Аллодтың шығуы және ірі жер иеленудің қалыптасуы. Марка ішіндегі әлеуметтік және мүліктік жіктеліс жерге жеке меншіктің шығуының дәлелі. Оның негізгі кезеңдері:
Қауымдық жер иелену, қауымдық жер пайдалану. Цезар дәуірі.
Қауым, жер иелену, жеке жер пайдалдану. Тацит дәуірі.
Қауым жер иелену. Мұрагерлік негізде жер пайдалану.
ҮІ ғ.ІІ жартысында Хилперик корольдің арнаулы эдиктісі бойынша қауымның артында ұл баласы қалмаған шаруаның жерін иелену правосынан айырылады.
Бұл жағдайда жер қыздарға мұраға қалдырылды. («Салий ақиқаты» 59 статиясы бойынша жер көршілерге берілетін). Сонымен жер қауымнан екінші қауымға көше алды, яғни бір қауымның жері екінші қауымға көшеді. Міне осындай қауымнан бөлініп алынатын жер меншігі аллод деп аталады. Бұл аллодтың шығуы Энгельстің айтуынша «бірнеше ғасыр бойына жерге жеке меншік үстем болған аудандарға германдықтардың келуімен тездетілді», - дейді.
Аллдттың шығуы одан әрі марканы іштей ыдырата түсті. Энгельс Марка еңбегінде: «Еркін бөліп әкетуге болатын жерден аллодтың шығуынан кейін, ірі жер иеленушіліктің пайда болуы уақыт мәселесі ғана болды» дейді.
19. т. 497 бет.
Шынында да жерге жеке меншіктің шығуы мен байланысты ауқатты шаруалар (франктер) өз қолдарына негізгі өндіргіш күші-жерді жинақтай бастады.
Бірақ ҮІ-ҮІІ ғ.ғ. ҮІІІ ғ. басында бұл процестер жаңа ғана басталды. Салий ақиқаты-қауымдық жермен қатар, ірі поместьелер болғанын дәлелдейді. § 35- оқу керек. Қосымша. бет 6.