ШЫҢҒыс қАҒан орнатқан моңҒол империясының ресми мөріндегі мәтіні мәселесіне (КҮйік қАҒанның жарлықты хаты, 1246 жылы) Напил Базылхан



Дата15.09.2017
өлшемі1,12 Mb.
#33644
ШЫҢҒЫС ҚАҒАН ОРНАТҚАН МОҢҒОЛ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ РЕСМИ МӨРІНДЕГІ МӘТІНІ МӘСЕЛЕСІНЕ (КҮЙІК ҚАҒАННЫҢ ЖАРЛЫҚТЫ ХАТЫ, 1246 ЖЫЛЫ)

Напил Базылхан- Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық

Университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушысы
Түрік Елі империясының ізін баса, дүниежүзі тарихында Шыңғыс қаған (1162-1207жж.) орнатқан алып империя дәуірінде ортағасырлық ескі ұйғыр жазуына негізделінген жазуды ресми түрде қолдана бастады және осы жазумен хатталынған жазба құжаттардың бірсыпырасы сақталынғанын ерекше атау керек. Моңғол империясы дипломатиялық ресми іс құжаттарында ескі ұйғыр жазулы ортағасырлық моңғол және де орта түрік тілін, сонымен қатар араб, парсы, қытай, армян, сирий және басқа тілдерінде жазғандығы байқалады.

Моңғол империясы дәуірінде Шыңғыс қаған Еуразиялық алып мемлекетті көне түріктердің билік дәстүрі бойынша шығыс (Мұқылай ноян басқарған), орталық (Наяа ноян басқарған), батыс (Боғұршы ноян басқарған) түмендіктерге, одан мыңдық (95 ноян), жүздік, ондықтарға бөліп, мемлекеттік немесе мыңдықтар жері, қорық жері, сыйлық жері деген ерекше бөліспен ұйымдастырып, қол астындағы барлық территорияға қатаң билік жүргізді. Әлбетте, Шыңғыс қағанның билік рәміздері мен ресми құжаттары, кеңселері де болды. Қаған ақ киізбен көтеріліп ұлықталынды, алтын тақта отырды, алтын тәж киді, алтынмен көмкерілген ақ ордада (киіз үйлі үлкен арбада) жайғасты. Бұрынғы Ішкі Моңғолия, Ордостағы "Чингисийн онгон" ("Шыңғыстың құтты киесі") деп аталатын жерде ұлы қағанның қолданып жүрген зат-бұйымдарын кие тұтып, айрықша қастерлеп "дархат әулеттері" (қағанды қорғаушы darqan> дархан//darqat>дархат рулары) бірнеше ғасыр сақтап келгенімен "қытайдың қызыл мәдениет төңкерісі" кезінде толықтай жоғалған делінеді. Дегенмен де, XIII-XIV ғасырларға қатысты Жошы, Шағатай, Өгедей ұлыстарының аумақтарында археологиялық табылымдардан бірсыпыра жайттарды білуге болады. Шығыс миниатюраларында Шыңғыс қаған және оның ұлдары мен немерелерін суреттеген бейнелерден көптеген рәміздік этносимволикалық деректерді аңғаруға болады. Шыңғыс қағанның билік атрибуттары біздің заманға ұласып жетпеген. Әлбетте арнайы алтынмен апталған мөрі болғандығы хақ. Ол мөрдің басылымы Күйік қағанның мөрі болу керек деп болжаймыз.Сол себептен біз "Күйік қағанның жарлықты хатына" қатысты мәселерлерге тоқталуды жөн санадық. Шыңғыс қаған орнатқан империяның туы "yesün költü čaγaγan tuγ" - йесүн көлтү чағаан тұғ яғни сөзбе-сөз аударсақ «тоғыз аяқты, тұғырлы ақ ту». Осы ретте «yesün költü čaγaγan tuγ» – деп көшпелілердегі ақ боз түсті жылқының ақ реңкті ту құйрығынан жасалынған тоғыз тұғырлы шашақты мемлекеттік рәміздік белгіден сөз етіп тұр. Байырғы көшпелілерде үш немесе үш үш - тоғыз сандары ерекше ырымдық белгілері болып қастерленген. Бұл көшпелілердің этномәдени болмысының нақты төлтума бітімі деген сөз [1, 42-64]

Шыңғыс қаған дәуірінде империя территориясының кеңеюі мен көптеген ел жұрттарымен тікелей қарым қатынастарда болуына қатысты аса мол құжаттар болғандығы хақ. Алайда сол замандардан бізге ұласып жеткен құжаттарымен салыстырғанда із түзсіз жоғалып кеткендері, уақыт ағымында ғайып болғандары тіптен көп деуге болады.

Моңғол империясы дәуірінен бірсыпыра тарихи ресми құжаттары біздің заманға дейін сақталынған. Осы орайда біз, ортағасырлардан ұласып жеткен ресми құжаттардың бірі Күйік қағанның (

Maŋgi Tenriniŋ küčün-te! Uluγ ulusnïŋ1 Taluynïŋ qan jarlïγïmïz! - Мәңгі Тәңірінің күшін-де! Ұлық ұлыстың теңіздің ханы жарлығымыз! деп басталады. Арабграфикалық түрікше мәтініндегі "Uluγ ulusnïŋ" дегенді "Kür //gür (tour entier) uluγ ulusnïŋ - Күллі барлық ұлық ұлыстың" деп П.Пелио оқыған болатын [2, 22]. Одан кейінгі жолдары парсы және орта түрік сөздері аралас-құралас жазылған.


Түпнұсқаның көшірмесі

Күйік қағанның жарлықты хатының мәтіні:

қазақша аудармасы (Жұлдыз Төлебаеваның парсышадан орысша аудармасы негізінде2)



(П.Пеллио бойынша)[2, Pl-I. ]




(Бастапқы екі жол орта түрік тілінде):

Мәңгі Тәңірінің күшін-де! Ұлық ұлыстың теңіздің ханы жарлығымыз!

(Парсыша мәтіні): Біздің жарлығымыз!

Бұл жарлық, ұлы Папаға арнап жіберілген, танысқан соң ол түсінсін! Ақыл кеңесіңізді ұстанып.....Сіз бізге құлшылық етуді сұрап өтініш жазыпсыз, оны Сіздің елшілеріңізден тыңдап білдік.

Егер де, Сіз өзіңіздің айтқаныңыз бойынша істі жасасаңыз, онда ұлы Пап Сіз де бізге асығыңыз, Йасаның әрбір бұйрығын Сіздің өз құлағыңызбен тыңдауыңызды осы уақытта қалар едік.

Тағы да (айтарымыз). Сіз маған айттыңыз, егер мен шоқынсам жақсы болар дедіңіз. Сіз, Бізге өтініш жолдап өте ақылды әрекет жасадыңыз, алайда Сіздің өтінішіңізді біз түсінбедік.

Тағы да (айтарымыз). Сіз маған мынадай сөздерді жолдапсыз: "Сіздер Мажарлар мен христиандардың барлық аудандарын жаулап алдыңыздар. Мен таңғаламын. Мұнда қандай қателік бар, айтыңызшы" депсіз. Сіздің бұл сөзіңізді біз де түсінбедік.

Шыңғыс қаған және қаған біз екеуімізге Тәңірдің бұйрығын тыңда деді. Алайда Тәңірдің бұйрығын ол адамдар тыңдамады. Сен сөз еткендер, ұлы аманат, кеңеске көнген еді, олар тәккәппарлығын көрсетті, біз жіберген біздің елшілерімізді өлтірді.

Бұл жерлерде Мәңгілік Тәңірінің күшімен адамдар өлтірілді, жоқ болды.

Кейбіреулері Тәңірдің бұйрығымен аман қалды, Тәңірдің бір ғана күшінің арқасында. Қалайша адамды тұтқындап, өлтіріп, қалайша олар жаулап алды. Сен айттың: "мен христианмын, мен Тәңірді сүйемін...." . Сен қайдан білесің! Тәңірдің күнәні кешіретінін, мейрімділікті өзінің қалауынша сұрайтынын! Сен оны қайдан білесің, осыншама сөз етіп!

Тәңірдің күшімен, күннің атуынан бастап, күннің батуымен аяқталатын барлық жер бізге тиесілі. Тәңірдің бұйрығынсыз ешкім ештеңе істей алмайды.

Қазір Сіз шын жүректен айтуыңыз керек: "біз Сіздерге құлдық етеміз, біз бәріміз Сіздерге өз мүліктерімізді береміз " деп. Сен өзің король болып басқарып, бәріңіз де бірге, ешкім қалмай келіңдер, өздеріңнің қызметтеріңді, құлдықтарыңды ұсыныңдар! Осы сәттен бастап біз сіздерді бас иіп, бағынды деп санаймыз. Егер Сіз Тәңірдің бұйрығына көнбесеңіздер, бізге қарсылық көрсетсеңдер, онда сіз жау боласыз!



Мінеки Сіз нені білу керек екенсіз! Егер сіз басқаша әрекет жасасаңыз, оны біз біледі дейсіз бе, не болатынын, ол жағы, бір Тәңірге ғана аян! 644 (1246) жылы, жамади-ул-ахра айы (хижраның ирандық ай есебінің 6-нші айы.).



Күйік қағанның жарлықты хатындағы төртбұрыш мөрі.



Мөр басылымның жалпы өлшемі: 14х14 см.
(П.Пеллио бойынша)[2, Pl-I. ]

Күйік қағанның жарлықты хатындағы төртбұрыш мөрдің көне моңғолша мәтіні.

  1. Möŋke Teŋgeri-yin

  2. küčün-dür! Yeke Moŋγol

  3. ulus-un dalai-yin

  4. qan-u jarliγ! El bulqa

  5. erkin-dür kürbesü,

  6. büsirtügei ! ayutuγai !

Қазақша аудармасы: Мәңгілік Тәңірінің күш-дүр! Ұлық Моңғол ұлысының теңіздей ханының жарлығы! Ел, жаулар мен ерікті халыққа жетсе, бүгіліңдер, қорқыңдар!




Хаттың парсыша мәтіні ( П.Пеллио бойынша) [2, Pl-I. ]

Осы жарлықты хатты Күйік қаған өз елшілерімен жеткізбек болған екен. Алайда оның ордасында 1246 жылы болған миссионер елші, францискандық Плано Карпини (1182-1251жж.) [3, 37-39] өзі осы хатты Рим папы 4-ншi Иннокентийге аманатты түрде жеткіземін деп уәдесін берген екен. Плано Карпини өзінің саяхатнамасында Күйік қаған ордасында төрт ай болып, соңында "Күйік қаған, құдайдың барлық шіркеулеріне, Рим империясына, Христиандық барлық патшалықтарға, бүкіл батыс елдеріне қарсы жорыққа аттануға әзірленіп жатыр" деген қорқынышты хабарды Рим папасына жеткізеді, сол шабуыл-жорықтарға қарсы христиан елдер бас қосып барлығы қорқынышты апатты соғысқа дайындалу керек деген екен [ 4, 250-251]. Алайда, ол соғыс жорықтар жасалмады, бұл екі еларалық биліктің бірін бірін сырларын білмекші болған іспетті қатынастарды аңғартады. Сонымен қоса, аталмыш жарлықты хатта Күйік қаған билігі дәуірінде бірде-бір көшпелі түрік, моңғол тайпалары христиан дінін қабылдамақ түгіл, хабарсыз болғандығын тағы да дәлелдейді.

Отандық және шетелдік шығыстанудың бұрынғы зерттеулерінде Найман, Керей, Оңгұт секілді аса қуатты хандықтар мен тайпалық бірлестіктері несториан, христиан діні ағымында болды деген дәлелсіз тұжырымдарында аталмыш жарлықты хаттың өзі бұлтартпайтсан етіп, ол жаңсақ тұжырымдарын тас талқан етіп тұр. Оған қоса, хаттың мазмұнына зер салсақ, Рим папасы Күйік қаған дәуірінде христиан дінін таратуға, көшпелілерді шоқындыру амал әдістерін іздестіріп барын салғандығы да аңғарылады. Ал, Күйік қаған Рим папасына Тәңірлік дүниетанымына бас иіп, Шыңғыс қағанның Ұлы Йаса заң құқықтарына бағынуды бұйрық етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Базылхан Н. Шыңғыс қаған орнатқан алып империя: этно-лингвистикалық және тарихи-деректанулық факторлары жайында қысқаша шолу // Археография және деректану ұлттық орталығының хабарлары. 1/2014.-Астана, -92.

  2. Pelliot P. Les Mongols et la Papaute. Documents nouveaux edites, traduitset commentes. // Revue d'Orient Chretien. -Ser. 3. T. III (XXIII). -1922-1923.-№l et 2. -p. 3-30.

  3. Іоаннь де Плано Карпини Исторія Монгаловь. Вильгельмь де Рубрукь. Путешевствіе вь восточныя страны. Введеніе, пеперводь и примеьчанія А.І. Малеина.-С.-Петербургь: Изданіе А.С.Суворина, 1911.-224. (37-39)

  4. Бира Ш. Монголын түүх, соел, түүх бичлэгийн судалгаа (Бүтээлийн эмхэтгэл). Улаанбаатар, 2001. -250-251.



1 Жошы ұлысының ресми атауы Uluγ ulus>Ұлық ұлыс. Бұл атауды орыс, славян, батыс жылнамаларында "алтын орда" деп ханның ордасының алтынмен көмкерліген ордалы киіз үйлеріне қарай шолақ қайырып, атап кеткен еді. Сөйтіп, бұл атау да тарихи зерттеулерде жөн жосықсыз осылайша қалыптасып кеткен.

2 Хаттың орысша ғылыми аудармасы шығыстанушы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Жұлдыз Төлеубаева бойынша беріліп отыр:Силою Вечного Неба, … всего великого народа. (Строка написана по-среднетюркски:Манги Тенринин кучин-те, Улуг Улуснын, Талуйнын хан йарлыгымыз).

Наш приказ.

Это приказ великому Папе, посланный для его ознакомления и чтобы он понял.

После того как держали совет…, вы нам отравили просьбу с изъявлением покорности, что было услышано от ваших послов.

И если вы поступаете согласно вашим словам, то, как великий Папа, поспешите сами к нашей особе, чтобы каждый приказ Йассы мы бы вас заставили выслушать в то самое время.

И еще. Вы сказали, что если я приму крещение, то это будет хорошо. Вы умно поступили, прислав к нам прошение, но мы эту твою просьбу не понимаем. Еще. Вы послали мне такие слова: «Вы захватили все области маджаров и христиан. Я удивляюсь. Какая ошибка была в этом, скажите нам?» И эти твои слова мы тоже не понимаем.

Чингис-хан и Каан послали к обоим приказ Бога выслушать. Но приказу Бога эти люди не послушались. Те, о которых ты говоришь, даже держали великий совет, они показали себя высокомерными и убили наших послов, которых мы отправили.

В этих землях силою вечного Бога люди были убиты и уничтожены. Некоторые по приказу Бога спаслись, благодаря его единой силе. Как человек может взять и убить, как он может захватывать? Ты говоришь: «я христианин, я люблю Бога ...». Каким образом ты знаешь, что Бог отпускает грехи и по своей благости жалует милосердие. Как можешь ты знать его, что произносишь такие слова?

Силою Бога все земли, начиная от тех, где восходит солнце, и кончая теми, где заходит, пожалованы нам. Кроме приказа Бога так никто не может ничего сделать.

Ныне вы должны сказать чистосердечно «мы вашими подданными станем, мы все свое имущество вам отдадим». Ты сам во главе королей, все вместе без исключения, придите предложить нам свою службу и покорность. С этого времени мы будем считать вас покорившимися. И если вы не последуете приказу Бога и воспротивитесь нашим приказам, то вы станете врагами.

Вот что вам следует знать. А если вы поступите иначе, то разве мы знаем, что будет, одному Богу это известно.

Джамади-ул-ахра 644/1246 год.





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет