Тарих және құқық факультеті деканы



бет55/148
Дата05.02.2022
өлшемі3,96 Mb.
#23020
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   148
Негізгі проблеммалар
І. Феодализм генезисі проблемасы.
Феодализм генезисінің типологиясы.
Бұл мәселе Грациански, Неусыхин, Корсунский, Удальцова еңбектерінде қаралды.
Феодализм генезисінің типтік моделін З.В. Удальцова 15-халықаралық тарихшылар конгресінде анықтап берді. Совет тарихшылар феодалдық-қатынастардың дамуының 3-типін анықтады.

  1. Антикалық белгілер мен алғашқы қауымдық белгілердің тең келуі Тең синтез. Бұл тип жолымен феодализм Солтүстік Галлияда, серб, хорваттарда дамыды. Бұл тип жолымен феодализм классикалық түрде Меровинг, Королинг дәуірлеріндегі франктерде қалыптасты.

  2. Тип. Бұнда да екі дүниенің синтезі байқалады. Бірақ антикалық дүниенің элементтері басым келеді. Бұл жолмен феодализм Византияда, Италияда, Вестготтық Испанияда, Оңтүстік Галлия жерінде дамыды.

  3. Тип синтезсіз вариант. Феодализм таза алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы негізінде қалыптасады. Солтүстік Батыс Германия, Скандинавия елдері, Русь, Чехия, Польша, Британиядағы ағылшын-саксон мемлекеті.

Мен осы үш типтің І-не, яғни Классикалық вариантына, франктердегі феодализм қалыптасу процесіне тоқталамын.
ІҮ-Ү ғ.ғ. басында франктер Шығыс Галлияны жаулап алып Хлодвиг (454-511) тұсында Солтүстік Галлия және Оңтүстік-Батыс Галлия жаулап алынды. Хлодвиг Меровингтер династиясынан еді, сондықтан Үғ. (481)-ҮІІ ғ. дейінгі кезең франктер тарихының бірінші кезеңі Меровингтер кезеңі деп аталады. Меровингтер мемлекеті туралы мәліметті Г. Турскийдің 10 кітаптан тұратын «Франк тарихы» деген еңбегінен аламыз.
Франктердің қоғамдық құрылысы.

  1. Үғ. аяғы мен ҮІ ғ. басындағы Франктердің шаруашылық және қоғамдық құрылысы жөніндегі негізгі дерек «Салий ақиқаты» деп аталатын Салий франктерінің сот жинағы.

  2. Шаруашылығы. «Салий ақиқаты» бойынша франктер егіншілікпен шұғылданған, өндіргіш күштердің дамуы Татцит дәуірінен әлде қайда ілгері кеткен.

  1. Егіншілік жүйесі-қос тапты егістік

  2. Соқа, тырмалар қолданылған.

  3. Бау-бақша өнімдері алынған.

Сол сияқты мал өсірумен, аң аулаумен шұғылданған. Мысалы, құс, бақ ағаштары жеке меншікке айналғандықтан, «Салий ақиқаты» бойынша оларды ұрлаған адам жазаға тартылып, штраф төледі.
ІІ. а) Жерге қауымдық меншік үстем болып қала берді. 45 таруында қауымға сырттан мүше болып кіру үшін, оған осы қауымның бір де-бір мүшесі қарсы болмауы керек., егер біреуі қарсы болса, онда жаңа адам қауым жеріне келіп қоныстана алмады. Неге ? Жер қауым меншігінде.
Б) Сонымен қатар франктерде шағын жеке семьялар пайда бола бастайды. Үй, үй жанындағы участок осы жеке семьяларға бөлініп берілген, бірақ бұл жерді мұраға қалдыруға, сатуға правалары жоқ.
ҮІ ғ. аяғында франктерде жерге жеке меншік жаңа ғана келе жатты. Мыс, «Салий ақиқатының», «Аллод туралы» деген 59-таруында жер тек ер адамдарға (балаға, іні-ағаға) ғана көше беріле алады. Әйел адамға қалдыруға болмайды. Неге ? Себебі әйел адамның басқа екінші бір қауым адамына тұрмысқа шығуы мүмкін, сондықтан ол жерді өзімен бірге ала кетер еді.
в). Орман, жайылым коллектив меншігінде, қауым меншігінде, қала береді. Әрбір қауым мүшесі кез келген жердің шөбін шауып, малын жайылымға жібере алды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет