ІІІ. Қауым формасы. Цезарь, Тацит дәуірлеріндегі қауым формасы көршілес, немесе село қауымымен ауысты. Қауымға кірген адамдар туыстық негізінде емес, жерді ортақ иелену негізінде біріккен. Энгельс бұндай қауымды «Марка» деп атады. Маркалық қауым кезінде шағын жеке семьялар үлестік жерлеріне өз меншіктерін орнатқан, ал орман, шабындық, жайылым бұрынғы қауым меншігінде.
Марка-рулық қауымнан жерге жеке меншік орнатуына көшудегі өтпелі кезең.
Бірақ рулық құрылыс белгілері әлі айқын сақталған. Мысалы,
жерге қауым меншігі.
Өлген мүшесі үшін барлығы жауап береді.
Дегенмен рулық құрылыс терең ыдырау кезеңіне келіп кірді. Мысалы, «Салий ақиқатының» 60- тарауында қауым мүшесі өз еркімен қауымнан шығуға тырысады.
ІҮ. Мүліктік жіктеліс әлеуметтік жіктеліспен қатар жүрді. Сонымен «Салий ақиқаты» бойынша франктердің әлеуметтік структурасы.
а) Негізгі әлеуметтік топ- ерікті қауым мүшелері. Оларды өлтіркен адам 200 салид ақша төлейді.
«Салий ақиқатының» статияларынан ерікті франктерге қарсы тұрған әртүрлі этникалық группаларды көреміз. Олар: құлдар, литтер және римдіктер.
а) Құлдар. Құлды өлтіргені үшін, ұрланғаны үшін небарлығы 30 солид штраф төленеді. Ерікті франк пен құлдар некеге отыра алмайды . сонымен франктерде ҮІ ғ. құлдық пайда болған, бірақ ол әлі классикалық формаға ие болған жоқ. Қалай түсінуге болады?. Құлдар әлі негізгі өндіруші күш емес, негізгі өндіруші күш ерікті франк шаруасы.
б) Литтер жартылай тәуелді категория. Бұлар бұрынғы ерікті франк, мүлкінен, шаруашылығынан айырылған. Литтер Франк шаруасы мен құлдар арасында тұрған категория. Вергильд 100 солид.
в) Римдіктер-бұрынғы гол-рим тұқымдары 63 солид.
г) «Салий ақиқаты» аристократиялық таптың қалыптаса бастағаны туралы мәлімет береді. Олар (жасақшылар, король адамдары , графтер). Вергельд 600-1800 солид.
Аристократиялық жұптың шығуы феодализм процесін тездеткен маңызды фактор . Дегенмен Франк қоғамының басты әлеуметтік категориясы-толық правалы франк шаруасы.
Энгельс «Рим клоны мен жаңа крепастной шаруасының арасында ерекше франк шаруасы тұрды дейді».