ІХ-ХІ ғ.ғ. Германия, Италия және Папалар. Х ғ -ХІ.ғ. басында Францияда негізінен феодалдық қатынастар қалыптасқан болса, Шыығыс Франк
мемлекетінде феодалдық қатынастар жаңадан қалыптаса бастады.
Бұлай кеш қалыптасуының себептері неде ?
Алғашқы қауымдық құрылыс ыдырауына Рим құлиеленушілік қатынастары елеулі әсерін тигізе қоймады.
Х-ХІ ғасырларда селолық қауымның іштей терең жіктелу процесі басталды, қауым жері басып алынып ерікті қауым мүшелері тәуелді егіншілерге айналды. Барлық жерде жаппай вотчиналар қалыптасты. Негізгі тап ретінде ірі жер иеленушілер мен феодалға тәуелді крепастной шарулар бой көрсеткені мен әлі де феодалдық қатынасқа тартылмаған ерікті қауым мүшелерінің біраз бөлігі сақталып қалды.Село қауымы ішінде орта және ірі дәрежелі аллод иелері бөлініп шықты. Олар өз жерлерін ішінара тәуелді адамдар күшімен өңдеп отырды. Бірақ бұл аллод иелері әлі де толық дәрежедегі феодал иелеріне айналмады. Қалай түсінуге болады. Тәуелді шаруалар еңбегін қанау бұлардың шаруашылығының негізі болмады.
Феодалдық қатынастың жете дамымауы саяси ұйымға әсерін тигізді. Ірі магнаттар мен шіркеу қолында әлі де экономикадан тыс зорлау аппараты болмады. Көптеген аудандарда ескі рулық сот, әскери ұйымдар сақталды. Феодалдық басқыш (иерархия) қалыптаспады.
Феодалдық қатынастың жете дамымауымен байланысты Германияның
Қожайын жері-доменалдық бөлігі.
Шаруа жері-үлес жер. Үлес жерлер Батыс Европа тарихында мансылар деп аталған. Шаруашылық сипаты жағынан королинг поместьесі натуралды сипаттағы шаруашылық. «Поместьелер туралы капитуляриде» бірнеше рет поместье өндіретін өнім тек король семьясының мұқтажын өтеуге арналған деп бірнеше рет айтылады.
Шаруашылықтың натуралды сипаты немен түсіндіріледі.?
Өндіргіш күштер дәрежесі өте төмен.
Қол өнермен ауыл шаруашылығы жеке сала болып бөлінген жоқ, яғни қоғамдық еңбек бөлінісі пайда болған жоқ. Бірақ королинг дәуірінде мүлде сауда болған жоқ деп айтуға болмайды. Сауда жүргізілді, тіпті сауда жәрмеңкелері , базарлары болды. Бірақ сауда сипаты қалай болды ? Сауда байланыстары вотчинаның шаруашылық өмірінде үлкен роль атқарған жоқ, негізінен кездейсоқ артық қалған өнімдер сатылып, вотчинаның өзінде өндірілмейтін: тұз, шарап, кейде қару-жарақ, сән-салтанат сияқты бұйымдар сатылып алынып отырды. Королинг империясының жеке аудандары арасында тұрақты сауда болмады.
Сыртқы сауда туралы елеулі ештеңе айтуға болмайды. Деректер мәліметі негізінде австрия ғалымы Допштың, немесе кейін Допш теориясын жақтаған Д.М. Петрушевскийдің Королинг дәуірінде вотчина товарлы товарлы вотчина «тіпті капиталистік шаруашылық» деген теорияларының негізсіз екенін дәлелдеді.