Исавр династиясының басқаруы ҮІІІ ғ. бастап Византия берік мемлекетке айналды. Бұның екі себебі бар: (орталықтанған).
Маңызды сауда, су жолында орналасқан Константинопольмен бірде-бір провинция қалалары бәсекеге түсе алмады. Император сарайы провинция ақсүйектерін өзіне тартты. Егер провинция қалалары тәуелсіздікке ұмтылса, Константинополь орталықтандырудың басты орталығына айналды.
Село аристократиясы мемлекеттік аппараттың бекуіне мүдделі болды. Сеньориалдық қанау формалары жаңадан ғана қалыптасып, феодалдық институттар жаңадан ғана пайда бола бастап, село шаруалары маңызды әлеуметтік күш болып тұрғанда село аристократиясы село қауымына тек мемлекеттік аппаратқа сүйене отырып үстемдік жүргізе алатын еді.
Феодалдану процесінің басталуы, терең әлеуметтік-экономикалық өзгерістер Византия мемлекетінің әкімшілік басқармасын қайта құруды қажет етті.
Міне осындай қайта құрулар Исавр династиясының негізін салған (717-867) император ІІІ Лев Исавр тұсында жүзеге асты. (717-741).
Исавр тұсында бүкіл империя әскери окруктерге-фемдерге бөлінді. Фемдік реформаның мақсаты:
Көшіп келіп қоныстанған славяндарды әскери мақсатқа пайдаланып, жалдамалы әскерді жасақтауға мүмкіндік туды. Көшіп келіп қоныстанған славян, армян, сириялықтар әскердің негізгі ядросына айналды. Міне осылар мен ерікті шаруалардан ерекше әскери сословье-стратиоттар құрылды. Стратиоттар фем әскерінің негізі. Фем басында командир-стратиг тұрды. Фемдегі бүкіл әскери, азаматтық билік осы стратиг қолында болды.