Жаңа мыңжылдық қарсаңындағы Ресей – Қытай қатынастары.
Қазақстаннан Жапон теңізіне дейінгі Ресей шекарасының ірі бөлігі Азиаттық – Тынық мұхиты аймағындағы ең ірі ел Қытаймен шектеседі. Бұл аймақтың дамуы Ресейден өзінің геосаяси мүдделерін білуін талап етіп отыр. КСРО құағаннан кейін Москва АТР – де стратегиялық мақсаттар көздемеді. 1997ж Ресей президентінің Қытайға сапарынан кейін біршама жетістіктерге қол жеткізілді. Геосаяси әскери, экономикалық жағынан қарағанда Ресейдің ең әлсіз тұсы Қытаймен шекаралары болып табылады.
Сыртқы істер министрінің төрағасы Г.Карсиннің ойынша Ресей – Қытай қатынастары ХХIғ стратегиялық байланыстарына бағытталған тең түрдегі келісімдерге негізделген. Олар жаңа типтегі халақаралық байланыстардың ұзақ кезенімен сипатталады.
№ 14 дәріс
Тақырып: Таяу Шығыстағы халықаралық қатынастардың қазіргі жағдайы мен аймақтық жүйе перспективалары.
№ 15 дәріс
Тақырып: Халықаралық қатынастардың жаһандық жүйесіндегі Таяу Шығыс.
Дәрістің мазмұны: Мұсылман әлемі. Ислам, демократия және нарықтық экономика. Сауд Аравиясының болашағы. Түркия және ислам. Иран. Ресей саясатындағы ислам факторы.
№ 16 дәріс
Тақырып: Африкааймақтық жүйе.
Дәрістің мақсаты: Африка елдері, ондағы мәселелер туралы білім беру, ой алмасу.
Тірек сөздер: Африка, трайбализм, нәсіл
Негізгі мәселелер және дәрістің қысқаша мазмұны:
Африка елдері, ондағы мәселелер және шешу жолдары. Халықаралық қатынастардағы Африка елдерінің орны.
Қырғи-қабақ соғысы аяқталғаннан кейін Африканың халықаралық қатынастардағы рөлі өзгерді. Батыс пен Шығыстың конфронтация аренасы болуды тоқтатып, бұл аймақ ірі державалардың сыртқы саяси координаталар жүйесіндегі өз стратегиялық мәнін жоғалтты. Ал олардың африкалық елдермен саяси және экономикалық бірлесудегі тәжірибесі критикалық асыра бағалауға ұшырады. Екіжақты және көпжақты негізде африкалық мемлекеттерге берілетін нақақ көмекті тоқтату мақсатында қадамдар жасалды.
Осыған байланысты 90 жылдардың басына таман Африкада да, оның шекарасында да өте пессимистік көңіл-күй тарала бастады.Ол аймақтың тек болашақтағы ғана емес, сонымен қатар жуық арадағы перспективасына қатысты еді. Сондықтан апокалиптік бүркемеушілікте жағдайды дамыту сценариі ұсынылды. Халықаралық саяси лексиконға көптеген мәнді аргументтер орныққан және орнығып жатқан « афропессимизм » ұғымы мықты енді.
Афропессимизмнің қайнар көзі болып аймақтың көп бөлігінің экономикалық жағдайының төмен болуы есептеледі. Бүгінгі таңда әлемнің 11% қоныстанған ( 600 миллион адам ) континенттің үлесіне тек 5% ғана әлемдік өндіріс кіреді. 53 африкалық елдердің 33-і әлемнің мешеу елдер тобына жатады (НРС). Егер 1960 жылы Африка өзін азық-түлікпен қамтамасыз етіп отырса, 1980 жылы африкандықтардың 1/3-і халықаралық көмек арқасында күн көріп отыр. Сонымен қатар Африка халық саны басқа дамушы елдермен салыстырғанда тезірек өсіп отырды. Қазіргі туылу темпі сақталса, 2025 жылы әлемдегі әрбір 5-ші адам африкандық болмақ.
Үлкен назар аудартатын жайт - 90 жылдар басында дамушы елдерге берілетін халықаралық экономикалық көмектің Африка үлесіне 38 %-ы тисе де ( 17 % - 1970 жылы)
және қазіргі кезде 1 жылға 15-20 миллиард доллар аралығында болса да, 1980-1992 жылдар кезеңінде континентте І.Ұ.Ө. –ді жан басына шаққанда 15 % екендігі. Халықтың өмір сүру деңгейінің күрт төмендеуі, тіпті, сырттан үукен мөлшерде көмек алып отырған мемлекеттерде де көрініс тапты. Мысалы, 80 жылдардың аяғында сыртқы қаржыландыру арқасында Сенегалда 12 % мемлекеттік бюджет орындалса, Мавританияда 28 %, Малиде 34 %, Кабо-Вердеде 70 %. Сахарадан оңтүстікке қарай орналасқан мемлекеттерді сырттан қаржыландыру 90 жылдары орта есеппен 11 % көлемінде болса, сол кездері Солтүстік Африка мен Таяу Шығысқа тек – 1,2 %, Азия елдеріне – 0,7 %, Латын Америкасына– 0,4% құрады.
Осылайша, жалпылама экономикалық көмекке қарамастан, 90 жылдар басына таман Африка тек дамыған индустриалдық мемлекеттерден ғана емес, сонымен қатар қарқынды экономикалық дамуды бастан өткерген дамушы мемлекеттерден де қалып қойды. Егер 60 жылдары Гананың экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері Оңтүстік Кореямен бірдей болса, ал Нигерияның жан басына шаққандағы кірісі Индонезиядағыдан көбірек болса, 80 жылдардың аяғында қандай да болмасын салыстырулар жөнсіз еді.
Африка континенті үшін басқа да маңызды проблемалар үрейлі болып отыр. Сахарадан Оңтүстікке қарай орналасқан барлық елдерде СПИД мәселесі тұр. Әлемдік Бірлестіктің талпынысына қарамастан, аштық мәселесі де шешілмей отыр. Оқтын-оқтын азық-түлік жетіспеушілігі Эфиопия, Сомали, Судан, Ангола, Руанда, Заир, Съерра-Леонада драмалық қалыпта өтті. Қашқындар мәселесі де аса үлкен проблема болып отыр. Африкада бүкіләлемдік қашқындар санының 50% жуығы ( 7 млн. ) есепке алынды және 60% қоныс аударғандар ( 20 млн. ) .
Әлемдік қауіпсіздік үшін Африка әр түрлі аудандардағы көптеген ішкі және мемлекетаралық қақтығыстар ұнамсыз салдарлар туғызып отыр.
Постколониялдық кезеңде континентте 35 қарулы қақтығыс тіркелді (10 млн.адам қаза тапты.) Қаза тапқандардың көпшілігі жай азаматтар еді. Африка ісіне ірі державалар тарапынан болған әскери-саяси араласудың әлсіреуі алғашқыда аудандарда қақтығыстардың азаюына әкелді, бірақ көп кешікпей бұрынғылары жанданды, жаңалары пайда болды.
90 жылдары әскери әрекеттер 15 –тен астам Африка мемлекеттерінің территориясында болып жатты. Айтарлықтай соғыс ошақтары мен этникалық қақтығыстар Ангола, Эфиопия, Либерия, Мозамбик, Сомали, Чад, Мавритания, Сенегал, Батыс Сахара, Судан, Уганда, Мали, Бурунди, Руанда мемлекеттерінде болды. Олардың салдарларын ретке келтіру бірнеше онжылдықтарды керек етеді. Осыған байланысты «афропессимисттердің» ойынша, Африкалық континенттің әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы аймақтың көп елдерін әрдайымғы тұрақсыздыққа душар етеді, ал дағдарыстық дамудың жаңа салаларының болуы мүмкін екендігі бұл жағдайды қолға алуға бағытталған халықаралық күш-жігерге блок қояды. Жалпы, олардың ойынша, Африка халықаралық қатынастар жүйесінде « аса үлкен қауіптің көзі » болды, және солай қала бермек.
Бірақ, Африка континентінде көрініс тапқан аймақтық және жаһандық масштабтағы қауіптің маңыздылығына қарамастан, үшінші мыңжылдықта қалыптасқан әлемдік тыныштық тек бүгінгі таңдағы факторлармен ғана емес, сонымен қатар жаңа перспективалардық тенденциялармен де анықталмақ. 90 жылдары Африка елдері үшін ауыр және қайшылықты эволюция кезеңі болса да, сол онжылдықтың екінші жартысына қарай көп елдерінде оңтайлы алғабасулар байқалды. Африкадағы ішкісаяси және халықаралық қатынастары жаймен дұрыс жолға түсуде.
Оңтайлы өзгерістер, ең алдымен, Африкадағы ірі қарулы қақтығыстарды ретке келтірудің арқасында мүмкін болды. О.А.Р. –дағы апартейдтік режимнің ликвидациясы континеттің оңтүстік бөлігіндегі жағдайларға жақсы әсер етті. Мозамбик, Ангола, Намибияда созылмалы саяси тартыс тоқтады. Кения, Уганда, Танзания арасындағы қатынас түзелді. Эритреяның тәуелсіздігі жариялануымен Эфиопиядағы көпжылдық азамат соғысы аяқталды, бірақ енді Эфиопия мен Эритрея арасындағы қақтығыс мемлекетаралық дәрежеде өтіп жатыр.
Африка континенті мен оның айналасындағы мәселелердің кесірінен ұзақ уақыт бойы болған басты ошақтардың шиеленісі проблемаларын шешу аймақтық қауіпсіздік атмосферасын орнатуға жеткіліксіз болып шықты. 90 жылдардың ортасына таман бұрын тек потенциялдық локалдық конфронтация зоналары ретінде қаралған көптеген аймақтардағы жағдай күрт шиеленісті.
Аса драмалық жағдайда Ұлы көлдер аймағындағы жағдай шырмалды. Отаршылдық тарихтың тереңіне бойлайтын хуту мен тутси арасындағы келіспеушіліктер сол халықтар тұратын Руанда мен Бурунди шекарасынан шығып кетті. Бұл қақтығысқа субаймақтың көптеген мемлекеттері бас сұққан болып шықты.
Африка мемлекеттерінің ішінде көлемі жағынан екінші мемлекет – Заир (ДРК) –дағы саяси жағдай өте күрделі болып есептеледі. Ол 1996 жылдың күзінен бері қатты ішкі күйзелістерді басынан өткеруде. Бұл күйзелістер көрші елдердің жағдайына да әсер етуде. Олардың кейбіреулері ДРК-дағы азаматтық және әскери қақтығысқа сұғылған болып шықты.
Мемлекеттердің құлдырауы негізінде қарсыласушы топтамалар әскери-саяси биіктеуге қол жеткізуге талпыныстарын жалғастырып жатқан Сомалиде де қиын жағдай әлі сақталуда. Көрші мемлекеттердің көпшілік жағдайлардағы араласулары конфронтация дәрежесін түсіруге көмегін тигізді, бірақ бірнеше рет қол жеткізілген татулық туралы келісімдерді қақтығысқа қатысушылар бұзып отырды.
Африкалық Рог зонасындағы қақтығыс жағдайларының реттелуі созылып кетті. Ол 1997 жылы басында Суданның оңтүстігі Орталық билікке қарсы болған оппозициялық күштің көтерілуімен байланысты шиеленісті Судан үкіметі өз көршілері – Эфиопия, Эритрея, Уганданы агрессивті деп кінәләп отыр. Бұл елдер Оңтүстік Судан сепаратистерінің көтерілуіне еш қатысымыз жоқ десе де, қақтығыс шегіне жеткен жоқ. Тіпті, 1998 жылы Эритрея мен Эфиопия арасында күтпеген жерден қатты шекаралық қақтығыс пайда болды.
90 жылдардың аяғына таман Камерун мен Нигерия, Экваторлық Гвинея мен Нигерия, Намибия мен Ботсванна арасындағы қатынастарда да шекаралық мәселелер шиеленісті. Өкінішке орай, Африкадағы территориялық келіспеушіліктерге байланысты потенциялдық алау жағдай ошақтары тізімін жалғастыра беруге болады.
Батыс Сахарадағы қарулы қақтығысты ретке келтіру де тежеліп отыр. Бұл жерде БҰҰ осы территория халқын реттеп бөлу жөніндегі референдумды әлі ұйымдастыра алмай отыр. Съерра-Леонада татулық үрдісін дамыту 1997 жылғы әскери төңкерістен кейін қиындап кетті.
Африка континентінде жалғасып жатқан қақтығыс орындарының бірқатары көбіне аймақтық дәрежеде көрініс тапқан. 90 жылдардың екінші жартысы мен аяғында болған Гвинея-Бисау, Съерра-Леона, ДРК, Бурунди, Руанда, Сенегал, Лесото, Сомалидегі жаңалықтар бөлек мемлекеттердің де, субаймақтық топтамалардың да араласуына әкелді. Конго Республикасына Ангола жасағы енді.
Гвинея-Бисау мен Съерра-Леонаға Батыс Африка елдерінің экономикалық бірлестігі (ЭКОВАС) жасағы енгізілді. ДРК-да фронттық сызықтың әр түрлі жағынан Уганда, Бурунди, Ангола,, Намибия, Чад әскері орын тепті.
Атап өтетін бір жайт: әскери-саяси конфронтацияны сақтап қалу ішкі саясатта да, мемлекетаралық қатынаста да тұрақсыздыққа шарықтатушы африка континентіндегі қаруланудың шабысымен тығыз байланысты. Африканың дамушы елдерінің ішінде 80жылдардың аяғына таман Египет, Ливия, Алжир, Марокко, Эфиопия, Ангола, Нигерия, аса қатты әскери күшке ие болды. Бұл елдердің әскерінде континенттің бронетанктік күшінің үлкен бөлігі, әскери авиация мен флоттың да үлкен бөлігі қамданды. Тағы 9 елде ( Сомали, Кения, Судан, Тунис, Танзания, Мозамбик, Замбия, Зимбабве, Заир ) өз шекараларынан тыс жерде соғыс әрекеттерін жүргізуге мүмкіндік беретін әскери потенциал субаймақтық дәрежеге жетті. Сол кезде жасалған болжамдарға сүйенсек, Африканың кей елдері 2000 жылға қарай ядролық қару иегерлері бола алар еді ( Алжир, Ливия, Нигерия ) және химиялық қарудың өндірушілері болуы мүмкін еді.( Египет, Эфиопия, Ливия, Ангола, Сомали, ОАР ). Ливия мен Египетте биологиялық қару жасақталуда деп болжанады. Бір мезгілде Алжир, Египет, Ливия « земля-земля » класындағы баллистикалық ракетаға ие, және де соңғы екі мемлекетте билеушілер олардың өндірісін дұрыстап ұйымдастыруға талпынуда.
Африканың көп аймақтарындағы әскери-саяси жағдайдың аса тұрақсыздық бейнесін ұлтшылдардың реттелмеген жағдайлары, сепаратистік тенденциялар, діни шыдамсыздық танытулар, кейбір африкалық көшбасшылардың білдіріп отырған субаймақтық гегемония жоспарларының мемлекетаралық келіспеушіліктері толықтыра түседі. Сондықтан континенттің барлық бөлігінде дерлік, тек әрекет етуші ғана емес, сонымен қатар потенциалдық «ыстық пункттер» бар. Олар Африка елдерінің мешеулігін өткеру мен экономикалық жандану жолындағы ең басты кедергі болуы мүмкін.
Алайда, «ыстық пункттердегі» жағдай соңғы жылдары өзгеріссіз қалған жоқ. БҰҰ әрекеті, ОАЕ талпынысы, бөлек мемлекеттер арқасында бірқатар жағдайларда оңтайлы алғабасуларға қол жетті.
Мозамбикте тыныштықты қолдауға байланысты масштабты операция жақсы аяқталды. ОАР-да ұлттық татуласу үрдісі үлкен асқынусыз өтіп жатты. Чад пен Ливия арасындағы Аузу сызығы, Уолфиш-Бей статусы жөніндегі мәселелер тату шешімін тапты. Лесото, Свазиленд, ОАР, Коморда ішкі қақтығыстардың өршуін тоқтатуға қол жетті, сонымен қатар Нигерия мен Камерун, Эфиопия мен Йемен, Намибия мен Ботсвана арасындағы территориялық келіспеушіліктер өз шешімдерін тапты.
Дұрысталушылыққа бетбұрыс Либерия мен Анголадағы соғыс конфликттерін тоқтату үрдісінде айқын көрінді. БҰҰ-ның Бас хатшылығы мен Қауіпсіздік Кеңесінің, бақылаушы елдер « үштігінің» (Ресей, АҚШ, Португалия) арқасында 1997 жылы сәуірде Анголада УНИТА топтамаларының өкілдері қатысқан ұлттық татуласу үкіметі құрылды. 20 жылдан астам уақытқа созылған азаматтық соғысқтан кейін бұл ел татуласу құрылымына ену мүмкіндігін алды.
Келтірілген мысалдар Африкадағы қақтығыстарды реттеу қиын, бірақ, тіпті, өте қысқа мерзімде жасауға болатындығының айқын дәлелі болып табылады. Нақты қақтығыстарға байланысты басталған достық үрдісі конфронтацияларының аластауының жаһандық тенденцияларымен әдемі үйлесім тапқандығы да өте маңызды болып есептеледі.
1996 жылы қол қойылған Африкада ядролық қарусыз зона орнату жөніндегі келісім африка елдерінің халықаралық және аймақтық қауіпсіздікті қалыптастыруға мүдделі екендігін дәлелдейді. Қаруды таратуды бақылауды қатаңтуға талпыныс өсуде және оның аса қауіпті түрлерін континентте таратуға тыйым салуға қол жеткізуге тырысып-бағуда. Осы тұрғыдан, Африка «ыстық пункттердегі» жағдайларды бағалау тек «афропессимизм» призмасы арқылы дұрыс емес болар еді.
Африка континентінде татулық орнатуда өсімді қарқындарға тән бейне – 90 жылдары Әлемдік Бірлестіктің, соның ішінде, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүше-мемлекеттерінің араласуы. Қуантарлық жайт: сол кезеңде БҰҰ татуластыру күшінің 40% Африкада әрекет етіп жатты. Қазіргі таңда Африка елдерінің өздерінің де реттеу мен татуластыру үрдісіне қатынасуға мүдделілігі байқалып отыр.
90 жылдардың ортасына таман Оңтүстік Африканың 12 мемлекеті саясат, қорғаныс, қауіпсіздік бойынша үкіметаралық консультациялық кеңес құрды. Орталық Африка мемлекеттері шабуыл жасамау жөніндегі пактіге қол қойды. ЭКОВАС-тың ұлтаралық әскери бөлімшелері бірнеше жыл бойы Либерияда орын тепкен.
Африкадағы халықаралық қатынастардың маңызды құбылысы болып ОАЕ-нің арнайы механизмінің құрыла бастауы саналады. Ол қақтығыстарды реттеу мен ескерту ісімен айналысуға арналған. 1993 жылғы Каирде болған ОАЕ Саммитінің құжаттары бойынша оның негізіне мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау принципі, территориялық бүтіндік және суверенитеттік сыйластық, қақтығыстарды келіссөздер арқылы реттеу, екіжақты консультация жатады. ОАЕ-нің жыл сайынғы арнайы татулық корпусқа бөлінетін сомасы да айқындалған. (1 млн доллар).
Аймақтық Қауіпсіздік жүйесінің контурлары әлі анық емес.
Оның келісімді құрылымы, БҰҰ-ның күшімен татулықты қолдау жөніндегі әрекеттердің критериі аморфтық мүсінде. Қадалатын мәселе африкалық татуласу үшін материалдық құралдардың жетіспеуі , ең бастысы, көптеген көрші мемлекеттер арасында өзара сенімсіздіктің болуы мен олардың көшбасшылары арасындағы амбициялар.
Осыған байланысты африкааралық татуластыру күштері ісі бойынша Африкаға халықаралық көмектесу актуалды болып отыр. Алайда, ол АҚШ пен Франция арасындағы екі түрлі көзқарас кесірінен тежеліп отыр. (Африка елдерінің екі ірі Батыс серігі)
Америкалық және францияның проблемаға қарым-қатынастарының айырмашылығы 1997 жылы Дакарда өткен халықаралық конференцияда айқын байқалды. Франция Батыс Африкадағы өзінің әскерінің сақталуын (5әскери база) қалайды және де субаймақтың 7 франкотілді елдерінің өкілдерінен құрылған ірі франциялық континенттің арнайы татулық корпусы (МАРС) қатысуымен дайындық өткізуді жөн санайды. Бұл жоспар басқаша конфигурациядағы татулық корпусын жасауды көздейтін америкалық жобадан ерекшеленеді (АСРК). АСРК құру үрдісі Сенегал мен Уганданың қарулы күштерінің батальоны бойынша дайындалған. Жуық арада оларға Гана, Малави, Мали, Тунис, Эфиопия батальондарын қосу жоспарланып отыр. Осылайша, континентте татулықты қолдау операцияларына африка мемлекеттерінің қатысу мүмкіндігі жөніндегі франциялық және америкалық ойлардың принципиалдық айырмашылығы болып бағыт табылады, бір жағынан субаймақтық, екінші жағынан – трансконтиненталдық масштабтарға бағыты.
Жағдайдың татулануы мен нормализациялануы Африка континентінде әлеуметтік және экономикалық жағдайлардың жақсаруының алдын ала шарты болып табылады. Сонымен қатар соғыс қақтығыстарын болдырмауға қатысты тиіпқаш оптимизм көбіне-көп соңғы кезде Африка мемлекеттерінің бірқатарына тән экономикалық өсудің басты көрсеткішінің жақсаруымен байланысты.
МВФ статистикалық мәліметіне сүйенсек, Африканың экономикалық өсуінің жылдық темпі: 1994 жылы – 2,9%, 1995жылы - 3%, 1996жылы - 5% құрайды. Басқа да дамушы аймақтардағы сияқты экономикалық өсім бөлек африкалық елдердің көрсеткіштерінің аса бірыңғай еместігімен байқалды. 10 ел 6% дәрежесінде не одан да жоғары %-ға жетті, ал 19 елде 3-6% шамасында ауытқып тұрды, 23-нде 0-3%-да болды. Үш жағдайда терісқай экономикалық көрсеткіштер тәлкіленді. Бірақ, жалпы алғанда, континенттің постколониялдық тарихында көп жылдан кейін бірінші рет экономикалық дамудың жалпы динамикасы үмітартарлық бола бастсды. Эксперттер Африка елдерінің экономикалық дамуына қатысты өздерінің болжамдарында өте оптимистік сыңай танытады. Бағалаулар бойынша Африка елдері ғасырлар тоғысында ІҰӨ-нің өсімін жылына 5-6% дәрежеде қамтамасыз ете алады.
Позитивті динамика фонында жалпы әлеуметтік – экономикалық дамудың критерийлері тұрғысынан айтарлықтай кемшіліктер баршылық, бірқатар Африка елдері қазіргі таңда нарықтық экономиканың негізін қалауды бастауда. Дәл осы елдерде экономикалық өсудің темпі халық санының өсуімен салыстырылады, экспорттың кейбір жерлерде пайда болуы байқалады, көршілерімен салыстырғанда инфляция көрсеткіштері айтарлықтай төмен.
Аса үлкен табыстарға кішкентай елдер қол жеткізді: Маврикий, Ботсвана, Сейшель аралдары, Свазилент, Лесото және т.б. Ірілеу елдер қатарынан Гананы айтуға болады: экономикалық өсу 4,7%-ды құрайды; Кот-д Ивуар 4,5%; Зимбабве - 4%. Сонымен қатар Африка елдерінің ең ірісі – Нигерияның экономикалық өсуі нашарлау (3,5%), ал екінші африкалық гигант – Заирдың экономикасы туралы айтып қажеті жоқ.
Африканың экономикалық даму темпі мен саяси тұрақтану перспективалары көбіне континенттің әр түрлі аймақтардағы интеграциялық үрдістің дамуына байланысты.
Тауарлардың, адамдар мен капиталдардың еркін орын ауыстыруына, транспорттық инфрақұрылымды жақсарту мен ортақ валюта енгізу жоспарларын өңдеуге бағытталған бұрын болған келісімдерді жаңарту мен жаңаларын жасақтау, әрине, Африка елдерінің ішкі нарығының пайда болуына және экспортта бәсекелесе алуына өз үлесін қосады. Ал сәтті экономикалық даму көптеген саяси келіспеушіліктерді де тоқтатудың негізі болады.
Қазіргі таңда интеграциялық үрдістер континенттің Шығысында, Батысында және Оңтүстігінде жанданды.1993 жылы желтоқсанда Кения, Танзания, Уганда арасында шығысафрикалық бірлесу келісімі жасалынды. Ол Шығыс Африкалық Бірлестіктің 16 жылдық үзілісінен кейін қайта құрылғандығын жария етті. 1995 жылы 20 жылдан астам уақыт бойы өмір сүріп келетін, ЭКОВАС-тың шығармашылығына жаңа импульс берілді, ол 16 аймақты біріктіреді. 1997 жылы мамырда Лусакада батыс және шығыс Африканың ( КОМЕСА) ортақ нарығының 19 елдің өкілдерінің саммиті өтті. Африканың оңтүстігінің (САДК) 12 мемлекетінің дамуының бірлесу конференциясы өз жұмысын жалғастырып отыр. 1994 жылдан бастап САДК мен ЕО арасындағы серіктестіктің жиілік негізінде пайда болған маңызды тенденция болып табылады. Ол аймақтық қатынастарды тоқтату, қылмыскерлік пен наркомафияға қарсы күрес, транспорттық жүйені дамыту, африкалық дипломаттарды дайындау және бұрынғы соғыс әрекеттері зоналарына қатысты проблемаларды шешумен айналысады.
Интеграциялық үрдістер Африканың әр түрлі аймақтарында әр түрлі жылдамдықпен жылжып келеді. Олар САДК шеңберінде сәттірек жасалады. Алайда барлық аймақтық бірлестіктердің ортақ мәселесі – олардың бағдарламаларының кәмелетсіздігі мен сыртқы инвестицияның жетіспеуінде жатыр. Соңғы кездері осы тұрғыда нақты өзгерістер анықталып отыр. Шекаралық ресурстарды көпжақты қолданысқа түсіру формаларын іздеуді жандандырумен қатар сыртқы инвестицияларды салдыруға қатысты қосымша қадамдар жасалды. 1998 жылы наурызда Аддис – Абебеде инвестициялар бойынша ірі форум өтті. 1998 жылы қазанда Токиода Африканы дамыту жөніндегі халықаралық конференция өтті. Оның нәтижесінде тек сыртқы ресурстардың физикалық көлемі үлкейіп қана қоймайды, сонымен қатар оларды қабылдаушы көздердің диверсификациясы болады.
Көрсетілген позитивті өзгерістер Африка елдерінің бір бөлігінің экономикалық дағдарыстан жайлап шығуының бастамасын меңзейді. Дағдарысқа қатысты әрекет етуші үрдістің кеңею перспективалары көп жағдайда Әлемдік Бірлестіктің активті көмегінің жалғасуына тәуелді.
Бұны түсіну Африканың сыртқы серіктестігінің стратегиясында маңызды роль ойнайды. 1996 жылы БҰҰ-ның Бас Хатшысы арнайы бағдарлама ұсынды. Оған сәйкес 10 жыл бойы бастауыш білім мен аурулардың алдын алу мақсатында континентке 25 млрд доллар бөліну жоспарланып отыр. Бұрынғыға қарағанда кішірек көлемде болса да, Африка елдеріне екіжақты қатынастар бойынша да экономикалық және гуманитарлық көмек көрсету сақталып отыр.
Алайда, Африканың экономикалық мәселелерінің халықаралық шешімін іздеуде басты рольді МВФ пен ВБ тұрақтандыру бағдарламалары ойнайды. Кейбір африкалық элитаның периодтық қанағаттанбаушылық танытуына қарамастан, МВФ пен ВБ ұсынып отырған құрылымдық қайтақұру принциптері континент елдерінде жасалып жатқан барлық экономикалық жандану мен дамудың ұлттық жобаның негізі болды.
1983 жылы МВФ ұсынысы қабылдаған қазіргі Гана олардың табыс көзінің мысалы бола алады. Алайда, бұл елдің экономикалық өсімі халық саны өсімін басып озуына 10 жыл кетті. Басқа сөзбен айтқанда, халықаралық қаржыландыру институтының африкалық бағдарламалары қазіргі құрылулардың қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді стратегияның жетекші элементі болып отыр. Олар бірқатар африкалық мемлекеттер тап болған әлеуметтік деградацияны тоқтатуға бағытталған инвестицияны реттеу мен аккумуляция орталығы ретінде қарастырады.
90 жылдардың екінші жартысында ВБ Африка елдеріне ұсыныстарын жасақтауға өз көзқарасын түзеп-бақты. Олар африкалық үкіметтердің қарсы талаптарын есепке алуды көп жағдайларда жасайды, бірақ сонымен қатар басты екпін эффективті және рационалды басқаруға бағытталған.
Атап кететін жайт, МВФ пен ВБ және басқа да Батыс серіктері тарапынан Африкамен бірлесе жұмыс жасауы барған сайын қатаң шарттармен қолданылып отыр. Әсіресе, халықаралық эксперттердің ойынша, континенттегі елдердің экономикалық өсімі қабылдаушы елдерге сырттан келетін көмек кемінде 10 жыл мерзімге кепілденсе және нарық негізінде экономикалық өсімнің жалпы стратегиясының бір бөлігі болса, осы жағдайда ғана континенттегі елдердің экономикалық өсімі жалғасуы мүмкін. Осылайша, мәселе тек бағыттар мен мақсаттар жөнінде ғана туындамайды, сонымен қатар құрылымдық құрылулардың темптері жөнінде де болып отыр. Ал кең тараптан алғанда, африкалық елдердің басқарушы ортасының саяси жауапкершілігінің сәтті өтуі жөнінде де мәселе бар.
Қазіргі Африкаға беріліп отырған халықаралық көмектің көптеген кемшіліктері бар. Оның өткені мен қазіргісі эффективті еместіктің мысалдарымен, қауіпті әлеуметтік қамсыздандырудың жоғарғы деңгейінде. Бірақ континентте орын тепкен дағдарысты жағдайда ол тупиктан шығатын жалғыз жол болып отыр.
90 жылдардың аяғына таман Африка елдеріне көрсетілетін халықаралық көмектің критикалық анализінің нәтижесінде Давоста Бүкіләлемдік экономикалық форумның эксперттері қосымша бірқатар ынта білдірді. Олардың көрсеткені - әсіресе, АҚШ пен Батыс Европа Африка тауарларына өз нарығын ашуы керектігі, ал донор елдер қаржылық көмек көрсету тәсілдерін қайта қарау керектігі. Әңгіме мәселені шешуге бағытталған ұзақ мерзімде ғылыми және технологиялық жобаларды қолдау жөнінде болып отыр. Әсіресе, Африкаға байланысты мәселелерді:тропикалық аурулар, қоршаған ортаны қорғау, ауыл шаруашылығы және тағы да басқа.
Африкадағы экономикалық жағдайлармен тығыз байланысты қазіргі халықаралық қатынастардың тағы бір мәселесі – қарыздық міндеттемелер тағдыры болып отыр. Оларды Африка елдері 70-80 жылдары өз мойнына алған еді. Африканың жалпы қарызы 90 жылдардың ортасына таман 322 млрд-қа жетті, ал оны өтеу қарыздар елдердің көбі үшін ауыр еді, олар өздернің сыртқы қарызына 20-30% экспорттық табысты жұмсайды.
Африка елдерінің және кейбір басқа мемлекеттердің өз қарыздарын кешіруге немесе ұзақ мерзімге созуға деген талпынысына қарамастан, ең алдымен ВБ мен МВФ алдындағы міндеттері бойынша халықаралық кредиторлар оларға рұқсат етпеді. Қазіргі таңда ВБ африкалық елдерге қарызды өтеудің 25-30% көлемінде экспорттан келген шектеу қоюы мүмкін. Мысалы, Кот-д Йвуар экспортынан 40% қарыз өтеліп отырса, ал Мозамбикте сыртқы қарыз елдің экспортынан 14 есе көп.
Халықаралық Қаржы Институтының Африка қарызы мәселесіне көзқарасының қаталдығының тек экономикалық аспектісі емес, сонымен қатар аса белгілі емес жағы да бар. Осылайша, донорлар реформаның жүзеге асырылуының нақты бақылауын орнатып отыр, ал, ең бастысы, олардың ойынша, қажет емес деп есептеген бережақ елдердің шығындарына шектеу қойып отыр. Африка елдерінің тұрақсыз мемлекеттік құрылымдарына қандай да бір шетелдік қамдандыруды орнату туралы ешқандай сөз бола алмайтын жағдайда, көптеген жергілікті алынатын субсидияларды жұмсауға элиталар мемлекеттік емес көзқараста отыр.
Ең айқын мысал болып Африкадағы әскери шығындардың тез қарқынмен өсуі табылады. Орта есеппен алғанда Африка елдері осы уақытқа дейін әсери шығындарға жылына 15 млрд доллардан астам жұмсап келеді. Осы ассигнованиелердің 2/3-і Египет, Ливия мен ОАР үлесіне келсе де, ірі әскери бюджетті экономикалық жағдайда саяси қатынас жағы да тұрақсыз Алжир, Марокко, Ангола, Эфиопия және Нигерия иемденді. Континенттің 12 мемлекеті әскери қажеттілікке ІҰӨ-нің 5%-нан астамын жұмсаса (НАТО мүшелерінің ішінде ондайлар 4 ғана), ал Ливия, Ангола, Марокко, Кабо-Верденің әскери бюджеті, тіпті, ІҰӨ-нің 12%-нан астамын шығындады.
Әскери шығындар Африканың онсыз да шектеулі қаржы ресурстарын жұтып отыр. Бір африкалық сарбазды қамсыздандыру 364 адамның емделуіне, білім алуы мен әлеуметтік қамсыздандырылуына тең келеді. Осы әскери шығындар Африканың сыртқы қарызының өсуінің ең басты себептерінің бірі болды.
Осы тұрғыдан алғанда, Африкалық қарыз мәселесінің шешуін қосымша жұмыстар негізінде, бережақтардың осы мәселеге дифференциялды көзқарасы мен барлық шетелдік кредиторлардың мүддесіне сай табуға болады.
Қазіргі таңдағы халықаралық қатынастардағы Африканың роліне мінездеме жасау үшін ірі Батыс елдерінің континенттегі қырғи-қабақ соғысының аяқталғаннан кейінгі мәселеге қатысты саясатының кейбір ерекшеліктерін атап өту қажет.
Жаңа Африкалық стратегияны мойындауда АҚШ «пионер» болды. 90 жылдардың бірінші жартысында диктаторлық режимнің бірқатарына американдық көмек жасалды (Либерия, Судан, Заирге), Ангола, ОАР, Мозамбикте ұлттық татуласу үрдістері қолдауға ие болды. Сонымен қатар АҚШ бірінші орынға сыртқы саясатта экономикалық приоритеттерді қоюға және Африка континентінде американдық корпорацияның орналасуын кеңейтуге бағышталды. Осыған байланысты Америкалық дипломатия Африка елдеріндегі демократиялық жетістіктерді қарастыра бастады (формальды антикоммунистік көзқарастарға байланысты емес, экономикалық өсу мен тұрақты даму бағытына байланысты). Сондықтан өткен кезеңмен салыстырғанда американдық тарап бұл проблемаларды шешуге әр африкалық мемлекеттің үлкен спецификалық есебінен қатынасуға талпынады.
АҚШ-тың африкалық бағыты және олардың жаңа көзқарастары Ұлыбританияның тарапынан қолдауға тап болды.
Сонымен қатар Францияның Африкадағы саясаты ерекше спецификамен ерекшеленді. Францияны оның бұрынғы африкалық отарларымен байланыстырған мәдени, экономикалық және қаржы салаларындағы «ерекше қатынас» жүйесінің баяу құлдырауына қарамастан, «франк зонасына» кірген батыс-африкалық елдердің бюджетін субсидиялау 1995 жылы тоқталғанына қарамастан, басқа Батыс елдерімен салыстырғанда, Франция Африкадағы тікелей орналасу бойынша ең үлкен дәрежені сақтап отыр.1998 жылы Парижде өткен 20-шы афро-француздық саммит континенттің 9 мемлекетінің жетекшілерінің басын қосты.
Алайда, 90 жылдардың ортасында кейбір халықаралық бақылаушылар Қара Африкадағы франко-американдық бәсекелестік туралы айта бастады. Демократиялық және нарықтық реформалардың форсирлі өтуіне АҚШ-тың бекітуі Францияның өзінің Африкалық серіктестерімен компромисске дәстүрлі икеміне ұшырады.
Маңызды, кейде, тіпті, басты ролді бұл қиылыста әсіресе мұнай саласындағы экономикалық мүдделер ойнады. Француздық «Эльф-Акитэн» компаниясы мен Конгодағы америкалық «Оксидентал петролеум», англо-голландық «Шелл» мен Габондағы «Эльф-Акитэн» Анголадағы америкалық және француздық мұнай компанияларының арасындағы үйкелістер Африкадағы бәсекелестіктің жаңа конфигурациясы пайда болады деген қауіп туғызды.
Африка континентінің мәселесіне қатысты америкалық-француздық келіспеушіліктің мағынасын еш асыра-сілтеп айтуға болмайды. Сөз Африканың басты Батыс серіктерінің стратегиялық бірлігінің бұзылуы жөнінде емес, басқарушы ортасының бөлігінің асимметриялық мүдделеріне шарттанған тактикалық келіспеушілік туралы болып отыр. Сараман көрсеткіші бойынша, Африкада және басқа да «Үшінші әлем» аймағында Батыс державаларының жетекшілігі халықаралық қатынастардың басты мәселесіне біржақты көзқараста.
№ 17 дәріс
Достарыңызбен бөлісу: |