Тарих және құқық факультеті деканы


ІХ ғ. екінші жартысы мен ХІ ғ. Македонский династиясы тұсында феодализмнің қалыптасуы



бет74/148
Дата05.02.2022
өлшемі3,96 Mb.
#23020
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   148
ІХ ғ. екінші жартысы мен ХІ ғ. Македонский династиясы тұсында феодализмнің қалыптасуы.
Македония династиясы дәуірінде (Негізін салған Василий І. 867-1056) феодалдық процес қалай жүрді ?
Егер ІХ ғасырға дейін Византияның аграрлық жүйесінде ұсақ шаруашылық үстем болып келсе, енді византия деревниясы жаңа кезеңге аяқ басты.
«Егіншілік заңының» өзінен селолық қауымда мүліктік, әлеуметтік теңсіздіктің пайда болғанын байқадық. Ал Х ғасырдың тарихи құжаттарында мүліктік, әлеуметтік теңсіздік айқын байқалады. «Кедей», «жарлы шаруалармен» қатар бірнеше үлес жері бар, ауқатты қауым мүшелері бар.
Мүліктік жіктелу процесі қауымды іштей әлсіретті, қауымдар байланысы әлсіреді. Ішкі жіктелу нәтижесінде басқа адам жерін пайдалану құқығы жойылды. (Егіншілік заңын еске алыңыз)-Басқа адам бағына, бақшасына ұлықсатсыз кіргені үшін айып төлейді, не жазаланатын болды.
Византиядағы феодалдық қатынастардың дааму процесіне нендей жағдайлар қолайлы әсер етті?

  1. Феодалдану процесі мемлекеттің салық жүйесін жетілдірді. Бұл жүйе бойынша коллективтік салық міндеткерлігі орнатылды. Бұл не міндеткерлік? Егер көрші қауымның бір мүшесі кенеттен ауырып, немесе басқалай жағдайда өліп, оның мемлекетке төлейтін қарызы қалса, оны көршісі төлеуге тиісті. Бұндай салық жүйесі аллигения деп аталды. Аллигения жүйесі шаруалардың жаппай күйзелуіне әкеліп соқты.

  2. Х ғ. екінші ширегінен бастап шаруаларға өз еріктерімен жерлерін басқа адамға беруге тиым салған бірнеше заң актілері шықты. Яғни қауым мүшесі жер үлесін өз қалауы бойынша екінші біреуге бере алмайды.

Феодалдық қатынастың қалыптасуы барысында мемлекеттік шаруалардың бірнеше категориясы келіп шықты.

  1. Парики-димосиарлер – қауым шаруаларының негізгі бөлігі. Ақшалай салық төледі, барщина – ангарий атқарды, түрлі қосымша алымдар төлеп отырды.

  2. Экскуссаттар – император шаруашылығында жұмыс атқаратындар (жолдарды күзетеді, император столына балық аулайды т.с.с.).

  3. Стратиоттар - әскери қызмет атқарады, ақшалай салық төлейді. Осы стратиоттардың өз ішінде әлеуметтік жіктелу байқалады. Офицер тобы жарлы стратиоттарды өздеріне бағындырып, кіріптарлыққа салды.

  4. Динаттар – Византия феодалдары. «Құдіретті адамдар». ІХ ғ. дейін әлсіз болып келген бұл топ ІХ ғ. бастап Византия қауымын қыспаққа ала бастады.

  1. Тікелей қауым жерін тартып алды.

  2. Сыйға алғанды, мұраға қалдырғанды сылтаулап, өз қолдарына жерді жинақтай бастады .

  3. Түрлі юридикалық, келісім актісі жолдармен де жер алды.

Әсіресе 928 жылғы аштық жылынан кейін, шаруалар арзан бағаға өз жерлерін сатты, сөйтіп шаруалар жерінің негізгі бөлігі динаттар олжасына айналды. Динаттар поместьесі қалыптасты. Х ғ. аяғында ірі феодал иеліктері құрылды (мұрагерлік негіздегі). 966 жылғы император новелласында «Мұндай адамдар жүздеген жылдар бойына өз байлығын, өз қуатын сақтап қалды» - дейді. (Е.Э.Липшиц. «Византиское крестьянство и славянская колонизация» стр. 123-129).
Феодалдық қатынастың түрлі жолдармен қалыптасуы структуралық жағынан әр алуан динат поместьелерінің типін туғызды.

    1. Шаруа қауымымен байланысы жоқ томаға тұйық ірі шаруашылықтар.

    2. Ерікті шаруа немесе басқа феодалдар жерімен аралас-құралас жататын, жер иеліктері бірнеше жерлерде шашырып жатқан динат поместьесі.

    3. Село қауымын өзіне бағындырған динат поместьесі.

Поместьелердің осындай әр алуан типтеріне қарамастан Византия поместьесіне анықтама беруге болады.
Х ғ. деректері ірі светтік феодалдық поместьеге сипаттама берген кезде «икос» деген терминді қолданады. Икос – қожайын усадьбасы, (поместье орталығы, қожайын үйі, қора-жайы, шіркеуі, бағы, паркі).
3. Феодалдық қатынасты шіркеулік жериеленудің шығуы тереңдете түсті. ІХ ғ. шіркеулік жериелену кең тараған құбылыс болмаса Хғ. Бастап жериеленудің шіркеулік формасы тез қалыптасты.
Шіркеулік жериеленудің қалыптасуының жолдары қандай?
А) Шіркеу жанындағы шаруалар «құдай үлесі» деп өз жерлерінен шіркеуге жер беріп отырды.
Б) Император сыйға тартты.
В) Ірі монастырь – шіркеулер кішігірім шіркеулік жериеліктерін өздеріне күшпен қосып алып отырды.
Г) Күйзеліске ұшыраған шаруалар жері есебінен де өсті (класма).
Д) Мемлекеттің ақшалай сыйлық, жалақы беруі, шіркеулерге жер сатып алуға мүмкіндік берді.
Сонымен Х ғ. аяғында шіркеулік-феодалдық вотчина қалыптасып шықты.
Енді осы поместьелер жері қалай өңделді?

    1. Византия динаттары өз шаруашылықтарында құл еңбегін кеңінен пайдаланды. Ал шіркеу «құл еңбегін пайдалану – құдайға қарсы шығу» деп есептеді. Құлдар әсіресе үй қызметінде кеңінен пайдаланылды.

    2. Құлдармен қатар вотчина жерін мистилер де өңдеді. Мистилер меншіктен жұрдай адамдар. Юридикалық жағынан ерікті болғанмен, село халқының ең бір правасыз, бағы ашылмаған бөлігі болды. Кейін әлеуметтік категория ретінде жойылып, тәуелді – крепостной шаруалар қатарына қосылды. Феодалдық вотчинада құл мен мистилер еңбегі негізгі еңбек емес еді.

    3. Вотчинадағы негізгі жұмыс күші феодалға тәуелді шаруалар болды.

Міне, осы тәуелді шаруалар қалай қалыптасып шықты. Жолдары қандай?

  1. Европа елдеріндегі сияқты феодалдар әуелі шаруаның үлес жеріне ие болды да, кейін шаруаның өзін де бағындырды. Бұл жағдайда шаруа үлес жерінде отыра береді.

  2. Жеке басы кіріптарға түседі. Бұл кіріптарлық прекарлық қатынас жолымен пайда болды. Византия шаруасы көп жағдайда әлді, ауқатты адамдардан қамқор іздеді де, көбіне динаттарға өз үлес жерін беретін. Қамқорлыққа алғаны үшін ол динат жерінде жұмыс жасап, белгілі бір мөлшерде рента төледі.

  3. Шаруалар уақытша өз жерлерін феодалға беріп отырды (Батыста мұндай жағдай байқалмайды). Шаруа қарызын өтей алмаған жағдайда динатқа өз жерін 3-10 жылға пайдалануға береді. Бірақ бара-бара бұл жерлер феодал меншігіне көшеді де, шаруалардың өздері феодалға тәуелді шаруаға айналады.

  4. Село қауымын феодалдар қыспаққа алған жағдайда, көптеген қатардағы қауым мүшесі қауым жерінен айрылып, басқа жерлерден бақыт іздеуге кетеді. Басқа динаттар жеріне келіп орын тепкен бұл сорлылар, күндердің күнінде тәуелді шаруа болып шыға келеді.

  5. Алғашқы кезде арендатор дәрежесінде келіп қоныстанады. Алғашқы кезде аренда келісімінің шарттары берік сақталады.

Х ғ. Византияда аренданың екі түрі бодлы:
А) Эмфитевтік – ұзақ мерзімге жасалған.
Б) Қысқа мерзімді аренда.
Х ғ. аяғында Византияда аренда өз сипатын өзгертті. Феодалдық процестің тереңдеу жағдайында арендалық қатынастар феодалға тәуелділік қатынаспен ауысты. Мұндай аренданың жаңа формасы – париктік права деп аталды.
Сонымен Х ғ. өн бойында Византияда феодалдық вотчина мен шаруаларды қанаудық вотчиналық жүйесі қалыптасты. Вотчиналық жүйенің қалыптасуында Византия мемлекеті үлкен роль атқарды. Феодал тобының органы ретінде Византия мемлекеті феодалдық жеке меншіктің бекіп, өсуіне белсенді түрде көмектесті.
Византия феодализмінің одан әрі дамуы. Пронии және прониарлар.
Феодалдық қоғамның негізгі институттарының қалыптасуы ХІ – ХІІ ғ. аяқталады. Бұл кезеңде негізінен феодалдық вотчина қалыптасты да, бұрынғы ерікті шарулар – тәуелді шаруаларға айналды. Феодал мүддесін қорғаған орталық үкімет, оларға кеңінен билік – артықшылықтар берді.

    1. Феодалдар жартылай не толық салық төлеуден босатылды.в Вотчинасынан салық жинау құқығы вотчина иесінің өз қолына берілді. Кейде сот ісіне де араласып отырды. Сөйтіп Батыс Европа иммунитетіне ұқсас иммунитет жүйесі пайда болды.

    2. Сепараттық тенденцияны тежеу мақсатында және феодалдарды берігірек бағындыру мақсатында оларға салық жинау права берді. Бұндай права «прония» деп аталды.

5 Дәріс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет