Тарих және құқық факультеті деканы


Ерікті шаруаның күзеліп тәуелділікке түсуі



бет58/148
Дата05.02.2022
өлшемі3,96 Mb.
#23020
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   148
Ерікті шаруаның күзеліп тәуелділікке түсуі.
Ірі жер иеленудің өсуі жер иелерінің жеке билігін күшейтті. Экономикалық жағынан әлденген жер иелері қауым бостандығы мен ерікті шаруа бостандығына қол сұға бастады.
Энгельс былай дейді «ерікті франк шаруасы біреудің қарауына түспестен бұрын, олар түрлі жолдармен аллодынан айырылып жерсізденген ерікті франктер табы құралуы керек. Бұл тап жердің бір қолда шоғырлануы нәтижесінде қалыптаса бастады».
Алодынан айырылған шаруа жерін ірі жер иеленушіге беріп қана қоймай, оған өзінің жеке басыда кіріптарлыққа түсе бастайды, яғни бас еркіндігінен айырылады. Оның басқа амалы жоқ. Жерінен айырылған шаруалар қайда барды? Қалалар, дамыған қолөнер жоқ. Сол кездегі жазылған грамотада былай делінген: «Күн көруден, тамақ ішіп киінуге жағдайым жоқ, сондықтан мені сіз қарауыңызға алып, жеке басыммен не істесеңіз де өз еркіңізде».
Энгельс «Бұрын тек экономикалық жағынан кіріптар, ал юридикалық жағынан өз вотчиниктерімен тең правалы шаруалар енді права жағынан да оларға тәуелді бола басатды» дейді.
Күйзелген шаруа,көршісінен қысым көрген шаруа, енді сол құдыретті көршісіне тәуелділікке түсті, яғни коммендация қатынасына енді. «Өздерін көрші қарауына берді». Коммендация қатынасына түскен шаруа ең алдымен жер қатынасы жағынан тәуелділікке түссе, мүлде жер жоқтары үшін, бұл толық жеке бас тәуелділігіне түсу болды. Ірі жер иелшенушілер өздерінің жеке биліктерін күшейтті, яғни экономикадан тыс қанау келіп шықты.
Сонымен ірі жер иеленудің қалыптасу процессі шаруалардың тәуелділікке түсуімен қатар жүрді. Алайда феодализмнің бұл процессі бастапқы стадияда ғана болды да, негізгі шаруашылық ұйымы-қауым-марка болды.
Жерге феодалдық меншік тек ҮІІІ-ІХ ғ.ғ. аграрлық төңкеріліс жағдайында үстем болды. Жерге феодалдық меншіктің қалыптасуына шаруалар қарсылық көрсеткенімен бұл процесті тоқтатуға қабілетсіз болды.
ҮІІ ғасырдан бастап Франк қоғамының Королинг дәуірі деген тарихи кезеңі баталады. (ҮІІғ.-ІХ ғ.ортасы). Міне осы Королинг дәуіріндегі аграрлық төңкеріліске тоқталамыз.
Аграрлық төңкерілістің мәнін Энегельс ерікті қауым мүшелерінің күйзелуі негізінде ірі жер меншігінің тез қалыптасып, ерікті шаруалардың тәуелді, содан кейін крепостнойға айналуы деп түсіндіреді. Бұл екі жақты процестің басын Энгельс аллодтың шығуымен байланыстырады. «Ірі жер иеленушіліктің қалыптасуы енді тек уақыт мәселесі ғана болды» дейді. Бұл процесс Меровингтер дәуірінде басталды, бірақ ҮІІІ-ХІ ғ.ғ. ерекше тез жүре бастады. Неліктен ерікті франктің жерінен айырылуы барысында феодалдық қатынас орнады?. Былай қарағанда осындай тікелей өндірушінің жерсізденуі өз кезінде құл иеленушілік қоғамды, кейін капиталисік қоғамды туғызды.
Бұл сұраққа тоқтала келе Энгельс ҮІ-ҮІІІ ғ.ғ. өндіргіш күштердің даму дәрежесі басқа өндірістік қатынастарды емес, тек қана феодалдық қатынастарды туғызады дейді. Энгельс бұл кезеңде өндірістің негізгі саласы егіншілік пен мал өсіру болды. Жерге және оның өніміне ие болу байлықтың негізгсі. Яғни жер байлық көзі. Өнеркәсіппен сауда Римнің империя дәуірінде құлдырап, варвар шапқыншылығы нәтижесінде мүлде жойылды.
Энгельс сондықтан «мүліктік жіктеліс барысында қалыптасатын үстем тап тек ірі жер иелері ғана бола алды, мемлекеттің саяси формасы аристократиялық құрылыс болды».
Т.21 497-498.
Ерікті қауым мүшелерінің жерсіздену процесі барысыда тәуелді шаруа тобы қалыптасты. Себебі Энгельс «Орта ғасырда федалдық қанаудың негізгі көзі халықты жерден босату емес, қайта оларды жерге бекіту болды» дейді.
Т. 21-349 бет.
Шаруалар өз жерлерінде отыра берді, бірақ крепастной немесе тәуелді шаруа есебінде отырып, жер иесіне не азық-түліктей, немесе жұмыс формасында салық төледі. Олай болса аллодтан айырылу дегенді былай түсіну керек. Олар аллодқа меншік правосынан айырылды, бірақ сол жерден қуылмады.
Олар енді жер меншік иелеріне емес, жер ұстаушыға айналды. Сондықтан Энгельс тәуелділіктің көзі-шаруалардың үлес жерге меншік правасынан айырылуы дейді. Энгельс алғашқыда шаруалар тек жер тәуелділігінде болды дей келе, олар енді жеке бас бостандығынан айырылып, бара-бара крепостнойға айналды дейді.
Қоғамда екі таптың қалыптасуы феодалдық меншіктің формаларының өзгеруіне алғы шарт болды. Аллодттық меншік енді жетілген феодалдық меншікпен ауысуға тиісті болды. Күйзелген шаруалар енді жасақ қатарында қызмет ете алмады. Сондықтан әскери күшті қайтадан құру қажеттілігі шықты. Ол қажеттілік Карл Мартельдің «бенефиция реформасы» барысында шешілді. Бенефиция процесі феодалдық процесті одан әрі тереңдете түсті. Егер бұрын король, немесе ірі тиагнаттар жерді шартсыз сыйлыққа берсе, жер иеленудің «бенефиция» деп аталатын шартты түрі шықты. Бенефиция өмірлікке әскер қатарында қызмет атқару шарты негізінде берілді. Егер бенефицияны алушы өлсе, онда бенефиция жері жер иесіне қайтадан қайтарылды. Яғни бенефиция мұраға қалдырылмады.
Бірақ бара-бара бұл шарт өзгерді де ІХ-Х ғ.ғ. бенефиция мұраға қалдырылатын жерге айналып феод (лен) белгілеріне ие болады.
Бенефиция реформасының салдарлары.

    1. Бенефиция реформасы орталық үкіметті нығайтты. (Бұл бізге онша қажет емес).

    2. Бенефиция реформасы ұсақ және орта дәрежелі феодалдар тобын қалыптастырды (Әскерде қызмет атқаратындар). Ал бұрын жасақта үлкен роль атқаратын франк шаруасы негізгі әскери күш болудан қалды.

    3. Бенефиция реформасы феодалдық жер иеленуді нығайтып, шаруаларды одан әрі кіріптарлыққа түсірді. Бенефиция алғандар осы жерде отырған шаруаның «сеньорына» айналды.

    4. Экономикалық билік саяси билікті күшейтті. Вотчиник сеньорға айналды, отырған шаруа-оның адамына (подданый) айналды. Еріктілердің бас бостандығы жойылады, ерікті тәуелді адамға жақындай түседі.

Вассалдық қатынас келіп шығады «Менің вассалымның вассалы менің вассалым емес».
Ф. Энгельс Бенефиция реформасын аграрлық қатынастағы түбірлі төңкеріліс болды дейді.
19 том.499 бет.
Сонымен бенефиция реформасы Франк мемлекетінде феодалдық қатынастарды одан әрі тереңдетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет