Ертедегі германдықтар. ХІХ ғ. 70 жылдарында К.Маркс пен Энгельс ертедегі германдықтардың қоғамдық құрылысын зерттеуді қолға алағн кезде, бұл мәселе буржуазия тарихнамасында пәре-пәресі шыққан мәселе еді. ХҮІІІ ғ. аяғынан бастап германдықтарда қауымдық жериелену болды ма, әлде герман тарихының басынан-ақ оларда жерге жеке меншік орнады ма деген мәселе талас туғызды. Бірақ Морган, Ковалевский, Маурер зерттеулерінен кейін буржуазия тарихында «қауымдық теория» жеңген сияқты еді. Энгельс те «бұл ұзақ талас толастады-ау деген еді».
Бірақ Ф. де Куланжының 70 жыл. «История общ. строя древней Франций» деген монографиясның шығуымен байланысты талас қайта жанданды.