Королинг поместьесі және оның структурасы. ҮІІІ-ІХ ғасырлардағы жер қатынасындағы төңкеріліс нәтижесінде феодалдық құрылыс негізі-жерге феодалдық меншік қалыптасып, толық орнықты. Осы өзгеріс нәтижесінде франк қоғамының шаруашылық ұйымында елеулі терең өзгеріс туды.
Егер аграрлық төңкеріске дейін оның шаруашылық ұйымының негізі-ерікті село қауымы-марка болса, енді ҮІІІ ғ. аяғы мен ІХ ғ. басында марка орнын феодалдық поместье басты-немесе-вотчина мен оған тәуелді крепостникті қауым.
Королинг поместьесінің структурасы жөніндегі бізге негізгі мәлімет беретін басты деректер.
Ұлы Карлдың «Поместьелер туралы капитуляриі» мен
Аббат Ирминиан полиптигі (Сен –Жермен Моностыры жерінің санақ қағазы).
Міне осы деректерге сүйене, зерттей отырып біз ерте феодалдық Батыс Европадағы поместьеге сипаттама бере аламыз.