Тарих және құқық факультеті деканы


Х ғ. Герман феодалдық мемлекеті



бет77/148
Дата05.02.2022
өлшемі3,96 Mb.
#23020
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   148
Х ғ. Герман феодалдық мемлекеті.
911 жылы Королингтер династиясынан кейін тайпалық герцоктерінің бірі Конрад І-Франконский король болып сайланды. Конрад-І тұсында король үкіметі мен герцоктер арасында қайшылықтар күшейіп, король жеңіліс табады. Конрад-І өлгеннен кейін тайпалық герцоктер арасындағы қырқыс-талас нәтижесінде 919 жылы Генрих Саксонский билікті жеңіп алады.
Алайда осындай сепараттық тенденцияға қарамастан король үкіметінің нығайуы үшін обьективті себептер болды.

  1. Ең алдымен елде феодалдық процестің әлі толық аяқталмауы болды. Көптеген орта және ірі дәрежелі аллодистер қауымдық жерді басып алып, ерікті қауым мүшелерін бағындыруда мықты король үкіметін қажет етті. Шіркеу мен моностырлардың өз иеліктерін кеңейту үшін де оларға король үкіметі қажет болды.

  2. Екінші жағынан Германияның саяси жағынан бірігуі сыртқы қауіпке байланысты болды. ІХ ғ. аяғында Германияға нормандар, ал Х ғ. басынан венгерлер қауіп төндірді. Бұл тайпалардың атты отрядттары Германия территориясына тұтқиылдан шабуыл жасап, елді тонап кетіп отырды.

Саксон династиясының (919-1024) короьдері тұсында, осындай обьективтісебептерді пайдалана отырып бұл династия өкілдері Генрих І және Оттрн І тұсында ерте феодалдық Герман мемлекеті құрылады. Саксон корольдерінің елді біріктіруде үлкен роль атқарғаны мына жағдаймен түсіндіріледі. Саксониядағы феодалдық процестің ерекшелігі болды. Бұнда ұзақ уақыт орта және ірі аллодитер саны көп болды да, олар король үкіметінің күшейуін қолдап отырды. Генрих І өз қол астына 7 герцокті біріктірді. Франциядағы феодалдық қырқысуларды пайдалана отырып, өзіне Лоторингияны қосып алды. Венгрлерге қарсы соққы беріліп, оларды 955 жылы талқандап, жорықтарын тоқтатты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет