Тарих және құқық факультеті деканы


«Егіншілік заңы» бойынша Византияның аграрлық құрылысы



бет66/148
Дата05.02.2022
өлшемі3,96 Mb.
#23020
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   148
«Егіншілік заңы» бойынша Византияның аграрлық құрылысы.
(ҮІІІ-ІХғ. І-жартысы.)
Әдебиет. Е.Э. Липшиц «Очерки истории византийского общества и культуры ҮІІІ-І-половине ІХ в». М-Лен., 1961 ж.
ҮІІІ-ІХ ғ.ғ. Византияның аграрлық құрылысын түсіну үшін біз өз назарымызды Византияның ІҮІ ғ.ғ. аграрлық құрылысының даму ерекшеліктеріне аударуымыз керек.
Сонымен ІҮ-ҮІ ғ.ғ. аграрлық құрылыс ерекшеліктері.
Батыспен салыстырғанда

  1. Ауыл-шаруашылық өндірісінің жоғары дәрежелі болуы. Себебі ? Шығыс Рим империясының құрамына ежелден егіншілік мәдениеті тараған елдер кірді. Бидай өсіру кеңінен өрістеді, кей қолайлы кезеңдерде жылына 2-3 рет өнім жиналатын. Египет, Шығыс Сирия сияқты империяның оңтүстік-шығыс провинцияларында ауыл-шаруашылығында суландыру жүйесі жетілді, үлкен роль атқарды.

  2. Византия аграрлық құрылысының екінші ерекшелігі Батыспен салыстырғанда ірі жеке шаруашылықтың латифундиялық типтегі шаруашылықтың баяу дамуы болды. Ірі жер иелену масштабы Батысқа қарағанда әлдеқайда төмен болды.

  3. ІҮ-ҮІІ ғ.ғ. ерікті шаруа шаруашылығының кеңінен тарауы Византия аграрлық құрылысының үшінші ерекшелігі. Міне осы жоғарғы аталған факторлар Византия ауыл-шаруашылығының тұрақты дамуының негізіне айналды, орта қолды қожалықтардың құлдырауын тежеді.

ҮІІ ғ. әлеуметтік, саяси өмірде маңызды өзгерістер болды. Халық бұқарасының қозғалысына ұласқан варвар-славян тайпаларының басып кіруі құлиеленушілік типтегі ірі шаруашылықтардың жойылуын тездетті. Жергілікті ерікті село қауымдары мен славян қауымдары үлкен маңыз ала бастады. Осы қауымдар ыдырау негізінде құлиеленушілік өндіріс феодалдық формамен ауысты. Сақталып қалған ірі құлиеленушілік шаруашылықтар жаңа жағдайға бейімделді. Қалай ? Өз шаруашылықтарында құл еңбегін пайдалануды қысқартып, шаруашылықты тәуелді халықтың түрлі категорияларының еңбегі негізінде жүргізді.
Балқан түбегіне келіп қоныстанған славян тайпалары өздерімен бірге ерікті село қауымын ала келіп, жергілікті византиялық шаруа қауымын қайта жандандырды. Сондықтан ҮІІІ-ІХ ғ. Византия деревнясы ерікті село қауымының үстем болуымен сипатталады. Міне осы қауымның ыдырауы феодалдық қатынастарды туғызды. Бұл мәселені түсінуде бізге «Егіншілік заңы» деп аталатын тарихи құжат үлкен мәлімет береді.
Бұл не құжат ? Бұл құжат мәліметі бойынша Византияның әлеуметтік-экономикалық тарихы қандай ?
Византияның әлеуметтік-экономикалық тарихы үшін деревнядағы құқық қатынастарын реттейтін қысқаша юридикалық жинақ-«Егіншілік заңының» маңызы зор. Бұл заң бірнеше қолжазба түрінде бізге жеткен. Ең көнесі ХІ ғ. жазылған. Кейінгі тарихи кезеңдерде де бірнеше аудармалар пайда болды. Бұл құжаттың жазылу кезеңі, орны туралы мәселе үлкен ғылыми дискуссия мәселесіне айналды. Атақты тарихшылар Василевский, Вернадский, Е.Э. Липщиц бір пікірге келе алмады. Жазылу орны туралы да талас бар. Мысалы, Ф.И. Успенский бұл славян құжаты деген пікір айтты. Бірақ құжатта бірде-бір славян тілінде терминнің кездеспеуі, оның пікірін, болжамын жоққа шығарады.
Бұл құжат жөнінде көптеген т.б. талас мәселелер бар.

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет