ҮІІІғ.-ІХ ғ. І-жартысындағы Византиядағы халық бұқарасының көтерілісі. Феодалдық жериеленудің өсуі, шаруалар бостандығының қысымға алынуы-тап күресін шиеленістірді. Осындай тап күресінің мысалы ретінде павликиандардың халықтың-еретикалық қозғалысын айта аламыз. Павликан деген сөз «Послание апостола Павла» деген діни уағыздан шыққан. ҮІІ ғ. Арменияда пайда болып, кейін ҮІІІ-ІХ ғ.ғ. Кіші Азияға тараған еді. Павликан ілімі ересь формасына ие болды.
Шіркеу ең ірі жер иеленуші болатын, сондықтан қаналушы бұхара ең алдымен шіркеуге қарсы шықты.
Шіркеулік ілім-бұл ресми идеология. Бұл идеологияға қарсы, яғни анти шіркеулік идеология-ересь формасына ие болады.