Тарих және құқық факультеті деканы



бет59/148
Дата05.02.2022
өлшемі3,96 Mb.
#23020
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   148
Прекарлық қатынас.
Шаруаларды тәуелділікке түсірудің ең кең тараған әдісінің бірі жерді прекарийге беру болды. Бұл әдіс әсіресе ҮІІІ-ІХ ғ.ғ. кең тарады. Прекарий «өтініші бойынша берілген» деген түсінік береді деген жер пайдаланудың шартты бір түрі. Ірі жер иесі (бірнеше жылға немесе өлгенше) жері аз немесе жері жоқ шаруаға жер береді. Жерді пайдаланғаны үшін шаруа не оброк өтейді, немесе барщина өтейді.
Прекарийдің 3 түрі болды.

  1. Жер үлесі жері мүлде жоқ, немесе жері өте аз адамға беріледі.

  2. Жұттық қысқан ұсақ меншік иесі өзінің осы жерге деген меншік правасын ірі жер иесіне береді де, өзі осы прекарий түрінде қайтадан алады (өлгенше, не мұрагерлік правамен алуы мүмкін). Нәтижесінде ерікті меншік иесі қарапайым жер ұстаушыға айналады.

  3. Прекарист өзінің жерінің үстіне, үстеме жер қосып алады. Прекарийдің осы түрі шіркеу жерінде әсіресе үстем болды.

Меншік правасынан айырылып, жер ұстаушыға айналған прекарист алғашқы кезде бас еркіндігін сақтап қалды, бірақ жер иесіне жер тәуелділігінде болды. Бірақ Энгельс былай дейді «Тәуелділіктің осындай түріне тап болған шаруалар, бара-бара өз жеке еркіндіктерінен де айырыла бастады, ал бірнеше ұрпақтан кейін негізінен крепостнойға айналды дейді».
Т.19. 502 бет.
Сөйтіп прекарийлық қатынас барысында феодалдық қатынастың даму процесі тездеді, тереңдеді.
Иммунитет.
Ірі жер иелері өз поместьелерінде саяси билікке ие бола бастады. ҮІІІ-ІХ ғ.ғ. әлі әлсіз король үкметі жергілікті жерлерді жер иелерінің осы саяси правасын юридрикалық тұрғыдан мойындауға мәжбүр болды. Қалайша?
Арнаулы король грамотасы бойынша мемлекеттің жергілікті жерлердегі өкілдерінің-граф, жүздіктер, олардың көмекшілерінің праваларына шек қойып, жергілікті жерлердегі әкімшілік, саяси, сот праваларын жер иелерінің өздеріне берді. Бұндай правалар беруді «иммунитет» деп атады. (immunitas-тәуелсіз, еркін).
Иммун правасына ие болған магнат мынандай функциялар атқарды.
1). Өз жерінде сот правасына ие болды.
2). Алым-салық, штраф, т.б. жинады.
3). Иммунитет территориядағы әскери жасақтың қолбасшысы.
Маркс феодалдық дәуірде әскери қызметпен, сот ісіндегі жоғарғы билік жер меншігінің атрибуты болды дейді.
Өткен лекциялардан сіздер Меровингтер және Королингтер тұсындағы Франк мемлекетіндегі феодалдық қатынастың дамуымен таныстыңыздар. (ҮІ 81-ҮІІ ғасырдың аяғына дейінгі кезең Мерговингтер дәуірі ҮІІ ғ. аяғы мен-ІХ ғ. ортасына дейінгі кезең-Королингтер кезеңі).
(Ұлы Карл 768-814).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет