Қауымға сипаттама. Византияда қауымы көршілік қауым марка болды. Бұндай қауымда егістік жер, бау, жүзімдіктер қауым мүшелері арасында бөлініп, жеке меншікке айналған. Ал жайылым, орман, өріс далалары қауым мүшелерінің ортақ меншігінде.(№1,2).Қауым мүшелерінің мемлекеттен басқа қожайны жоқ. Мемлекетке экстраордина деп аталатын алым-салық төлеп отырды.
Қауымдық меншіктен бөлініп шыққан үлес жерлер шаруалардың жеке меншігіне айналды. «Егін заңы» оларды «егістік дала қожайындары» дейді.\ 45 ст. Византия деревниясында жер жүйелі түрде қайта бөлініп отырмады. Өз үлестерін шаруалар ор қазып, шарбақпен қоршап өздерінің тұрмыстық қажеттеріне байланысты өнім шығарып отырды.
«Егіншілік заңында» жерді сату немесе сыйға тарту туралы статья жоқ. Бірақ 16-статьяда «жердің әділ бағасы» деген түсінік бар. Аренда туралы мәлімет жерге-егістік жерге жеке меншік болғанын дәлелдейді. Алайда жеке меншіктегі үлес жер, толық меншікке айналған ба ? Мысалы көрші адамдар бақ, жүзімдіктер даласына емін-еркін кіріп қажетінше тамақтана алады, бірақ өзімен бірге өнімді алып кетуге құқығы жоқ. (61 статья). Бұл әрине жай кездейсоқ жағдай емес. Византия шаруалары басқа адам жерінде шөп оруға, ағаш кесіп, отын жинауға құқығы болды. Сондықтан да «Егіншілік заңы» бойынша меншік құқығына қол сұққанға қатал жаза қолданбайды. Мысалы: 20 статья. «Егер шаруа өзге адамның жерін оның ұлықсатынсыз өңдесе немесе ағашын кессе, тек қана өз еңбегінің нәтижесінен айырылады».
Ал «Салий ақиқаты» бойынша бөгде адам жерін жыртқаны үшін штраф төлейді. Статья 24-25 (49-бет).
Византия қауымы өз-ара туыс бірнеше жанұялардан тұрлы. Тіпті бөлініп шыққан кіші жанұялар ұзақ уақыт қауым мен байланысын үзбеді. Әрине бұның бәрі рулық құрылыс қалдықтары болып саналады. Рулық құрылыстың қалдықтарының бұлай сақталуы империя территориясында варвар тайпаларының, ең алдымен славян тайпаларының таралуының нәтижесі. Дегенмен бұндай рулық құрылыс белгілеріне қарамастан византия шаруалары жеке меншікті өте жақсы білді. Жеке меншік жаңа құбылыс ретінде айқын байқалды.