Тарих және құқық


Пәнді оқу бойынша әдістемелік нұсқаулық



бет9/13
Дата18.02.2017
өлшемі1,35 Mb.
#10269
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13


7. Пәнді оқу бойынша әдістемелік нұсқаулық

Теориялық материалдарды оқу бойынша әдістемелік нұсқаулық
Құқық негіздері пәні заңгер емес мамандықтардың бәріне дерлік оқытылады. Қазіргі демократиялық мемлекет, нарықтық экономика қалыптастыру жағдайында бұл пән жастарды негізгі құқықтық біліммен қамтамасыз ету мақсатын көздейді.Сондықтан, Құқық негіздері пәні бойынша дәріс, семинар, СОӨЖ сабақтарында Мемлекет, құқық, Конституциялық құқық, азаматтық, әкімшілік, еңбек, отбасы, қылмыстық құқық негіздері тақырыптары қаралады, әрбір тақырыпқа ПОӘК-нде 1-2 сағаттар бөлінген.Сондықтан, бұл тақырыптарда заңгер емес студенттердің күнделікті өмірге қажетті заң ережелері қарапайым, түсінікті тілмен берілуге тиіс. Дәрісоқытушының ауызша баяндауы, конспект түрінде материалды жеткізетін оқу нысаны. Дәріс арқылы құқық негіздері пәнінің негізгі мәселелерімен танысады.

Дәріс жазу барысында студенттер мемлекет, құқық, құқықтық мәртебе, азаматтық, Конституция, демократия, құқық бұзушылық, қылмыс және т.б. терминдердің толық мағынасын құқықтық сөздіктерден табады. Дәріс барысында әр түрлі кестелер, схемалар қолданылады.Семинар, СОӨЖ сабақтарында студенттерге заңдардан мысал келтіру, қажетті нормативтік актілермен, олардың комментарийлерімен жұмыс жасау ұсынылады.



Практикалық және лабораториялық сабақтар үшін әдістемелік нұсқаулық

А) практикалық (семинар) сабақтары


Ұйымдастырушылық аспектіде қарастырылады:
- студенттердің семинарға дайындығы;
- студенттердің сабаққа қатысуы;
- студенттердің тәртібі.
Оқытушы семинар барысында семинар материалдары қаншалықты меңгерілгендігі және ұсынылған оқулықтар қолданылуына байланысты студенттін жауабы бағаланады. Оқытушы семинар соңында сабаққа жалпы баға береді, сонымен қатар студенттердің жауаптарынада баға береді.
Тақырып 1-2: Мемлекет негіздері

Мақсаты: Мемлекет нысандарының элементтерін, мемлекеттің пайда болуы туралы әртүрлі түсініктер, мемлекеттің негізгі ұғымдарын студенттер меңгереді. Әртүрлі елдердің саяси режимдерін, мемлекеттің құрылыс нысандарын, басқару нысандарын анықтайтын білімін қалыптастырады.

Негізгі сұрақтар:

    1. Мемлекет ұғымы және белгілері.

    2. Мемлекеттің шығу тегі туралы негізгі теориялар

    3. Мемлекеттің функциялары.

    4. Мемлекет нысандары

    5. Басқару нысаны: ұғымы және түрлері.

    6. Мемлекет құрылыс нысаны: ұғымы және түрлері

    7. Саяси режим: ұғымы және түрлері

    8. Мемлекет механизмі.


Әдістемелік нұсқау:

Кең түрде әңгімелесу. Семинар сұрақтарына, дәріс материалдарына негізделген кең түрдегі әңгімені ұйымдастыру. Кестелі бейнелеуді қолдану. Тақтада тапсырманы орындау және жазбаша, жаппай, жеке тұратын студенттерге білімін нығайту үшін сұрақтар қолдану.

Тақырып 3: Құқық негіздері

Мақсаты: студенттер құқық ұғымы және оған ұқсас ұғымдарды, Қазақстанның құқық қайнар көздерін меңгереді. Барлық құқық салаларында кездесетін құқық жүйесі, құрылымын оқиды.

Негізгі сұрақтар:

  1. Құқық ұғымы, қағидалары және функциялары.

  2. Құқықтың қайнар көздері.

  3. Құқықтық реттеу әдістері.

Нормативтік құқықтық актілер: ұғымы және түрлері

  1. Құқық нормасы: ұғымым және құрылымы

  2. Құқық жүйесі және оның құрылымы.

  3. Құқықтық қатынас құрылымы және түрлері. Әрекет қабілеттілік және құқық қабілеттілік. Заңды фактілер: әрекет және оқиға.

  4. Құқықтық сана ұғымы және түрлері.

  5. Құқықбұзушылық ұғымы құрылымы және түрлері. Заңды жауапкершіліктің ұғымы және түрлері.


Әдістемелік нұсқау:

Кең түрде әңгіме. Семинар сұрақтарына, дәріс материалдарына негізделген кең түрдегі әңгімені ұйымдастыру. Кестелі бейнелеуді қолдану. Тақтада тапсырманы орындау және жазбаша, жаппай, жеке тұратын студенттерге білімін нығайту үшін сұрақтар қолдану.
Тақырып 4-5: Қазақстан Республикасының конституциялық құқық негіздері

Мақсаты: ҚР конституциялық құқығы жүйесі туралы білімдері қалыптасады және нығайтылады .

Негізгі сұрақтар:

  1. ҚР конституциялық құқығы ұғымы мен жүйесі. (ҚР КҚ).

  2. Конституция ұғымы мен түрлері. ҚР конституциясы мемлекеттің негізгі заңы. ҚР конституциясы қағидалары.

  3. ҚР конституциялық құрылысы ұғымы. ҚР егеменді мемлекет. ҚР- құқықтық, әлеуметтік, зайырлы, демократиялық мемлекет.ҚР- пезиденттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет.

  4. Тұлғаның құқықтық мәртебесі ұғымы мен түрлері. Адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен міндеттері.

  5. Азаматтық ұғымы. Азаматтық алу мен тоқтатудың негіздері.

  6. ҚР сайлау құқығы мен қағидалары. Сайлау жүйесінің ұғымы мен түрлері. ҚР сайлау жүйесі.

  7. ҚР Президенті.

  8. Заңшығарушы билік негізі конститутция .

  9. Атқарушы биліктің негізі конституция.

  10. Сот билігінің негізі конституция.

  11. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару

Әдістемелік нұсқау:

семинар – диспут. Белсенді өрбіген әңгімені ұйымдастыру, яғни дәріс материалдарына, студенттердің өзіндік жұмысына негізделуі тиіс. Жаппай сұрауды қолдану.
Тақырып 6: Қазақстан Републикасының әкімшілік құқығы.

Мақсаты: ҚР әкімшілік құқығы бойынша білімін бекіту, студенттерді қоғамдағы құқықтық жүріс тұрысқа тәрбиелейді.

Негізгі сұрақтар:

  1. ҚР әкімшілік құқығы ұғымы, қайнар көздері.

  2. Әкімшілік құқық нормасы мен құқықтық қатынас.

  3. Атқарушы билік органы жүйесі.

  4. ҚР мемлекеттік қызмет ұғымы мен жүйесі.

  5. Әкімшілік құқықбұзушылық ұғымы мен құрамы.

  6. Әкімшілік жауапкершілік ұғымы. Әкімшілік жазалардың түрлері мен ұғымы.


Әдістемелік нұсқау:

Семинар баяндамаларының жүйесі. Сабақтың құрылу жолы студенттердің баяндамасын тыңдатыру және баяндамашыға топ стденттерінің сұрақ қоюы, баяндама мазмұнына талдау.
Тақырып 7-8: Қазақстан Республикасының отбасы құқығы

Мақсаты: ҚР отбасылық құқығы жүйесі бойынша білім меңгертіледі. ҚР отбасылық-неке заңнамасы түсіндіріледі.

Негізгі сұрақтар:

  1. ҚР отбасылық құқық ұғымы және жүйесі.

  2. ҚР «Неке және отбасы туралы» заңы 17 декабря 1998 ж. ҚР неке және отбасылық заңнамасының қағидалары.

  3. Некеге отырудың тәртібі мен шарттары ұғымы. Некені тоқтату.

  4. Ерлі зайыптылардың жеке құқықтары мен міндеттері. Ерлі зайыптылардың мүліктік құқықтары

  5. Отбасы ұғымы. Баланың құқықтары. Ата-аналардың құқықтары мен міндеттері.

  6. Бала асырап алудың ұғымы. Қорғаншылық және қамқоршылық ұғымы. Патронат ұғымы.

  7. Отбасы мүшелерінің алименттік қатынасы.

  8. Азаматтық хал актілері.

Әдістемелік нұсқау:

Жазбаша бақылау жұмысы. Жаппай жазбаша сұрау дәріс материалдарына, семинар сұрақтарына, материалдарды өз алдына талдауға негізделеді.
Тақырып 9-10: Қазақстан Республикасының еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру құқығы негіздері

Мақсаты: Еңбек заңы бойынша білім нығайтылады, студенттердің болашақтағы еңбек қызметтеріне құқықтық дайындық жасалады.

Негізгі сұрақтар:

  1. ҚР еңбек құқығы ұғымы.

  2. ҚР еңбек құқығы қайнар көздері.

  3. Еңбек қатынастары.

  4. Жеке еңбек шарты. Ұжымдық шарт

  5. Қызметкерлердің санаттары.

  6. Жұмыс уақыты

  7. Демалыс уақыты

  8. Жалақы

  9. Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы

Әдістемелік нұсқау:

Кең түрде әңгіме. Семинар сұрақтарына, дәріс материалдарына негізделген кең түрдегі әңгімені ұйымдастыру. Кестелі бейнелеуді қолдану. Тақтада тапсырманы орындау және жазбаша, жаппай, жеке тұратын студенттерге білімін нығайту үшін сұрақтар қолдану.
Тақырып 11-12: Қазақстан Республиксының азаматтық құқық негіздері

Мақсаты: -ҚР-ның азаматтық құқығының негізгі ұғымдары меңгеріледі.

- студенттер азаматтық құқықтық санаға, жауакершілікке тәрбиеленеді.

Негізгі сұрақтар:

  1. ҚР азаматтық құқығы ұғымы мен пәні және әдістері.

  2. ҚР азаматтық құқығы қайнар көздері және принциптері.

  3. Азаматтық құқықтық қатынастың ұғымы мен түрлері.

  4. Жеке тұлға ұғымы,құқық қабілетілік және әрекет қабілеттілік. Қорғаншылық және қамқоршылықты белгілеу

  5. Азаматты хабар ошарсыз кетті деп немесе өлді деп тану

  6. Заңды тұлға ұғымы мен түрлері

  7. Мәмілінің ұғымы мен түрлері

  8. Өкілдік

  9. Интеллектуалдық меншіктің құқықтық ережелері

  10. Мұрагерлік құқық негіздері

Әдістемелік нұсқаулық:

Тереңдетілген сұрақ: Семинар сұрақтарына, дәріс материалдарына негізделген кең түрдегі әңгімені ұйымдастыру. Тақтада тапсырманы орындау және жазбаша, жаппай, жеке тұратын студенттерге білімін нығайту үшін сұрақтар қолдану.


  1. Тақырып 13-14: Қазақстан Республикасының қылмыстық құқық негіздері және құқық қорғау органдары

Мақсаты:

- ҚР-ның қылмыстық құқығы бойынша білімі нығайтылады,



- қылмыстың құрамының элементтерін анықтауды үйренеді,

- студенттердің құқықтық жүріс тұрысы қалыптасады

Негізгі сұрақтар:

  1. ҚР қылмыстық құқық принциптері, пәні, әдістері.

  2. Қылмыс ұғымы мен белгілері

  3. Қылмыстық жауапкершілік ұғымы

  4. Жазаның түрлері, мақсаты, жүйесі.

  5. Жаза тағайындаудың алғы шарттары.

  6. Жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән - жайлар.

  7. Құқық қорғау органдары: қызметі, түрлері. Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықпен күрес

Әдістемелік нұсқаулық:

Өрбіген әңгіме. Семинар сұрақтарына, дәріс материалдарына негізделген кең түрдегі әңгімені ұйымдастыру. Қылмыстың құрамын анықтауды мысалға ала отырып сауалнамаларыдың әртүрлі нысандарын қолдану.
Тақырып 15: ҚР қаржы және экологиялық құқық негіздері

Мақсаты: ҚР салық және экология заңнамалары туралы негізгі түсініктері қалыптасады.

Негізгі сұрақтар:

  1. Бюджет және салық заңнамаларының негізгі мәні, мазмұны.

  2. Инвестициялық қатынастарды құқықтық реттеу.

  3. Әлеуметтік сақтандыру мен қамсыздандыру нысандары

  4. Орман, Жер, Су кодекстері және басқа заңдар мен нормативтік актілердің негізгі мазмұны.

Әдістемелік нұсқаулық:

Тереңдетілген сұрақ: Семинар сұрақтарына, дәріс материалдарына негізделген кең түрдегі әңгімені ұйымдастыру. Тақтада тапсырманы орындау және жазбаша, жаппай, жеке тұратын студенттерге білімін нығайту үшін сұрақтар қолдану.
С) студенттердің оқытушының басшылығымен жүргізілетін өзіндік жұмысы (СОӨЖ)
Осы курс бойынша аптасына 2 СОӨЖ қарастырылған. Бұл жұмыс кеңестік және бақылау функцияларын атқарады. СОӨЖ кезінде студенттер оқытушыға өзіндік жұмысты орындау барсында пайда болған қиыншылықтар және сұрақтар бойынша жолығуларына болады. Бұндай мәселелер болмаған жағадайда , СОӨЖ-ге берілген уақыт өткен материалдар бойынша есеп беруіне және өзіндік жұмыстарды орындап тапсыруын пайдаланылады.
СОӨЖ жоспары :

1-тақырып: Мемлекеттіњ негізгі алѓы шарттары

өткізу нысаны : жазбаша

тапсырмалар: реферат

әдістемелік нұсқаулар : А4бет , көлемі – 8-10 стр., шрифт -14. Мазмұны: жоспар, маңыздылығы, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі

әдебиеттер : Баянов А.Б. «Мемлекет және құқық негіздері», Алматы 2001

2-тақырып: Мемлекет функциялары, түсінігі мен мәні.

өткізу нысаны : жазбаша

әдістемелік нұсқаулар : арнайы арналған дәптерге орындалады; түсіндірме беру керек.

әдебиеттер : Мемлекет және құқық негіздері. З.О. Ашитов, Алматы 2003

3-тақырып: Азаматтық қоғамның белгілері мен ұғымы.

өткізу нысаны : жазбаша

тапсырмалар: мини баяндама

әдістемелік нұсқаулар : А4 форматта басылған 3-4 бет көлемінде (Times New Roman 14 шрифт) орындалады; Жұмыс талапқа сай, арнайы тақырыпта, әдебиеттері көрсетілген болуы қажет

әдебиеттер : Баянов А.Б. «Мемлекет және құқық негіздері», Алматы 2001

4-тақырып: мемлекеттік аппарат (мемлекет механизмі).

өткізу нысаны : жазбаша

тапсырмалар: Кестені толтырыңыз.

Мемлекеттік органдар

Сипаттамасы

Президент, Үкімет

Парламент

Сот органдары











әдістемелік нұсқаулар : негізгі ерекше белгілері мен ортақ ұқсастықтары талданады

әдебиеттер : Мемлекет және құқық негіздері. З.О. Ашитов, Алматы 2003

5-тақырып: Құқықтық реттеу әдістері.

өткізу нысаны : жазбаша -конспектілеу

тапсырмалар: әртүлі деректермен жұмыс жүргізу

әдістемелік нұсқаулар : А4 форматта басылған 3-4 бет көлемінде (Times New Roman 14 шрифт) орындалады

әдебиеттер : Мемлекет және құқық негіздері. Н. Дулатбек, Астана 2001

6-тақырып: Құқықтың қайнар көздерінің түрлері.



өткізу нысаны : жазбаша

тапсырмалар: ондағы жаңа ұғымдар бойынша схема сызу

әдістемелік нұсқаулар : А4 немесе А3 форматта басылады; схеманың атауы болуы қажет; схемада терминдерді көрсетумен қатар, оларға анықтама беру керек.

әдебиеттер : Құқық негіздері. С.Д. Баққұлов, Алмты 2004

7-тақырып: Құқыққабілеттілік және әрекетқабілеттілік -жан-жақты анықтама беру

өткізу нысаны : жазбаша

тапсырмалар: кесте толтыру

әдістемелік нұсқаулар : кестенің атауы болу керек; кесте салыстырмалы сипатта болуы мүмкін.

әдебиеттер : Мемлекет және құқық негіздері. Н. Дулатбек, Астана 2001

8-тақырып: Заңды жауапкершіліктің ұғымы мен түрлері

өткізу нысаны : ауызша

тапсырмалар : тақырып бойынша коллоквиумге әзірлену

әдістемелік нұсқаулар : күрделігіне байланысты тақырыпты бірнеше тақырыпшалары бойынша негізгі мәселелеріне назар аудара отырып оқу қажет

әдебиеттер : Құқық негіздері. С.Д. Баққұлов, Алмты 2004

9-тақырып: ҚР конституциясы ұғымы

өткізу нысаны : ауызша

тапсырмалар- ҚР конституциясына жалпы сипаттама беру

әдістемелік нұсқаулар : Конституцияның құрылымы мен мәнін өз түсінігімен баяндау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет