Тарих және құқық факультеті деканы


Сонымен Шығыс Рим империясының даму ерекшеліктері



бет65/148
Дата05.02.2022
өлшемі3,96 Mb.
#23020
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   148
Сонымен Шығыс Рим империясының даму ерекшеліктері.

  1. Экономикалық дамуы. Энгельс Сауда мен қолөнер ежелден Батыс империясының үлесіне тиген кәсіп болмады, олар Шығыста дамыған шаруашылық түрі болатын. Егер Рим бір кезде өрлеген болса тек өсімқорлықпен ғана өрлеген еді. Сонымен Батыспен салыстырғанда Шығыс Рим империясының әлеуметтік-экономикалық дамуының ерекшелігі бұл ауданда товарлы өндірістің елеулі табысқа жетуі болды. Жүн, жібек маталарын тоқу өрістеді. Сән- салтанат бұйымдарын, шыныдан, папирустан бұйым шығару ісі дамыды. Шығыста ірі-ірі қалалар болды. Константинопольден басқа Антихония, Александрия, Эдгес, Никея, Коринф, Фессалоника гүлденген қалаларға айналды. Сауда, тығыз экономикалық байланыстар, гүлденген қала өмірі Шығыс Рим империясын іштей бекітті.

  2. Шығстағы құлдық, батыстағыдай ешуақытта да классикалық формаға ие болмады. Жерге отырғызылған, қожайын шаруашылығында жұмыс атқармайтын белгілі-бір шаруашылық бостандығымен пайдалаған құлдар өмір сүрді. Еңбек өнімділігін анықтайтын, форма-құл еңбегі емес еді. Шаруа қауым мүшесінің еңбегі кеңінен пайдаланылды. Сондықтанда құл еңбегі бірден-бір негізгі өндіруші еңбек болмады, осыған байланысты құлиеленушілік құрылыс дағдарысы да Батыстағыдай терең болмады. Құл еңбегі де дағдарысқа ұшырады, бірақ оның орны ерікті шаруалар еңбегі есебінен толықтырылып отырды.

  3. Қолөнер, сауда шоғырланған үлкен қалалар Шығыс империяны экономикалық жағынан бекітті. Саудадан, қолөнерден түскен табыстарды императорлар жалдамалы әскер ұстауға жұмсады, мемлекеттің басқару аппараттарын ұстауға жұмсады. Тұрақты әскер империяның шекараларының қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Қалаларда қолөнершілер, магистраттар тобы болды. Магистраттар күшті король билігі қол астында болды. Яғни король билігінің берік әлеуметтік, экономикалық тірегі болды.

  4. Византия қоғамының идеологиялық, әлеуметтік-экономикалық өмірінде христиан шіркеуі үлкен роль атқарды. ІҮ ғасырға дейін қудаланған христиан діні, енді үстем идеологияға айналып, Византия мемлекетінің одақтасына, тірегіне айналды.Шығыста христиан шіркеуі император билігімен тығыз байланыста болды. Үстем құлиеленуші таптың мүддесін қорғай отырып, Византия шіркеуі құлдық жүйесіне қарсы болмады. Әрине христиан шіркеуінің роліне үлкен, маңызды мән бермеу керек, бірақ мүлде ескермеуге де болмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет