Европалық өркениет және оның қалыптасуы.
ХҮ ғасырда итальян гуманистері «орта ғасырлар» деген терминді тұңғыш ғылымда қолданған. Тарихнамадағы қалыптасқан пікір бойынша орта ғасырлар б.э. Ү ғ.-ХҮІІ ғ.
Орта ғасырлар батысевропалық өркениет үшін өте маңызды, себебі Батыс Европаның бүгінгі таңдағы саяси, экономикалық, мәдени дамуына орта ғасырлық дәуірдегі үрдістер мен оқиғалар тікелей әсерін тигізді. Бұл кезеңде буржуазиялық қатынастардың қалыптасуына ықпал жасаған протестанттық эстетика, қала мәдениеті дамып, сасловиелік-өкілеттік органдар өмірге келіп, құқықтық , азаматтық қоғам негіздері қаланды.
Батысевропалық орта ғасырлық қоғам дамуы үш кезеңнен тұрады.
Ерте ортағасыр дәуірі (Ү-Х ғ.ғ.) ортағасырлық қоғамның негізгі структуралары қалыптасады.
Классикалық ортағасыр (ХІ-ХҮ ғ.ғ.) ортағасырлық феодалдық институттар жете дамыды.
Кейінгі ортағасыр (ХҮ-ХҮІІ ғ.ғ.) бұл кезеңде жаңа қоғамдық буржуазиялық қатынастар негіздері қаланады.
Міне осы әрбір кезеңнің даму ерекшеліктері қандай болды.
Ерте ортағасырлық батысевропалық қоғам аграрлық қоғам болды. Ауыл-шаруашылығы экономиканың негізі. Ауыл-шаруашылығындағы еңбек қол еңбегі болғандықтан оның тиімділігі де төмен, тұтастай технико–экономикалық эвалюциясының қарқыны да баяу. Шаруашылықтың бұндай натуралды сипаты тауар-ақша қатынастарының дамуын тежеді, өнеркәсіп қолөнер және мануфактура түрінде ғана дамыды.
Қоғамның рухани, мәдени тұрмысында шіркеу үлкен роль атқарды. Хрестиан діні бірыңғай европалық өркениеттің қалыптасуының идеологиялық базасына айналды. Ерте ортағасыр ұлттық мемлекеттердің қалыптасуы кезеңі. Мемлекеттердің формасы әр алуан: монархиялық, сословиелік-өкілеттік, абсолюттік. Жалпыевропалық ықпалдастық элементтері болды, бірақ мәдени және дін саласындағы байланыстармен қатар ұлттық мемлекеттердің оқшаулануы, яғни саяси бытыраңқылық осы дәуір сипатын анықтады.
Ортағасырлық қоғамда сословиелер қалыптасты. Негізгі сословиелер: дворяндар, дін иелері және халық. (халық деген түсінікке шаруаларды, қолөнершілерді сауда адамдарын біріктіруге болады). Әрбір сословиеның өзіне ғана тән құқықтары мен міндеттері болды. Сондықтан да олардың қоғамдық-саяси және экономикалық ролі де әр алуан.