Меровингтердің Франк мемлекеті. ІҮ-Ү ғ.ғ. басында Франктер Шығыс Галлияны жаулап алды. 481-511 жылдары Хлодвиг түсында франктер Луара өзеніне дейінгі солтүстік Галлияны, одан кейін Оңтүстік- Батыс Галлияны жаулап алды. Хлодвигтің жаулау жорықтары тұсында, ағылған байлық нәтижесінде даңқы шыға бастады. Түрлі айла-амалды (интриги, өлтіру) қолдана отырып, бүкіл билікті өз қолына алды. Хлодвиг Меровей тұқымынан шыққан сондықтан да 481-жылда ҮІІ ғ. аяғына дейінгі кезеңдер Франк мемлекеті тарихының І-ші кезеңі дейді, немесе Меровингтер әулиетінің кезеңі дейді. Франк мемлекетінің құрылып, даму тарихын біз Григори Турскийдің 10 кітаптан тұратын «Франктер тарихы» деген еңбегінен білеміз. Франк тарихының атасы Г. Турский көптеген оқиғаларды шындық тұрғысынан түсіндіреді.
Франктерде ертефеодалдық мемлекеттің құрылуының әлеуметтік шарттары қандай ? Феодалдық мемлекеттің пайда болып даму тарихын буржуазия медиевистерінің зерттеу обьектілерінің бірі. Дегенмен де германдықтарда мемлекеттің құрылуы олардың ірі бір өкілінің сөзіне қарағанда «ертедегі тарихтың ұлы бір жұмбақ тарихының бірі».
Бір қатар тарихшылар Франктерде Орлокт теориясын дамыта отырып, варвар мемлекеттерінің тарихы тек қана Рим империясы тарихының жалғасы дейді. Германдықтар өздерімен бірге ешқандай өзгеріс әкелген жоқ, рим мекемелері де өзгерген жоқ. Яғни, антикалық қоғамнан феодализмге өтудегі герман тайпаларының Рим империясын жаулап алу фактісі жоққа шығарылады.
Германистер варвар корольдіктері ежелгі герман тайпаларында құрылған мемлекеттің жалғасы дейді. Міне осындай екі түрлі пікір айтқанмен буржуазия тарихшыларына тән мынадай ортақ белгілер бар:
Тарихи дамудың үздіксіздігі. Романист тарихшылар варвар корольдіктері Рим мемлекетінің тарихи жалғасы десе, германист тарихшылар ертедегі герман қоғамының тарихи жалғасы дейді. Германистер де, романистер де ерте феодалдық мемлекеттердің бір жағынан құл иеленуші мемлекеттен, екінші жағынан германдықтардың қоғамдық құрылысынан айырмашылығы бар екенін жоққа шығарады. Бір қатар тарихшылар рим және герман қоғамдық қатынастарының бір-біріне ықпал ету нәтижесінде «жаңа» бірдеңе құрылды дейді, бірақ бұл «жаңа» деген қоғамның қалай құрылғанын, белгілерін анықтай алмайды.
Феодалдық мемлекеттің құрылуын түсіндіретін буржуазия концепциясына тән екінші бір белгі, саяси дамуды әлеуметтік-экономикалық дамудан бөліп алып қарайды. Феодалдық мемлекеттің пайда болып, дамуын әлеуметтік-экономикалық дамудан бөлек тұратын саяси институттар, мекемелер дамуы нәтижесі дейді.
Мемлекеттің пайда болуын антогонистік таптардың пайда болу процесінен де бөліп қарайды, ал шындығында осы процесс феодалдық мемлекеттің дамуының негізі.
Марксистік тарихнама үшін, феодалдық мемлекеттердің пайда болуын түсіндіретін негіз-қоғамның экономикалық базисімен анықталатын саяси қондырма-мемлекет-туралы ілім. Феодалдық мемлекеттің генезисін түсіну үшін К. Маркстің мемлекеттің саяси қондырмасының формасы бір жағынан, қоғамның экономикалық базисімен, екінші жағынан сырты тарихи жағдайлармен байланысты болады деген ілімнің маңызы зор. К.Маркс «қысқасы мемлекеттің әрбір белгілі ерекшелік формасы-қоғамның өндіргіш күштерінің даму дәрежесіне сай келетін өндірістік қатынастарға байланысты»-дейді.
Маркс Капитал. Шығ. 25 т. ч. 2. 354 бет.
Феодалдық мемлекеттің пайда болуының негізі-меншіктің феодалдық формасының, яғни жерге бекітілген крепостнойлары бар ірі жер иеленушіліктің шығуы.
Маркс-Лениндік теория мемлекеттің шығуының негіздерін анықтай отыра, оның белгілерін де анықтап береді.
Ф. Энгельс рулық құрылыстан мемлекеттің ерекшеленетін бір белгісі
1) Адамдардың туыстық негізде емес, территориялық бедгі мен бөлінуі.
а) Әшкере үкімет. Т.21. 170 бет.
Міне Маркс-Ленинизмнің осы қағидалары Батыс Европадағы феодалдық мемлекеттердің генезисін түсінудің негізі.
Ф. Энгельс. Т.21. 151 бет.
Ф. Энгельс германдықтарда мемлекеттің құрылуын тездеткен факотр-жаулау факторы болды. Варвар корольдерінің күшейуінің себебі-«жаулап алған облыстарды сыртқы қауіпсіздіктен қорғау» қажеттілігі болды дейді. Т.21 150-151 бет. т.б. еңбектер арналған, Тарихқа материялисттік позициядан қарай отырып, совет медиевистері орта ғасыр тарихы феодалдық өндірістік қатынастардың үстем болған кезеңі деп түсінеді. Сондықтан совет медиевистері орта ғасырдың экономикалық, әлеуметтік өміріне, тарихи процестің қозғаушылары шаруалар мен қолөнершілерге үлкен мән береді. Буржуазия тарихшылары мен салыстырғанда совет медиевистері экономикалық қатынасты тарихи процестің көптеген факторының бірі-деп қарамай, оның анықтаушы негізі дейді. Тап күресінің тарихына үлкен маңыз беріп, оның себептерін анықтайды, маңызын анықтайды.