ІҮ-ХІІ ғ.ғ. Византия. Бұл тақырыпта ең алдымен Шығыс Рим империясының дамуынының ерекшеліктеріне көңіл аудару керек.
Қандай ерекшеліктер:
Экономикалық даму ерекшеліктері.
Құл еңбегі және оның ерекшелігі.
Византия территориясында сауда мен қолөнер дамыған ірі қалалар болды.
Византияның әлеуметтік-саяси тұрмысында христиан діні орасан зор роль атқарды.
Юстиниан 2-маңызды міндет қойды.
Император билігінің беделін, қуатын, ықпалын арттыру.
Рим империясының ұлы қуатын қайта қалпына келтіру.
Византияның ҮІІІ-ІХ ғ.ғ. аграрлық құрылысын зерттеу үшін «Егіншілік заңы» деп аталатын тарихи дерек мәліметтеріне сүйенеміз. Бұл құжат ҮІІІ ғ. аяғында басылып шыққан.
«Егіншілік заңы» бойынша.
Византия шаруалары егіншілікпен және мал шаруашылығымен айналысқан. (24, 45-51 статьялар).
«Егіншілік заңы» бойынша Византия қауымының әлеуметтік құрылымы:
а) Ерікті қауым мүшелері.
б) Георгийлер-толыққанды қауым мүшелері.
в) Апорлар-кедейлер.
г) Мистин-мүліксіздер.
д) Мортит-статья (9,10). Бұл арендатор. Аренда құны егістік өнімінің 1\10. Өнімнің 1\10-бөлігі «морта» деп аталады.
ІХ ғ. ІІ жартысы-ХІ ғ. Македония династиясы кезіндегі феодалдық қатынастардың ерекшеліктері болды. Бұл процесс эвалюциясында мемлекет үлкен роль атқарды.