Тарих және құқық факультеті деканы


Варварлардың қоғамдық құрылысы



бет47/148
Дата05.02.2022
өлшемі3,96 Mb.
#23020
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   148
Варварлардың қоғамдық құрылысы.
Марксистік тарихнамада «варварлар» деп рулық құрылыстың белгілі бір сатысында тұрған тайпаларды айтады. Риммен байланысқа келген варварлардың ірі этникалық группалары кельттер, германдықтар, славяндар.
Кельттер және олардың Европада қоныстануы.
Рим ең алғаш рет кельт (галл) тайпалары мен қақтығысқа келді. Кельттер қоныстанған негізгі аудандар: Солтүстік Италия, Галлия, Испания, Британия және Ирландия. Б.э.д. 390 ж. галл тайпалары Солтүстік Италия жеріне басып кіріп, Римді өртеген еді. Б.э.д. ІІ ғ. кимвр тевтан тайпалары Римге қауіп төндірді. Бірақ күшейген Рим б.э.д. 121 жылдан бастап қарсы шабуылға шығып Оңтүстік Галлияның бір бөлігін (Нарбон Галлиясын) басып алды. Ю.Цезарь б.э.д. 58 жылдан 51 жылға дейінгі аралықта бүкіл Трансальпілік Галлияны Римге қаратқан болатын. Бұл кезде солтүстік-шығыстан жылжыған герман тайпалары кельттерді біржолата солтүстік батысқа ығыстырып, Рейн өзеніне жетті.
Б.э. І ғ. ортасында кельт тайпаларынан бостандығын сақтап қалған Ирландия жеріндегі тайпалар болды. Солтүстік Италияның, Испанияның, Галлияның, Британияның кельт тайпалары Рим қол астына көшті. Римдіктер жаулап алған Галлия тез романизацияланды. Галлия жерінде рим құлиеленушілері бекіді. Кельт ақсүйектері рим мәдениетін меңгеріп, тез арада Галдар римдіктермен араласып, Галл-рим халқы қалыптасты. Галлдар рим дінін, дәстүрін меңгерді, көптеген қалалар пайда болып, ірі жериеленушілік дамыды. Цезарь өзінің «жазбаларында» жердің ең құнарлы бөлігін басып алып, күшейген ру-тайпалық ақсүйектер туралы айтады. Галл қауымының қатардағы мүшелері ақсүйектерге тәуелділікке түсті. Ақсүйектер әскери жасақ құрып, әскери күшке де ие болды.
Б.э.д. І ғ. аяғында Август тұсында Рим Испанияны түгелдей жаулап алып, жергілікті халықты романизациялады, Бірақ бұл аудандағы Рим ықпалы Галлияға қарағанда әлде қайда әлсіз болды.
Б.э.д. І ғ. ортасында (Клавдий тұсында) Рим Британияны жаулап алды, бірақ Шотландия, Ирландия, Уэльс Рим қарауына кірмеді. Британиядағы Рим ықпалы Галлияға қарағанда, тіпті Испанияға қарағанда алыстығына байланысты өте әлсіз болды. Тіпті Ү ғ. басында Рим легиондары Британия жерін тастап шығуға мәжбүр болды. да, Британия тәуелсіздікке қолын жеткізді.
Сонымен кельттер орта ғасырлық Европаның қалыптасуында үлкен роль атқарған екен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет