Оттон І-нің епископтық саясаты. Сыртқы жаумен жүргізілген күрес жеңістеріне қарамастан король үкіметінің жағдайы әлі берік болмады. Тайпалық герцоктер король үкіметінің елді орталықтандыру саясатына үнемі қарсылық көрсетті. Олар Генрих І-нің герцоктіктердің ішкі ісіне қол сұқпауын талап еті. Оттон І герцоктердің осындай әрекетіне тежеу салғысы келген кезде, герцоктер көтеріліс шығарды. Герцоктердің сепараттық тенденцияларын тежеп, король үкіметінің беделін нығайту үшін жергілікті жерде король үкіметінің саясатын жүзеге асырып отыратын мықты басқару органдары қажет болды. Бұл міндетті Оттон І шіркеумен одақтаса отырып шешпекші болды. Оттон І шіркеулік саясатының мәні-шіркеуге өзіне қызмет істеттіру болды. Шіркеу мен Оттон І одағының материалисттік базасы.Оттон І тұсында шіркеуге үлестірілген орасан зор жериеліктері болды Шіркеуге жер бере отырып, осы жердегі барлық саяси правалар билігінде берді. Сөтіп шіркеу ірі феодал ипиунистіге айналды. Шіркеу иммунитетінің шеңберінде шіркеу сотынан басқа сотқа тыйым салынды. Шіркеу қолында осындай кең правалар берген Оттон І-нің шіркеулік саясатының нәтижесінде шіркеу мемлекеттің маңызды атқару органына айналды.
Екінші жағынан Оттон-І шіркеуді король тағына байлап, оны өз үкіметінің құрамына айналдырмақшы болды. Барлық епископтық, аббаттық қызметкерді корольдің өзі сайлап отырды. Дін иелері тек ұсыныс жасап отырды, ал король өз қолымен тағайындады.