Королинг империясы
847 жылы Ұлы Карль балалары тұсында бірнеше бөлікке бөлінді. Верден келісімі бойынша бұрын белгіленеді. Бұл бір жағынан. Екінші жағынан Италияда қалалардың ерте пайда болуы шаруалардың қалаға кетіп, натуралды салық орнына ақшалай алым төлеп, кей кездерде бас еріктерін сатып алуға қолайлы жағдай туғызды. Сондықтан тәуелді шаруалар мен қатар басы еркін, бірақ жері жоқ шаруалар саны біраз болды. Бұл шаруалар тікелей арендаторларға айналып отырды.
Италия феодалдары да ерекше жағдайда өмір сүрді. Қалалардың қаулап өсуі жағдайында феодалдардың біраз бөлігі қалаға кетіп, қала тұрғындарына айналды. Ірі феодалдар саны да көп болды. Бұл феодалдар корольден тәуелсіз меншік иелеріне айналды. Х ғ. король билігі өзінің барлық билік-праваларынан жұрдай болды. Корольден тәуелсіз ірі феодалдар үнемі өз-ара қырқыс соғысын жүргізіп отырды. Италияда шіркеулік феодалдар саны да көп болды: папа. Епископтар, моностыр-шіркеулер. Советтік феодалдар мен шіркеулік феодалдар өз-ара жерге талас жүргізіп отырды.
Сонымен ІХ ғ. аяғында негізінен феодал тобы қалыптасты.
Ірі жер иеленудің қалыптасуымен қатар ерікті село қауым мүшелерінің күйзелуі қатар жүріп отырды. Ірі жер могнаттарына (патронат, коммендация формасы ретінде кіріптарлыққа түсіп тәуелді шаруаларға айналды).
Жалпы Солтүстік Италияда феодалдық процес жәй дамыды. ҮІІІ ғ. аяғында Франктердің жаулап алуы бұл процесті тездетті. ІХ-ХІ ғ.ғ. ерікті егіншілер жаппай күйзеліске ұшырап, тәуелді шаруаларға айналды. Бұндай шаруалар арендаға жер алды 29 жылға. Бұл аренда либелла деп аталды, бірақ либелланың өзі іс жүзінде феодалдық тәуелділікке кіру болды. Либелла-шаруа әдетте өнімнің 3 не 4 бөлігін феодалға беріп, барщина өтеді. ІХ-ХІ ғ.ғ. тәуелділіктің осы либеллалық формасы басым болды. Прекарий қалыптасты, сол сияқты феодалдық жер ұстаудың-эмфитевзис деген формасы қалыптасты. Бұл нендей форма? Натуралды не ақшалай аброк негізіндегі мәңгілік аренда. Бұндай эмфитестер ішінара жерді өз еріктерімен басқа біреуге беруге правалы болды (бірақ тек поместье ішінде).
ІХ-Х ғ.ғ. прекари шаруалар мен либеллярлер жеке бас тәуелділігіне тап болып-ең ақыры тәуелді шаруаға айналды.
Крепастной шаруалар алым-салықтар:
Барщина жылына 2 күннен 12 күнге дейін, ал маусым кезінде аптасына 3-5 күн барщина өтейтін.
Натуралды алым.
Түрлі құрылыс ісінде, жол салуда қара жұмыспен өтеді. Сот, рынок пошлиналарын, баналитет өтеп отырды.
ҮІІІ ғ. бастап ақшалай рента пайда болды.
Крепостной шаруалар мен қатар жеке бастары ерікті феодал жерін ұстаушылар болды. Бірақ бұлар жер тәуелділігінде болды, тәуелділіктің осы формасымен байланысты түрлі алым төлеп отырды.
Ерікті шаруалар саны да біраз болды, бірақ жалпы феодалдық қатынастың дамуы жағдайында-шаруақауымдары феодалға бағынышты бола бастады.
Оңтүстік Италияда феодалдық қатынас өте баяу дамыды. ІХ-ХІ ғ.ғ. феодалдық поместье әлі қалыптаспады. Негізгі жұмыс қолы-крепостниктік шаруалар, колондар, құлдар, ерікті арендаторлар болды. Феодалдық құрылысқа тән басты екі тап қалыптаспады.
Достарыңызбен бөлісу: |