар мүмкін емес, тірі организмдегі сияқты қызметтерді бақылап, реттеп отыратын басқарушы жүйені қажет етеді. Басқарушылық әрекеттердегі қатаңдық дәрежесі мен көлемі Спенсер бойынша қоғамның типтерінің арасындағы айырмашылық болып табылады. Ол қоғамды милитаристік (қатаң күштеу арқылы басқару) және өндірістік (бақылау мен орталықтандыру әлсіз) деп екіге бөлді. Осыдан барып Спенсер мынандай ереже шығарады: адамдардың көбісі өндірістік еңбекке бейімделген қоғам жеңеді, сонымен қатар билік құрылымдары жеке құндылықтар мен қызығушылықтарды сыйлайды. Спенсер ұйымшылдыққа ықпал ететін негізгі факторларды, адамдар арасындағы еркін және еріксіз қатынастарды, ұйымдағы еркіндік мәселесін зерттеді.

Басқару социологиясының теориясы мен практикасында француз социологы Э.Дюркгейм (1858-1917) құрастырған еңбек бөлінісінің әлеуметтік теориясы маңызды орын алады. Оның пікірінше, қоғам толық жүйе ретінде еңбек бөлінісінің арқасында , яғни мамандануға байланысты өмір сүреді. Дәл осы еңбек бөлінісі қазіргі қоғамда әлеуметтік байланыс пен тәртіпті, кластар арасындағы бірлікті қамтамасыз етеді. Бірлік, Дюркгейм бойынша, жоғарғы моральдік қағиданы білдіреді.

Басқару социологиясының дамуына үлкен үлес қосқандардың бірі неміс ғалымы М.Вебер (1864 -1920). Оның басты еңбектерінің бірі «Қоғам теориясы және экономикалық ұйым» ұйымдағы биліктің бюрократиялық құрылымы мен көшбасшылық мәселесіне арналған. Вебер ұйымды жетекшіде болатын биліктің мәніне қарай үш негізгі түрге бөледі: харизматикалық, дәстүрлі және рационалды.

Әсіресе, Вебер ұйымның рационалдық үлгімін дайындады, оның ойынша, рационалдық дегеніміз-ұйымның бюрократиялық түрі.

Басқару социологиясы АҚШ-та өте жақсы дамыды. Оның теориялық-әдістемелік негізі болып тейлоризм, Э.Мэйоның Д.Макгрегордың тұжырымдамалары есептеледі.

Тейлоризм – американыдқ инженер-зертттеуші Ф.Тейлордың (1856 – 1915) есімімен байланысты басқарудың американдық теориясының бағыттарының бірі. Оның «Ғылыми басқарудың қағидалары» (1911) атты кітабын зерттеудің жеке дара аумағы ретіндегі басқарудың ғылым болып мойындалуының бастамасы деп есептейді.

Э. Мэйо (1880-1949) – американдық социолог, американдық индустриалды социологияның және басқару социологиясының негізін салушылардың бірі. Ол "Вестерн Электрик Компани" фирмасының Хоторн зауытындағы жұмыскерлер тобында жүргізілген атақты Хоторн эксперименттерінің нәтижесінде дайындалған «адамдық қатынастар» теориясының авторы.

Басқару социологиясының дамуында бихевиоризм маңызды рөл атқарады. Бихевиоризм (ағылшын тілінен ЬеЬауюг -әрекет) бойныша, социология – адамдық іс-әрекетте туралы ғылым. Адамдар әрекеті белгілі бір дәрежеде басқарылады және де социология ғылымының міндеті болып адамдарды басқару ғылымын жасау болып табылады.



Бихевиоризмнің түрлерінің бірі - әлеуметтік айырбас теориясы. Оның пайда болуы американдық социологтар Дж.Хоманс (1910) пен П.Блаудың (1918) есімдерімен байланысты.

Хоманс әлеуметтік топты жүйелік талдаудың қағидасын жасады. Ол әлеуметтік топтардағы адамдардың іс-әрекетінің формасы көрінетін ұғымдарды енгізді: өзара әрекет, іс-әрекет, сезім.

Басқару социологиясы үшін әлеуметтік қайшылық теориясы үлкен құндылыққа ие.

Әлеуметтік қайшылық теориясының бірі неміс социологы Р. Дарендорфтыкі (1929) болып табылады. Оның ойынша, қайшылық басқарушы мен басқарылушыдан тұратын барлық әлеуметтік топтар мен қауымдастықтарда болады.

Басқару социологиясының дамуына неміс-американдық социолог К. Левиннің (1890-1947) шағын топтардың әлеуметтік психологияларына арналған зерттеулері өз ықпалын тигізді. Шағын топтар көшбасшылар мен қатардағыларға бөлінеді.

Бұл бағытта «Х теориясы» мен «У теориясы» ретінде белгілі басқару ұйымының тұжырымдамасы және басқару сильдері теорияларының авторы Д. МакГрегор (1906-1964) үлкен зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Демократиялық басқару – өзіндік құны бар жетістік. Сонымен бірге, ол үш себепке қарай, адам әлеуетінің (потенциалының) дамуын да ынталандыра алады. Біріншіден, саяси еркіндіктер мен адам өмірін айқындайтын шешімдерге қатысу мүмкіндігі – адамның негізгі құқықтары: олар адам әлеуеті (потенциалы) дамуының өзіндік құнды элементтері болып табылады. Брунеяда, Дар-эс-саламда, Кувейтте, Оманда, Катарда, Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб эмираттарында әйелдер табыстарына байланыссыз, ешқашан дауыс беру құқына ие болған емес, ал мұндай ахуал әйелдер тұрмысының мүмкіндіктерін едәуір шектейді. Саяси және азаматтық еркіндіктер мен қатысу құқығын кепілдейтін жалғыз саяси құрылым демократия болып табылады, соның салдарынан демократиялық басқаруды өздігінен қалаулы деп есептеуге болады.

Екіншіден, демократия халықты экономикалық және саяси апаттардан, мәселен, аштықтан немесе жүгенсіздіктерден қорғауға көмектеседі. Бұл – үлкен жетістік. Расында да, ол өмір мен өлім арасындағы айырмашылықты білдіруі мүмкін. Нобель сыйлығының лауреаты Амартия Сен, сайлаулар мен баспасөз бостандығының ашаршылықтан сақтандыру жөніндегі шаралар қабылдауда саясаткерлерді қалай анағұрлым тиімді ынталандыратынын көрсетті.

1995 жылдан бергі кезеңде Корей Халық-Демократиялық Республикасында ашаршылықтан шамамен 2 млн-ға жуық адам қайтыс болды, бұл халықтың 10 %-ын құрайды. 1958-1961 жж. Қытайда 30 миллиондай адам аштықтың құрбаны болды. Ал тәуелсіздік алған 1947 жылдан бері Үндістан тіпті қатты қуаңшылық кезіндеде ашаршылықтың зардабын бірде-бір рет тартқан жоқ. 1973 жылғы қуаңшылық кезінде Махараштрда азық-түлік өндірісі қатты зиян шекті, бірақ халық сайлаған саясаткерлер 5 млн. адам үшін қоғамдық жұмыстар ұйымдастырып, халықты жаппай аштықтан құтқарып қалды. Сондай-ақ мемлекеттердегі демократиялық құрылым саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге де өз септігін тигізеді, саяси оппозицияның ашық қызметі мен билікті ретке келтірілген тәртіппен табыстау үшін жағдайлар жасайды. 1950 және 1990 жылдар арасында демократиялық елдерде бұқара халықтың жаппай бас көтерулері мен демонстрациялары жиі құбылысқа айналды, бірақ мұндай әрекеттер диктаторлар басқарған елдерде анағұрлым тұрақсыздандыратын толқулар туғызды. Одан басқа, демократиялық емес режимдегі мемлекеттерде соғыс жиірек болды және ең елеулі экономикалық шығындармен қауіп төндірді.

Үшіншіден, басқарудың демократиялық нысанын енгізу “дамудың тізбекті реакциясын” іске асыруы мүмкін, өйткені саяси еркіндік халыққа әлеуметтік және экономикалық мүмкіндіктерін ұлғайтатын саяси бағдарды жүзеге асыруды талап етулеріне мүмкіндік береді, ал ашық талқылаулар қоғамдастықтарға өздерінің басымдықтарын белгілеуге көмектеседі. Мейлі Индонезияда, Мексикада немесе Польшада болсын – барлық жердегі демократияландыру және саяси ашық бағыттарындағы қозғалыс осы “тізбекті реакцияны” бастауға көмектесті, ал еркін баспасөз бен азаматтық қоғамның белсенділігі саяси шешімдерді қабылдау және талқылау үдерісіне халықтың қатысуларына жаңа мүмкіндіктер ашты [1, 3-б.]. “Үшінші толқын” аталатын демократияландыру үдерісі Еуропаның оңтүстігінде 1970 жылдардың орта шенінде басталып, 1970 жылдардың аяғынан 1980 жылдардың орта шеніне дейін ол Латын Америкасы мен Кариб бассейнінің елдерін қамтыды, ал 1980 жылдардың соңында және 1990 жылдары осындай әрекет Шығыс Еуропа мен бұрынғы Кеңес Республикаларына, Шығыс, Оңтүстік-Шығыс және Оңтүстік Азия мен Орталық Америкаға тарады. Осы кезеңде демократиялық өзгерістер әлемнің 81 елінде басталды – Латын Америкасында – 14, Еуропада – 23, Азияда – 10, Таяу Шығыста – 5 және Африкада – 29 [1, 6-б.].

Өзгерістер негізінен авторитарлық бір партиялық жүйелерді құлатудан басталды, олар не көп партиялық негіздегі сайлаулар практикасын енгізуді, немесе екі нысанның екеуін де қатар пайдалануды талап етті. Осы елдердің тәжірибесі көрсеткендей, демократия тек саяси еркіндіктерді ғана ұлғайтумен шектелместен, сонымен бірге әлеуметтік-экономикалық дамуға, әсіресе адам әлеуетінің (потенциалының) дамуына септігін тигізді. Сайлаулар түрінде және өзге демократиялық рәсімдер нысанында саяси билік үшін бір-бірімен бәсекелесудің қажеттілігі саясаткерлерді адамдардың мұқтаждары мен мүдделерін ескеруге бейімдірек етеді. Осы фактор сондай-ақ жанжалдарды реттеуге көмектеседі және тұрақтылыққа сеп болады.

Демократиялық принциптер табиғи және сөзсіз түрде адам әлеуетінің (потенциалының) даму тұжырымдамасынан шығады. Демократия сөзі көне грек тілінде “халық билігі” ұғымын білдіреді. Осы термин адам әлеуетінің (потенциалының) даму ұстанымы тұрғысынан демократиялық басқаруға қолданылатын тәсілдің ерекшеліктерін сәтті көрсетеді, өйткені ол халық мүдделерінің басымдылық идеясын жеткізеді: басқару адамдардың мүдделеріне сай болуы тиіс, ал керісінше емес. Қазіргі заманғы мүдделердің алуан түрлілігімен және тайталастығымен сипатталатын “халықтың еркі” сияқты ұғымның осы уақытта қолданылуға құқы бар-жоқтығына тәуелсіз, негіз қалаушы демократиялық принцип – басқару құрылымдарын қалыптастыру (құру) кезінде барлық адамдардың мүдделерін бірдей есепке алу – адам әлеуеті (потенциалы) даму практикасының өзекті элементі болып қала береді, соған ұмтылу қажет.

Сайлаулар аясында дауыс берудің демократиялық жүйесі адам әлеуетінің (потенциалының) даму көзқарасы тұрғысынан басқарудың тағы бір өзекті элементі болып табылады, өйткені сайлаулар практикалық есеп берушілікті қамтамасыз етудің парадигмасы болып көрініс табады, оны анағұрлым тікелей жасауға болар еді. Егер үкімет халықтың мұқтаждары мен мүдделерін қанағаттандырмайтын болса, онда халық оны биліктен айыра алады. Есеп берушіліктің анағұрлым тікелей (тура) болатын өзге нысаны жоқ. Сондай-ақ қатысудың одан да эгалитарлы (теңгермелі) түрі де жоқ. “Бір адам – бір дауыс” принципі әрбір жеке адамға Үкіметті сайлау кезінде өз пікірін білдіру үшін өзгелермен тең құқық береді – ол практикада болмаса да, тіпті болмағанда теория жүзінде қолданылады. Қатысудың өзге нысандары да (түрлері де) мемлекеттік және мемлекеттік емес инстанциялардың (сатылардың) есеп берушілігін қамтамасыз ету үшін әр түрлі себептермен дауыс беруге арналған сауыт халық билігінің тиімділігі жеткіліксіз құралы болып табылатын кезде өте маңызды болуы мүмкін.

Демократиялық қоғамдарда халық қоғамдық өмірге әр түрлі нысандарда қатысады, олар проблеманы дос-жарандарымен, көрші-қолаңдарымен талқылайды, мемлекеттік саясаттың артықшылықтары мен кемшіліктері туралы газеттерге хат жазады, наразылық білдіру демонстрацияларына қатысады, саяси партиялардың немесе кәсіподақтардың қатарына кіреді. Қатысудың осы нысандары қабылданатын шешімдер халықтың тұрмысына ықпал жасайтын жағдайларда олардың өз пікірлерін білдіруіне мүмкіндік береді. Қатысу адамдарды толғандыратын проблемаларға кең жариялылық беретін талқылау үдерістеріне қосылу негізінде қамтамасыз етіле алады. Ашық саяси даулар мен адамдардың оң көзқарастарын білдіруге арналған түрлі каналдар үшін жағдайлардың болуы – демократиялық өмір салтының түпнұсқалық мәні және демократиялық қоғамда шешімдер қабылдау үдерісі тиімділігінің кепілі.

Демократия ең терең ұғымдағы адам әлеуетінің (потенциалының) даму тұжырымдамасымен үйлесетін саяси құрылымның жалқы нысаны болып табылады, өйткені демократия жағдайларында саяси билікке халық санкция жасайды және бақылау жүргізеді. Тіпті ең либерал диктатураның өзі адам дамуы тұжырымдамасымен сыйыспайды, себебі, осы үдеріс барша халықтың төл ісі болуы тиіс, оны “жоғарыдан түсіру” мүмкін емес. Адам дамуы туралы 2000 жылғы Баяндамада көрсетілгендей, демократия билікке талаптанушылардың ашық жарысын көздейтін саяси құрылымның жалғыз нысаны болып табылады және ол адамның барлық – азаматтық, мәдени, экономикалық, саяси және әлеуметтік құқықтарын құрметтеу және көтермелеу қағидаларына қайшы келмеуі керек.

Сонымен бірге осы мемлекеттердің таяудағы әркелкі тәжірибесі, сондай-ақ жинақталған әлемдік тәжірибе мынаны айғақтайды, демократияны тереңдету және оны халықтың мүдделері үшін қызмет істету үдерісі әзірше тек күш алу үстінде ғана. Оның үстіне көптеген елдерде демократия әзірше нық орнығып үлгерген жоқ және оған біршама қауіп төніп тұр. Көп партиялық сайлаулар жүргізетін әлемнің 140 елінің ішінен дүние жүзі халқының небәрі 55 % тұратын 80 елді ғана ең болмағанда демократияның бір ерекшелікті белгісі бойынша толық шамада демократиялық елдер деп атауға болады. 106 ел бұрынғысынша маңызды азаматтық және саяси еркіндіктерді шектеп отыр [1, 2-б.].

Одан бөлек, мынаны естен шығармау керек, барған сайын өзара байланысты бола түскен дүниеде туындайтын көптеген проблемалармен күресуге мәжбүр жаһандық басқару жүйелері, өз азаматтарының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін аянбай күш-жігер жұмсайтын ұлттық үкіметтер, жаһандық немесе ұлттық деңгейлерде әрекет жасайтын және соңғы онжылдықтардағы экономикалық, әлеуметтік және технологиялық өзгерістердің арқасында бетке қалқып шыққан корпоративті не жеке құрылымдар туралы айтсақ та, бір мәселе анық, тиімді демократиялық басқару идеясы әлі шындыққа айналған жоқ. Мыңжылдық даму Мақсаттарын орындау тұрғысындағы тиімді демократиялық басқару туралы да ұмытпаған жөн. Біршама мемлекеттердің қазіргі үрдістерін сақтау кезінде даму саласындағы Мыңжылдық дамуы Мақсаттарын орындаудың, сірә, сәті түсе қояр ма екен, соның ішінде 2015 жылға қарай шектен тыс жоқшылықтың ауқымдарын екі есеге азайту мәселесі. Көптеген елдер қазір осыдан 10, 20, ал кейбір жағдайларда 30 жыл бұрынғыдан кедейлеу. Ынтагерлік толқынының жотасында тұтас қатардағы елдер маңызды экономикалық реформалар, соның ішінде көп партиялық сайлаулар (соңғы 15 жылдың ішінде олардың саны 140-қа жетті) жүргізіп, үміт артқан әрекеттерінің енді түңіліс пен пессимизмге жол бере бастаған фактісі де қатты алаңдатып отыр [1, 2-б.].

Мемлекеттік басқарудың демократиялық жүйесінің қолданылуы міндетті түрде тиімді басқарылатын жүйе екендігін білдірмейді. Демократиялық басқару қазіргі уақытта тиімді басқарудың шарты болып есептелетініне қарамастан, біріншісі екіншісін кепілдемейді. Демократиялық басқару тиімсіз болуы мүмкін, соның ішінде ол ресурстарды үнемсіз жұмсауға апаруы ықтимал.

Сондықтан мемлекеттік басқару үдерісінің тек демократиялық принциптерге ғана емес, сонымен бірге тиімділік пен біліктілік принциптеріне құрылғаны абзал. Басқаша айтқанда, әлеуметтік проблемалар уақтылы және ең аз шығындар арқылы шешілуі тиіс [2, 1-б.].

Демократия негізгі екі принципке негізделеді: қатысу және есеп берушілік. әр адам мемлекеттік істерді басқаруға қатысуға құқылы. Осыған ұқсас, әр адамның үкіметтің қызметі туралы ақпараттарға қол жеткізуге, үкіметке өтінішпен шығуға, сондай-ақ күні ілгері кесіп-пішілмеген әкімшілік және сот механизмдері арқылы әділдікке жүгінуге құқы бар. Нағыз демократия қоғамдық істерді жүргізуде еркектер мен әйелдер арасындағы шынайы серіктестікті ұйғарады. Одан бөлек, демократия адам құқықтарынан ажыратылмайды және ол құқық үстемдігінің принципіне негізделеді, оның кепілі сот институттары мен қадағалаудың тәуелсіз, күні ілгері кесіп-пішілмеген (алдын ала ойластырылмаған) және тиімді механизмдері болып табылады.

Демократиялық басқару талаптарының бірі лайықты құрылымы бар және тиімді жұмыс істейтін институттардың болуы шарт. Осы институттар әлеуметтік шиеленісті бәсеңдетуге мүмкіндік жасаулары және бір-бірімен бәсеке жүргізетін қоғамдық топтардың арасындағы тепе-теңдікті ұстап отырулары тиіс. Демократиялық басқарудың негізгі институттары болып табылатындар:

1. Тиімді жұмыс істейтін саяси партиялар мен түрлі топтар қоғамдастықтарының өкілдік жүйесі.

2. Еркін және әділ сайлауларды, сондай-ақ жалпыға бірдей сайлаушылық құқын кепілдейтін сайлау жүйесі.

3. Билікті бөлісуге, тәуелсіз сот және заңнамалық салаларға негізделетін тежеу және қарама-қарсылықтар жүйесі.

4. Экономиканың мемлекеттік және жеке секторын бақылауға және саяси өмірге қатысудың баламалы түрлерін қамтамасыз етуге шамасы келетін белсенді азаматтық қоғам.

5. Еркін және тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдары.

6. Қарулы күштерге және қауіпсіздіктің өзге де күштеріне тиімді азаматтық бақылау жасау.

Демократия әрқашан ұдайы жетілдіріліп отыратын ахуал немесе жағдай түріндегі аяқталмаған үдерісті көрсетеді. Демократияны қолдау қоғамның демократиялық мәдениетін тәрбиелеу мен нығайтуды білдіреді.

Одан бөлек, демократия халықаралық принцип ретінде танылуы тиіс, осы принцип олардың халықаралық қатынастарының контексінде халықаралық ұйымдарға таралады.



Демократияның деңгейін немесе саяси және азаматтық құқықтарды бағалау үшін әр елдер түрлі көрсеткіштерді пайдаланады, олар: соңғы сайлаулардың өткізілген күні; сайлаушылардың қатысуы; әйелдерге дауыс беру құқығы берілген жыл; парламенттегі әйелдер алатын орындардың саны; кәсіподақ мүшелерінің саны; үкіметтік емес ұйымдар; polity коэффициенті ( – 10 ең аз демократиядан + 10 ең жоғары демократияға дейін), азаматтық еркіндіктер, баспасөз бостандығы,

дауыс беру және есеп берушілік, саяси тұрақтылық пен зорлық-зомбылықтың болмауы, құқықтық тәртіп, заң үстемдігі, үкімет қызметінің тиімділігі, сыбайлас жемқорлық пен парақорлық ауқымдарын бағалау индексі [4, 37-б.]. Басқару тиімділігінің субъективті көрсеткіштері бойынша Қазақстан адам әлеуеті (потенциалы) дамуының орташа деңгейіндегі елдер қатарына (АДИ бойынша елдер рейтингінде 2000 жылы 79 орында) жатады. Бұл ретте polity индексі – 4-ке ( – 10-нан 10-ға дейін); азаматтық еркіндіктер 5-ке (7-ден 1-ге дейін); саяси құқықтар 6-ға (7-ден 1-ге дейін); баспасөз бостандығы 70-ке (100-ден 0-ге дейін), дауыс беру және есеп берушілік – 0,80-ге (– 2,5-нан 2,5-ға дейін); саяси тұрақтылық және зорлық-зомбылықтың болмауы 0,29-ға (– 2,5-нан 2,5-ға дейін); заңдылық және құқықтық тәртіп 4,0-ге (0-ден 6-ға дейін); заң үстемдігі – 0,60-қа (– 2,50-ден 2,50-ге дейін); үкімет қызметінің тиімділігі – 0,61-ге (– 2,50-ден 2,50-ге дейін); сыбайлас жемқорлықты бағалау индексі 2,7-ге (0-ден 10-ға дейін); парақорлық – 0,83-ке (– 2,50-ден 2,50-ге дейін) тең [1, 39-б.].

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет