Тарих және құқық факультеті деканы


Византиялықтардың әлеуметтік структурасы



бет69/148
Дата05.02.2022
өлшемі3,96 Mb.
#23020
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   148
Византиялықтардың әлеуметтік структурасы.

  1. Негізгі әлеуметтік-экономикалық категория-ерікті қауым мүшелері. Георги-қауымның толық құқылы мүшесі.

  2. Мүліктік жіктеліс процесі байқалады. Георгтермен қатар-мүліксіз апорлар қалыптасты. Кімдер? Шаруашылығы күзелген, жер участогін ауқатты қауым мүшесіне беріп, басқа жаққа кәсіп іздеп кеткендер. Басқа жерлерде оны не күтіп тұр ? Византия қауымының томаға-тұйық, берік болуы нәтижесінде, басқа жерге келген апор, жаңа қауымға мүше болып, үлес жер ала алмады. Византия қауымы (герман маркасы сияқты) бөгде адамдардың қауымға кіруін қаламады. Егер кеткен жеріне қайта оралған болса, оның бұрынғы участогі қайтып беріледі.

  3. Мистии-мүліксіздер. Жерін қандай себеппен тастап шыққандар ? Апор жерін өзі өңдей алмайды да, жерді сатады. Сөйтіп мистиге айналады, яғни жалдамалы жұмыс қолы қалыптасады. «Егіншілік заңында» мистилер тек бақташы ретінде көрсетілген, бірақ олар түрлі ауыр жұмыстар атқарған. Мистилер туралы ойлар үнемі құлдармен қатар айтылып отырады.

  4. Шаруалардың 4-ші бір категориясы мортит деп аталады. 9-10 статьяларда айтылған Мортит-арендатор. Аренда ақысы үшін өнімнің 1\10-бөлігін төлейді. Міне осы өнімнің1\10-бөлігі морта деп аталған. Бұл категорияның әлеуметтік-тегі белгісіз. Шаруа-қауым мүшесі ме, әлде дін иелерінің өкілі ме ? Өкінішке орай «Егіншілік заңында» бұл категория туралы өте аз мәлімет берілген.

  5. Византия қауымы теңдестер қауымы емес екені айқын. Себебі Византия қауымы құлдықты тым жақсы білді. «Егіншілік заңында» құлдар туралы мәлімет 5-статьяда айтылады. Қауым мүшелері құл еңбегін пайдаланған. Құл еңбегі егіншілікте, мал шаруашылығында пайдаланылды. Құл юридикалық жағынан правасыз, қылмысы үшін оның қожайыны жауапқа тартылады.Сонымен қауымда мүліктік жіктеліс байқалады.Ал бұл феодалдану процесінің басы. Феодализация процесі негізінен ҮІІІ ғасырда үдей дамып, ХІ ғ. аяқталды. Бұндай жай қалыптасуының себебін-славян қауымның беріктігінен іздеу керек.


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет