Тарих және құқық


жылға дейінгі Ресей құқығы. Мемлекетік құрылымның федералды сипаты



бет4/6
Дата15.09.2017
өлшемі0,82 Mb.
#33458
1   2   3   4   5   6

1991 жылға дейінгі Ресей құқығы. Мемлекетік құрылымның федералды сипаты


Қиыр Шығыс елдері құқығының қалыптасуына әсер еткен философиялық, діни ағымдар : даосизм, конфуций

Қазіргі кездегі ҚХР құқығы.1954, 1975,1978, 1982 ж Конституциялары


ОЖСӨЖ мазмұны:– салыстырмалы талдау

СӨЖ мазмұны: «Оңт.Шығыс Азия социалистік елдерінің құқықтық ерекшеліктері.(КХДР,ВСР атты схема құрастыру

Әдебиет: Решетников Ф.М. Правовые системы стран мира. М.1993

Саидов А.Х. Введение в сравнительное право. М.1988.



22 кредит сағат

11 практикалық сабақ



Тақырып: Азия-тынық мұхит аймағындағы мемлекеттер құқығы

Практикалық сабақ мазмұны:

Қиыр Шығыс елдері құқығының қалыптасуына әсер еткен философиялық, діни ағымдар : даосизм, конфуций

Қазіргі кездегі ҚХР құқығы.1954, 1975,1978, 1982 ж Конституциялары

Гонконг құқығының ерекшеліктері.Сот прецеденттінің қолданылуы

Тайвань құқығының ерекшеліктері.Дәстүрлі құқықтың орны.

СӨЖ мазмұны:– реферат

Әдебиет: Решетников Ф.М. Правовые системы стран мира. М.1993

Саидов А.Х. Введение в сравнительное право. М.1988.



12 апта

23 кредит сағат

12 дәріс



Тақырып: Азия-тынық мұхит аймағындағы мемлекеттер құқығы

Дәрістің мазмұны


Гонконг құқығының ерекшеліктері.Сот прецеденттінің қолданылуы

Тайвань құқығының ерекшеліктері.Дәстүрлі құқықтың орны

Ежелгі Қытай құқығының пайда болу тарихы, ерекшеліктері.

ХІХ ғ. ортасына дейінгі Қиыр Шығыс құқығы.

ХІХ аяғы және ХХ ғ.бас.Қытай құқығына Европа құқығының әсері.

ОЖСӨЖ мазмұны: дәріс сабағының сұрақтары

СӨЖ мазмұны: (схема құрастыру)

Әдебиет: Р.Давид. Основные правовые системы современности. М.1988,1996.

24 кредит сағат

12 практикалық сабақ



Тақырып: Азия-Тынық мұхит аймағындағы мемлекеттер құқығы

Практикалық сабақ мазмұны:

Ежелгі Қытай құқығының пайда болу тарихы, ерекшеліктері.

ХІХ ғ. ортасына дейінгі Қиыр Шығыс құқығы.

ХІХ аяғы және ХХ ғ.бас.Қытай құқығына Европа құқығының әсері.



СӨЖ мазмұны: (жазбаша)

Әдебиет:

Р.Давид. Основные правовые системы современности. М.1988,1996.



13 апта

25 кредит сағат

13 дәріс



Тақырып: Индусс құқығы

Дәрістің мазмұны

Индусс қауымының құқығы, ерекшеліктері.


Ману заңдары. Варна, касталық бөлініс жүйесі.

Индусс құқығының қайнар көздері.

Индусс құқығының негізгі мектептері: Даябхага, Митакшара.
ОЖСӨЖ мазмұны: – хабарлама .Индусс құқығының қайнар көздері

СӨЖ мазмұны: (схема құрастыру)

Әдебиет:

Крашенинникова Н.А. Индусское право: история и современность. М.1982



26 кредит сағат

13 практикалық сабақ



Тақырып: Индусс құқығы

Практикалық сабақ мазмұны:

Индусс қауымының құқығы, ерекшеліктері.

Ману заңдары. Варна, касталық бөлініс жүйесі.

СӨЖ мазмұны: реферат тақырыптары:

Индусс құқығының қайнар



Әдебиет: Крашенинникова Н.А. Индусское право: история и современность. М.1982
14 апта

27 кредит сағат

14 дәріс



Тақырып: Индусс құқығы. Орталық Африка және Мадагаскар дәстүрлі құқығы

Дәрістің мазмұны


Индусс құқығының қалыптасуына діннің әсері

Индусс құқығының қайнар көздері :Ведалар, смрити, дхармашастралар, нибадхазалар

Мұсылман, ағылшын құқығының үстемдігі кезеңдері

Индиядағы Британ заңдары.Ағылшын құқығын рецепциялау

Дәстүрдің мәні мен құқық жүйесіндегі орны

Африка елдерінің құқығының ерекеліктері



ОЖСӨЖ мазмұны: дәріс сабағының сұрақтары

СӨЖ мазмұны: – баяндама .Индусс құқығының қалыптасуына діннің әсері

Әдебиет: 8. Крашенинникова Н.А. Индусское право: история и современность. М.1982

28 кредит сағат

14 практикалық сабақ



Тақырып: Индусс құқығы

Практикалық сабақ мазмұны:

Индусс құқығының қайнар көздері.

Индусс құқығының негізгі мектептері: Даябхага, Митакшара.

СӨЖ мазмұны: – хабарлама

Әдебиет: Жидков О.А. История и опыт развития правовых систем. М.1997

Денисов В.Н. Системы права развивающихся стран. Киев. 1978


15 апта

29 кредит сағат

15 дәріс



Тақырып: Орталық Африка және Мадагаскар дәстүрлі құқығы

Дәрістің мазмұны Африка континенті елдерінің құқықтық жүйесіне христиан, ислам, индуизмнің әсері.


Отарлау кезеңі. Шетел құқығын рецепциялау.


Құқықтың қалыптасуы мен дамуындағы дәстүрдің ролі.

Сот жүйесі. Кодификация


СӨЖ мазмұны: – реферат . Африка елдерінің құқығының ерекеліктері

Әдебиет:

Жидков О.А. История и опыт развития правовых систем. М.1997

Денисов В.Н. Системы права развивающихся стран. Киев. 1978

30 кредит сағат

15 практикалық сабақ



Тақырып: Орталық Африка және Мадагаскар дәстүрлі құқығы

Практикалық сабақ мазмұны:

Дәстүрдің мәні мен құқық жүйесіндегі орны

Африка елдерінің құқығының ерекеліктері

Сот жүйесі. Кодификация

Әдебиет:

Жидков О.А. История и опыт развития правовых систем. М.1997

Денисов В.Н. Системы права развивающихся стран. Киев. 1978

3. ПӘН БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАУ ЖӘНЕ ТАПСЫРУ КЕСТЕСІ

Төменде мысал келтірілген пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі



Жұмыс түрі

Тапсырманың мақсаты мен мазмұны


Ұсынылатын әдебиеттер

Орындау мерзімі және тапсыру уақыты (аптасы)

Балл

Бақылау түрі

реферат

Тақырып бойынша негізгі тереңірік оқу

Семинар тақырыптары бойынша

3-5 күн


1,6 (1-7 апта)

2,1 (8-15 апта)



Қорғау, сұрақтарға жауап бер

баяндама

Өтілген тақырыптарды нақтылап бекіту, толықтыру

Семинар тақырыптары бойынша

3-5 күн



1,6 (1-7 апта)

2,1 (8-15 апта)


Қорғау, сұрақтарға жауап бер



Сөздікпен жұмыс

Білімін одан әрі жетілдіру

Семинар тақырыптары бойынша

2-4 күн


1,6 (1-7 апта)

2,1 (8-15 апта)



дәптердегі конспектілерді тексеру

Сөзжұмбақ құрастыру

Заң терминдерінің мазмұның еске сақтау

Сабақ тақырыптары бойынша

3-5 күн



1,6 (1-7 апта)

2,1 (8-15 апта)



сөзжұмбақтарды тексеру

Курс бойынша таблица және кесте құрастыру

лучшее запоминание матери

ала


Сабақ тақырыптары бойынша

3-5 күн


1,6 (1-7 апта)

2,1 (8-15 апта)



кесте, таблицаларды тексеру

Салыстырмалы талду

Ойлау абілетін арттыру

Сабақ тақырыптары бойынша

3-5 күн


1,6 (1-7 апта)

2,1 (8-15 апта)



жұмысты тексеру, сұраққа жауап

эссе

өз көзқарасын білдіруд үйрену

Сабақ тақырыптары бойынша

2-3 күн


1,6 (1-7 апта)

2,1 (8-15 апта)



Топпен талқылау

Араклық бақылау

Өткен тақырыптарды меңгеруді бақылау

1-7 аптадағы тақырып бойынша, 8-15 аптадағы тақырып бойынша

7 апта

8 апта


10

Ауызша сұрау

Емтихан

Білімді кешенді тексеру

Қажетті әдебиеттерді және НҚА қарау

Емтихан сессиясының кестесіне сәйкес 40 мин.

40

Тест тапсырмасы


4.ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТЫЛУ КАРТАСЫ
Дәрісханалық (дәріс, практикалық, семинарлық, лабораториялық, және студиялық сабақтар) және дәрісханадан тыс (ОЖСӨЖ: курстық және дипломдық жұмыстары, СӨЖ тапсырмалары) сабақтардың оқу әдебиеттерімен қамтылуын көрсетеді

Пәннің әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы


Кафедра: Философия және құқық негіздері кафедрасы

Тьютор: Ауелбаева Нургуль Жаксыбековна

Пән: «Салыстырмалы құқықтану»

Кредит саны 2






Әдебиет атауы


Барлығы


Ескерту


Кітапханада


кафедрада


Студенттердің қамтылу пайызы (%)

Электронды түрі


1

2

3

4

5

6

7

1

Р.Давид. Основные правовые системы современности. М.1988,1996.


3





20%








2

Жидков О.А. История государства и права стран Латинской Америки. М.1967



1





10%








3


Жидков О.А. История буржуазного права. М.1971


5




25%







4


Жидков О.А. История и опыт развития правовых систем. М.1997

4





22%








5


Денисов В.Н. Системы права развивающихся стран. Киев. 1978

3





20%







6


Административное право зарубежных стран. М. 1996

1




10%






7

Государственное право Германии. Т.1-2.М.1994

2




15%









5. ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ

5.1.Дәрістердің тезистері

1 тақырып: Салыстырмалы құқықтану түсінігі

Мақсаты: Салыстырмалы құқықтану пәні мен ғылыми әдістерімен танысады. Салыстырмалы құқықтанудың тарихына шолу жасайды.

Негізгі сөздер: салыстыру түсінігі, әдістері

Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны:

Юриспруденция жүйесіндегі салыстыру түсінігі, әдістері

Салыстырмалы құқықтану пәні мен ғылыми әдістері

Заң ғылымдары жүйесіндегі салыстырмалы құқықтанудың орны

ХІХ ғасырға дейінгі салыстырмалы құқықтық зерттеулер

Салыстырмалы құқықтанудың тарихи, философиялық бағыттары

ХХ ғасырдағы салыстырмалы құқықтану

Ұлттық құқықтық жүйелер ұғымы, элементтері (2 сағат)

Аристотельдің Саясат туралы еңбегінде грек, варвар қалаларының 153 конститутциясын зерттейді. Солон да Афина заңдарын жасаған кезде басқа елдердің заңдарын қараған. Аңыз бойынша 12 кесте заңдарын децемвирлер тек Ұлы Греция қалаларының заңдарын зерттегеннен кейін жасаған, отрағасырларда рим мен канондық құқықтық салыстырған, англияда 16 ғасырда Канондық құқық пен жалпы құқықты салыстырған, Монтескье салыстыру арқылы заңдарының рухын зерттеп, жақсы басқару жүйелерін анықтауға тырысқан.

19-20ғғ салыстырмалы құқықтану.

Салыстырмалы құқықтанудың мәні артып, ғылыми зерттеу қалыптаса бастады. Салыстырмалы құқықты дербес ғылым саласы ретінде әлде салыстыру әдісі ретінде қарастыру керктігі жөнінде пікірталас туындады. Осы пікірталасқа байланысты 1900ж Парижде салыстырмалы құқық бойынша халықаралық конгресс өткізіледі.

Салыстырмалы құқықтану мәні құқықтың тарихын зерттеуге, ұлттық құқықты тануға, оны жетілдіруге мүмкіндік береді. Салыстырмалы құқықтану халықаралық қатынастарда өзара түсіністіктерін қалыптастыруға (халықаралық құқық) қажетті мәні бар.

1869 жылы Францияда салыстырмалы заңнама қоғамының міндеті әртүрлі елдерде қабылданған жаңа кодекстері зерттеу, оларды француз кодекстерімен салыстырып, заңдарға өзгеріс енгізу қажеттігін анықтау болды.
2 тақырып: Роман - герман құқықтық жанұясы

Мақсаты: Роман-герман құқықтық жанұясының ерекшеліктерін ажыратады.

Негізгі сөздер: рим құқығын рецепциялау

Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны:

Роман-герман құқықтық жүйесінің қалыптасу, даму тарихы

Батыс Европа елдерінде рим құқығын рецепциялау, канондық құқықтың әсері

Роман-герман құқықтық жанұясының ерекше белгілері

Франция және Германия құқықтық жүйесінің ерекшеліктері (2 сағат)

Роман германдық құқық жанұясына сипаттама, тарихи қалыптасуы.

Роман германдық құқықтық жүйелерін ішінара мынадай топшаларға бөлуге болады: латын, герман және скандинав, латын американ құқықтық жүйелер тағы басқалар.

Ғылыми жағынан роман германдық құқық 13 ғғ басында пайда болды. Университетінде рим құқықтарын зерттеу қайта қолға алынды. 13ғғ дейін роман германдық құқықтық жанұя – дәстүрлі құқық түрінде болды.( \Рим империясының өркениеті жоғары болды) . Рим құқықтарын - Юстиниан кодекстері, 5299-534 жылдары жарияланған институттар білдңреді. 6ғғ бастап герман тайпаларының көпшілігінің өз заңдары болды(варварлар заңы).

Ортағасырда христиан дінінің әсерімен құқықтардың ролі төмендеді. 16ғғ неміс мақалы: «Заңгерлер – нашар христиандар» (дін- бауырмалдық қайырымдылық идеяларын ұстанады).

Роман герман құқықтық жанұяның қалыптасуы – 12-13ғғ Батыс Европадағы Қайта Өрлеу дәуірмен байланысты. 13ғғ дін мен адамгершілікті азаматтық құқықпен арластыруды тоқтатты. Роман германдық құқықтық жүйенің пайда болуы саяси билікпен (король) байланысты емес (жалпы құқықтай). Италиядағы Болон Университеті роман германдық құқықтың дамуына зор үлес қосты.

Роман германдық құқықтық жұйенің дамуына Европа қауымдастығы және Европалық Кеңес елдерінің «Европалық құқығы» зор әсерін тигізді. Бұл Евроапалық қауымдастықтан 12 мемлекет, Европалық кеңеске 23 мемлекет кірді. Оларға кіретін Албания мен Ирландия ғана роман германдық құқықтық жүйеге жатпайды. 1957ж Европалық экономикалық қауымдастыққа кіретін 6 мемлекет роман германдық құқықтық жүйелер арқылы өмір сүреді (Франция, ФРГ, Италия, Бенилюкс елдері, Бельгия, Нидерланды, Люксенбург).

Европалық емес құқық жүйелер.

Америкадағы испан, португал, француз, голландия отарлары роман герман құқықтық жүйелеріне ұқсас құқықтық ұғымдарды қабылдайды. Мексика, Перу, Гватемалада үнді(индейцы) қауымдарының аграрлық тәртібі сақталды. Гаитада көп салада дәстүрмен өмір сүрді.

Америка. бұрыңғы испан иеліктері, қазіргі АҚШ штаттарына айналған Флорида, Калифорния, Нью – Мексико, Аризона, Техас және т.б. қазір роман герман англо саксондық құқықтық елдеріне айналған. Керісінше Луизиана штаты, Квебек провинциясы, Пуэрто Рикода аралас құқықтық жүйе, онда бұрынғы роман германдық құқықтардың элементтері сақталған.

Роман германдық жанұя - заң ғылымында рим құқығы негізінде қалыптасқан елдерді қамтиды. 1 кезекте құқық нормасы әділеттілікпен адамгершілік талаптарына сай келетін мінез құлық ережесі ретінде қаралады. Заң ғылымдары құқықтық нормасы қандай болу керектігін анықтау негізі міндет деп санады. Сондықтан олар басқару, үкім шығару, құқық қолдану мәселелеріне көңіл аудармайды, онымен заңгер практиктер айналысады.

Роман герман елдерінде 20ғғ басында заңдар, кодекстер басты рольге ие болды. Құқық азаматтар арасындағы қатынастарды реттеу құралы ретінде қарастырылады. Сондықтан, азаматтық құқық бірінші қалыптасып, қалған салар кейін дамыды.

Роман германдық жанұя Европада пайда болды. Ол 12ғғ бастап император Юстинианның кодификациясы негізінде европа университетінде жетілдірілі. Роман германдық термині – латын және герман елдерінің университетінің бірліскен қызметі негізінде таңдап алынады(континентталдық құқық, азаматтық құқық деген терминдер тиімсіз болды).

Отарлау нәтижесінде роман германдық жанұя көптеген территорияға таралады. Роман германдық жанұя елдерінің өзара ерекшеліктері де бар (ұлттық құқықтары). Себебі Европа елдерінде қазір Француз революциясынан кейін үстемдік еткен, идеолгияны толықтай жаңартты. Қазір оларда 1 кезекте әлеуметтік теңдік, экономикалық даму тұрады. Латын Америкасы елдерінде мұндай өзгеріс болған жоқ экономикалық қиыншылық болды. Африка елдерінде дәл сондай. (оларда бөлек тайпалық өмір болады).

Роман германның жалпы құқыпен байланысы: екеуі де христандық мораль, индивидуализм (Қайта өрлеу дәуірі философиясы ағымында), либерализм, субьективтік құқық идеяларының ықпалына ұшырап екеуінін де элементтерін алған. аралас құқықтағы жүйелер – шотландиялық құқық, израиль, Оңтүстік африка республикасы, Квебек провинция, филиппин. Социалистік елдерінің заңдары роман германдық, жалпы құқық жанұяларын- «буржуазиялық құқық» деп те атады (ортақ термин).


3 тақырып: Роман-герман құқықтық жүйесіне жанасатын құқықтық жанұялар

Мақсаты: Латын Америка ,Скандинавия құқығымен танысады.

Негізгі сөздер: «рицуре» концепциясы

Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны:

Латын Америка құқығының пайда болу, даму тарихы

Жапон құқығының пайда болу, даму тарихы.Жапон құқығының дамуына Қытай құқығының әсері. «рицуре» концепциясы.

Скандинавия құқығының пайда болу , даму тарихы.Солтүстік елдердің құқықтық жүйесіне ескі герман құқығының әсері.

Скандинавия құқығы дамуының даниялық, шведтік бағыттары. (1 сағат)

Жария, жеке құқық роман герман елдерінде бәрінде бірдей салаға бөлінеді: конституциялық, әкімшілік, халыаралық жария құқық, іс жүргізу, азаматтық және сауда,еңбек және т.б. Сондықтан бір бірінің тіліне ұғымдар жеңіл аударылады (Мысалы: француз, неміс, испан, италия, голландия, португалия).

1942 жж Италия Азаматтық және Сауда құқықтарын бір кодекске біріктірді (Нидерланды 1934ж). 1896жж Германиядан Азаматтық Ережесі бұрынғы кодекстерден ерекшелігі «жалпы бөлімді » енгізді. 1900 жылдан бастап Бразилия, Греция, Кеңестік социалистік республикасы (польша, Чехословакия) кодекстері жалпы бөлім енгізді, басқа елдер бұл неміс моделінен бас тартып жалпы бөлім енгізген жоқ (Швецария, Мексика, Италия, Венгрия) Голландияның Азаматтық кодекстердегі «жалпы бөлім» тек мүліктік құқықтарды қарастырады. (Францияда көбі жалпы бөлімді қолдады, Германияда ол жалпы, абстрактылы, нақты қолданылатын (эмпирикалы) ережелер емес деп қарсы шыққандар бар).

Құқық нормасы судьялармен жасалмады, ол үшін олардың уақыты жоқ, олар « жалпы » түрде шешім шығаруға құқығы жоқ. Нақты іс бойынша шығарылған судьяардың әрбір нормасы арқылы кодекс жасауға болмайды деген түсініктер болды.

Роман германдық құқық елдері жазылған құқық елдері болып табылады (заң құқықтын бірден бір қайнар көзі). Заңгерлер бірінші кезекте заң актілерне сүйенеді (Парламен, Үкімет, әкімшілік органдардың), оларды түсіндіру арқылы (регламент, комменттарий) шешімдерін табуға тырысады.

Кейде, қандай да бір сот инстанцияларына жүгінуден немесе шағымданған кезде қандай заң бұзушылғандығын көрстеу керек. Бұл заң мен құқық бір деген тәрізді ұғым қалыптасты. Бірақ, құқық –заңға қарағанда үлкен ұғым болды. Құқыққа заңнан басқа қайнар көздер де кіреді.

Бұл көзқарасты роман герман және жалпы құқық едері ұстанды.

Ерекшелігі, роман –германдық жанұямен – құқықтық техниканы қолдану арқылы әділ заңи шешім табуға, ал жалпы құқықтық жүйе – алдымен сот шешімі арқылы әділ шешеім табуға тырысты.



Конститцияда немесе конституциялық заңдар жоғарлығы туралы (жазылған конституция) . Судьялар Жапонияда және латын Америкасы көптеген елдерінде АҚШ-дай заңды конституцияға қайшы деп жариялап оны қолданудан бас тарта алады. (Әрине жоғарғы Сот мұндай шешімді бақылап отырады). Бірқатар елдерд заңдардың конституцияға арналған Конституцялық соттарға берілген. (ГФР, Австралия, Италия, Турция және т.б.) егер жай соттар заңның конституциялығына күмәнданса істі қарауды тоқтатып, конституциялық сотқа жолдана алады. ГФР, Колумбия, Панама, Венессулада билік органдары мен азаматтар сот процеснен тыс та конституциялық сотқа жүгіне алады, ал АҚШ та ол мүмкін емес.

4 тақырып: Жалпы құқық жанұясы

Мақсаты: Жалпы құқық жүйесінің ерекшеліктерін анықтайды.

Негізгі сөздер: Статуттық құқық

Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны:

Жалпы құқықтық жүйенің пайда болуының теориялық себептері.

Жалпы құқықтың қалыптасу кезеңдері (1066-1485). Статуттық құқықтың дамуы.

Ағылшын құқығының қайнар көздері.

АҚШ құқығының ерекшеліктері.

АҚШ сот жүйесі, сот кадрларын даярлау (2 сағат)

Жалпы құқық жүйесі Англияда нормандықтардың жаулап алуы нәтижесінде, король соттарының қызмет процесінде пайда болды. Жалпы құқық жанұясына ағылшын құқығымен қатар, ағылшын тілді барлық елдерінің құқықтық жүйелері кіреді.

Ағылшындық құқық тек Англия мен Уэльсте қолданылады. Ал Біріккен крольдік, Ұлыбритания сонымен қатар Солтүстік Ирландия, шотландия, Ла Манш аралдары, Мэн аралы ағылшын құқықтарына бағынбайды. Сондықтан,оларда «британ құқығы » деген термин қолданылмайды.

Ағылшын құқығы тарихында төрт негізгі кезең бар:


  1. 1066 ж нормандықтадың басқыншылықтарына дейнгі кезең.

  2. 1066 жылдан Тюдорлар династиясы орныққанға дейінгі (1485) жалпы құқықтардың қалыптасу кезеңі (жергілікті дәстүрлердің қайшылығын жеңе отырып).

  3. 1485 жылдан 1832 жылға дейін жалпы құқықтардың дамуы, бірақ ол қосымша құқық жүйесімен («әділеттілік нормасы»деп аталатын) қатарласа дамыды.

  4. 1832 жылдан қазірге дейінгі заң шығарушылықтың дамуына орай жалпы құқықтың қоғамға бейімделуі.

1066 жылға дейінгі кезең англосаксондық құқықтық кезең деп аталады. 400 жылдай орнаған Клавди империясынан 5 ғғ басына дейінгі Римнің үстемдігі Англияда айтаррлықтай із қалдырған жоқ. Рим үстемдігі жойылып, әртүрлі герман тектес тайпалар сакс, англ, ют, датчандар Англияны иеленген кезден бастап ағылшын құқықтарының тарихы басталды (Сондықтан, ағылшын және американдық құқықтардың (жалпы құқық) сипаттау үшін «англосаксондық» деген термин қолдану дұрыс емес).

Вильгельм басқарған нормандықтардың басқыншылығымен бірге Англияда қауым тайпалық кезең аяқталып, феодализм орнады. Жерді тек королмен берілді, феодалдар тікелей королге бағынды (әскери тәртіп ағылшын құқығында өз көрінісн тапты).

Жалпы құқық ағылышын құқығы мен бүкіл англияға ортақ құқық. Ол Вестминистрлік соттар деп аталған король соттарымен жасалынды. 13ғғ бастап бұл соттар Вестминистерствода мәжіліс жасаған.

(Нормандықтар басқарғаннан кейін (Англиядағы) король соттарының жан жақты құзіреті болған жоқ (шектелді). Даулар әртүрлі соттарға берілді. Король тек «Жоғарғы Сот» қызметін жүргізді. Ол тек королдіктегі бейбітшілікке қауіп туғызған кезде және т.б. ерекше жағдайларда ғана дауларға араласты).

19 ғғ дейін (1875ж) король соттарына жеке адамдар жүгіне алмады (ерекше сот болды). Әдетте король сотына жүгінгісі келетін адамдар канцлерге (Тәждің жоғарғы лауазымды тұлғасы болып табылатын) барып одан сотқа іс қарауға ұйғарым беру туралы сұрай алды.

13 ғғ шарттар шіркеу, жерге, сауда юридикцияларын (билік органдары) қарауында болды. Вестминистр соттары мұндай істерді қарамады (тек меншік құқығымен байланысты болса ғана қараған).

Роман герман елдерінің соттары канондық құқыққа, әділеттілік пен рим құқығына сүйене отырып, істі қарау процедурасын жаңарта алды. Ал Англияда істі қараудың ерекше тәртібі бар, соттар оны қатал ұстануы тиіс. Англияның заңгерлері мен судьялары осы күнге дейін негізінен практикада тәрбиеленді(яғни тәжірибеде үйренген). Континентальды Европа елдерінен ерекшелігі мұнда (университеттік білім талап етілмейді, 20 ғғ дейін жоғарғы білімі бар адвокат, заңгерлерді сирек кездестіретін болған еді). Қазіргі кезде барристер (адвокат) болу үшін диплом қажет, бірақ заңгерлік білімі болуы міндетті емес.

Жалпы құқықтың қатал процедураға бағынуы оның қоғам дамуынан кейін қалу қаупін туғызады, сонымен қатар судья сословиесінің консерваторлығы сақталды.ХІҮ ғасырда әділет құқығы деген пайда болды.Ол жалпы құқықпен қатар дамыды.

Вестиминистрлік соттарының шектеулі өкілеттілігі көптеген дауларды қараудан тыс қалдырды. Сондықтан тараптардың әділеттілікке жетуі үшін тікелей корольге жүгінуіне әкелді (король барлық әділеттілік пен қайрымдылықтың қайнар көзі болды).корольдік соттардан шешім таба алмаған немесе оған қанағаттанбаған адамдар корольдің араласуын сұраған. Егер лорд канцлер шағымды дұрыс деп тапса, шағым корольге жіберілді, король оны өз Кеңесінде қарады. 15 ғғ да Лорд канцлер дербес судьяға айналып, король мен Кеңестердің атынан өзі шешім шығарды (істі «әділеттілік» туралы ілімдерді қолдану негізде шешкен. Олар жалпы құқықтағы «құқықтық» принциптерге толықтырулар енгізген).
5 тақырып: Мұсылман құқығы

Мақсаты: Мұсылман құқығының қайнар көздерінің маңыздылығын біледі.

Негізгі сөздер:иджма,кияс

Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны:

Исламның негізгі принциптері мен пайда болу ерекшеліктері.

Мұсылман құқығының қайнар көздер жүйесі.

Мұсылман құқығының негізгі мектептері : сүннеттер, шииттер.

Иранның құқықтық жүйесінің ерекшеліктері. (2 сағат)

Батыстық емес (мұсылман, индеуистік, идуейстік құқық) елдердің бірқатары құқықтың үлкен құндылығын мойындады, бірақ құқықтың өзін Батысқа қарағанда басқаша түсінді. Енді бірқатары – құқық идеясынан бас тартып қоғамдық қатынастар басқа жолмен реттелінуі қажет деп санайды (Қиыр шығыс елдері, Африка, Мадагаскар).

1.Мұсылман, индусс, индуейстік құқық . Француз, ағылшын, болгар, алжир университеттерінде құқық судьялармен қолданылған нормалардың жиынтығы болса, біреулері мінез –құлық идеальды моделі деп санаған (европалық), мұсылман елдерінде ислам діндеріне байланысты мұсылмандық құқықты идеалы деп санаған (құқық), ал жергілікті дәстүрлермен билік органдарының заңдары – уақытша немесе жергілікті деп санаған (иудей құқықтары да). Индустарда - әділеттілік туралы ілім – дхарма, байлық пен билікті қамтамасыз ету арта (арту) деп аталады.
6 тақырып: Социалистік құқық

Мақсаты: Социалистік құқық ұғымы және дамуының негізгі кезеңдерімен танысады.

Негізгі сөздер: Социалистік құқық

Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны:

Социалистік құқық ұғымы және дамуының негізгі кезеңдері.

Социалистік құқықтың қайнар көздер жүйесі.

Оңт.Шығыс Азия социалистік елдерінің құқықтық ерекшеліктері.(КХДР,ВСР).

Куба Республикасы және Шығыс Европа постсоцалистік елдерінің құқықтық жүйесі. (2 сағат)

1917 жылы ресей батыстық әлемнен бас тартып, жаңа типтегі қоғам құра бастады. Олар коммунистік қоғам құруды көздейді. Коммунистік жүйеде – мемелкетте, құқықта болмайды. Қоғамдық қатынастар дәстүрмен, ұжымдық шаралармен реттелінентін болуы керек (билік, мәжбүрлеу де). Кеңестер Одағында бұл идеал жүзеге аспады. Тек социалистік мемлекет құрып, экономика саласы, өндіріс құрылымдары мемлекет меншігіне айналды. Саяси жүйеде коммунистік партияның билігі орнады. Қоғамдық тәртіп пен құрылысты мелекеттік мәжбүрлеу арқылы ұстап тұрды.

Жоспарлы экономика заңды тұрғыда реттеуді қажет етеды. Социалистік құқықтың роман германдық құқықтық жүйемен ұқсастығы бар: терминологияда, құқықтық норма түсіндіруінде француз, неміс тұжырымдамаларымен бірдей. Сондықтан ағылшын, американ ойшылдары кеңестік құқықты – роман германдық жүйесіне жатқызады. Бірақ, социалистік елдердің заңгерлері оны бөлек жүйеге жатқызады. Олар үшін құқық- қондырма, белглілі бір экономикалық құрылыс бейнесі. (Батыста нарқытық экономика, Кеңес елдерінде - жоспарлы экономика) (Социалистік және социалистік емес елдерде өмір салты, ойлау жүйесі өзгеше), (Социалистік емес елдер (Батыста) –де демократия, сайлау, Парламент жеке меншік шарттар және т.б. ұғымдар кең қолданылды). Ал социалистік елдерде бұл ұғым қолданылмайды.

Швеция, Гвинея, Сирия, танзания, Қытай, Куба – КСРО үлгісі бойынша социалистік мемлекеттердің элементтерін алғанымен де, оларды КСРО-ның социалистік, кеңестік құқықтармен теңестіруге болмайды, Олар өзіндік даму жолына түскен елдер ( дәстүрі, өркениеті жағынан).

1 кезең. Ресей тарихы 9ғғ аяғынан басталады. Бұл кезде Рюрик басқарған Скандинавиядан келген тайпа (варягтар) 892жылы Киев Русьне үстемдік орнатты. Осылайша құрылған мемлекет 1236 жылдарға дейін өмір сүрді. Осы жылы маңғолдармен қиратылды. Бұл мемлекет 989 жылы Владимир патша тұсында христиан дінің қабылдады. Осы кезде шіркеу ықпалын бекіту үшін дәстүрлерді жазу басталды. Орыс дәстүрлерді (киев жерлеріндегі) 11ғғ 1 жартысында жазылды, 11-14ғғ дәстүрлердің жиынтығы – Русская Правда деп аталды. Бұл славиян тілінде жазылған дәстүр қоғамды кең ауқымда сипаттады. Және ол феодалдақ құрылысты куәландырды (герман тайпалық «варвар заңдарына» қарағанда).

Жергілікті дәстүрлі құқықпен қатар Киев Русьінде византия құқығы да қолданылды (себебі ертеректе Византиямен шарттар жасалған).Батыст ашіркеу рим заңдарымен өмір сүрсе, Ресейде шіркеу – византиялық құқықтыы қолданды (азаматтық және канондық құқықты бірдей қалыптастырып) 1236 жылы Алтын Орда (маңғол) үстемдігі бекіды. Ол тек 1480жылы 3 иванның кезінде 100 жыл ұлт азаттық соғыстан кейін аяқталды. Моңғол үстемдігінің саяси салдары – ресейдің Батыстан оқшаулануы. Орыс құқығы маңғол әдет ғұрып құқығының (яссы) әсеріне көп ұшыраған жоқ.

2 кезең. Моңғол үстемдігінен босанған кезең – Ұлы Петрдің кездеріне дейін , 1689 дейін. (1591 жылы крепоснойлік право бекітілді). Патшаның деспоттық саяи режимі орнады. 1649ж Алексей Михайлович (Романовтар әулетінің 2 патшасы) Уложениесі шығады (Сборное уложение)- Светское право. Ол 25 тарау, 963 баптан тұрған.

5 кезең. Орыс құқығының. 1689жылы Ұлы Петр патшадан – 1917 жылығ қазан революциясына дейін Ресейдің Батыспен байланысы орнады. Халықаралық дәстүрмен өмір сүрді, бірақ әкімшілікке қатаң бағынды. І Петр А, Михайловичтің Уложениесін қайта қарап шведтік үлгідегі кодекс қабылдады, ІІ Екатерина табиғи құқық мектебінің бағытына сәйкес кодекс қабылдауды ұсынды, бірақ жүзеге аспады.

Орыс құқықтарын француз үлгісінде жаңартуға ұмтылыс 19ғғ басталды. 1 Александр тұсында оның министрі Сперанскиймен жасады. 1 николой тұсында орыс құқығна консалидация жасады, нәтижесінде, заңдар жинағы (Свод Законов – 1832жж) шықты – 15 том, 42 мың бап, мәні жағынан наполеон кодфикациясына емес, 1794ж пруссия Жер Уложениесіне жақын болды. Заңдар жинағы маңызы өзгерілмеген бұрыңғы орыс заңдары жүйелі жинағы бола алмаған.

Тек 19ғғ 2 жартысы ІІ Александрдың тұсында либералды реформалар жасалынды, крепоснойлік право жою, 1864ж сот реформасы, 1855жж Ресей Қылмыстық Уложениесі ( ол 1903жж қайта қаралды) (1917жж дейін) тек Азаматтық кодес жасалған жоқ бірақ, жобасы жасалынды).

Орыс заң ғылымы- византия, яғни Рим құқығынан көп нәрсе алған (категория, құқық түсінігі және т.б.) Континентальды Европада Англияда құқық моралды табиғи толықтырушы ретіде қаралады. Ал ресейде олай емес. Ресейде қазірге дейін заңгерлер болған жоқ: 1 орыс университеті – Московский (Мәскеу университеті) – тек 1755ж, Петербург университеті 1802ж құрылды. Орыс заңи әдебиеті – тек 19ғғ 2 жартысынан пайда болды. 1864 жылы реформамен кәсіби адвокатура құрылды, сот функциялары әкімшілік функциялардан бөлінді (оған дейін полция, сот, әкімшілік арасында нақты айырмашылық болған жоқ).

Басқа социалистік елдер халықаралық демократиялық елдері –Венгрия, Польша, Чехословакия, Хорватия, Словения – бұрыңғы роман герман елдері болған. Олардың Ресейден ерекшелігі көп. Ресейде құқық билеушілердің қалауынша жасалынып туындайтын болса, мұнда қоғамның негізгі тірегі болып табылады. Балқан елдері (Албания, Болгария, Румыния, Сербия) .Олар Ресей тәртібі Византияның ықпалында болды. Соданг кейін түрік басқыншылығы болды. Ал Ресей татар басқыншылығында болды.ресей өз бетімен басқыншылығынан босаса, балқан елдері сырттан көмек алады. Сондықтан балқан елдері батыс, Орталық Европалық мәдениетін алды. Ресей оқшау (коммунизм) дамыды.

Марксизм – ленинизм европа елдеріндегідей философиялық ағым ғана емес, социалистік елдерде бұл ресми танылған ілім, оған қайшы келген кез келген көзқарас- жалған қоғамдық құрылысқа қауіпті көзқарас болып саналды (Бұл ілім өмір жақсы болу үшін қалай жасау керек үйрету). (Базис және надстройка), экономика базис, адамгерлік, дін, құқық – қондырма (бәрі экономикалық құрлымға байланысты). Марксизм ілімі бойынша қоғамдағы барлық қайшылықтар - әлеуметтік таптар арасындағы жіктеліске байланысты. Сондықтан өндіріс құрылымдарына жеке меншікті жою керек деді. (Ортақ меншік, адамдарды қанауды жою, «әркімге өз қабілетіне өз мүлігіне » қарай, сонда мәжбүрлеу керек емес, мемлекет пен құқық болмайды). Құқық қоғамның коммунистік идеалға көшу құралы (коммунизмде бәрі еркін тең).

Алайда Кеңес Одағы коммунизм құруға қабілетсіз болып шықты, керісінше азаматтар қоғамдық істерді шешуден ығыстырылды, жауапсыздық, коррупциялық бюрократия пайда болды (Сталин т.б).


7 тақырып: Азия-Тынық мұхит аймағындағы мемлекеттер құқығы

Мақсаты: Қытай құқығының пайда болу тарихы, ерекшеліктерін анықтайды.

Негізгі сөздер: Қиыр Шығыс құқығы

Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны:

Ежелгі Қытай құқығының пайда болу тарихы, ерекшеліктері.

ХІХ ғ. ортасына дейінгі Қиыр Шығыс құқығы.

ХІХ аяғы және ХХ ғ.бас.Қытай құқығына Европа құқығының әсері.



(2 сағат)

Қазіргі кезде әрбір елдердің өз құқықтары бар, сонымен қатар 1 мемлекетте бірнеше бәсекелес құқық жүйесі болуы мүмкін. Мемлекеттік емес қауымдастықтардың да өз құқықтық жүйесі бар. Канондық құқық, мұсылмандық құқық, индусс, идуей құқықығы. Сонымен қатар мемлікет аралық және сыртықы сауда қатынастарын әлемдік және аумақтық деңгейде реттейтін халықаралық құқық бар.

Рене Давид ортақ белгілері (құқықтың қайнар көздері) бойынша елдерді мынадай топтарға бөлген: роман герман, жалпы құқық (англо-американдық), социалистік құқық, діни (мұсылмандық, индусс), дәстүрлі (африка, мадагаскар), Қиыр Шығыс (Қытай, Жапония).

Қиыр Шығыс елдерінің Батыста, ислам елдерінде, индияда құқық әділеттілік айнасы болып есептелді, құқықтардың болмауы – анархияға әкеледі, сондықтан құқық нормасын сақтау керек, ол сот төрелігінің шіркеуі саналған. Қиыр Шығыс елдерінде Қытайда құқық произволдың қаруы, заттардың қалыптасты тәртібін бұзушы фактор болып саналды. Сондықтан адамдар заңға емес, гармония мен бейбітшілікке ұмтылу керек. Сот органдары келістіру, татуластыру қызметін атқаруға тиіс (делдал). Қытайдағы коммунистік режим, Жапониядағы батыстандыру – бұл көзқарастарды өзгерте алған жоқ.


8 тақырып: Индусс құқығы

Мақсаты: Индусс құқығының қайнар көздерімен танысады.

Негізгі сөздер: Даябхага, Митакшара

Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны:

Индусс қауымының құқығы, ерекшеліктері.

Ману заңдары. Варна, касталық бөлініс жүйесі.

Индусс құқығының қайнар көздері.

Индусс құқығының негізгі мектептері: Даябхага, Митакшара. (1 сағат)

Батыстық емес (мұсылман, индеуистік, идуейстік құқық) елдердің бірқатары құқықтың үлкен құндылығын мойындады, бірақ құқықтың өзін Батысқа қарағанда басқаша түсінді. Енді бірқатары – құқық идеясынан бас тартып қоғамдық қатынастар басқа жолмен реттелінуі қажет деп санайды (Қиыр шығыс елдері, Африка, Мадагаскар).

1.Мұсылман, индусс, индуейстік құқық . Француз, ағылшын, болгар, алжир университеттерінде құқық судьялармен қолданылған нормалардың жиынтығы болса, біреулері мінез –құлық идеальды моделі деп санаған (европалық), мұсылман елдерінде ислам діндеріне байланысты мұсылмандық құқықты идеалы деп санаған (құқық), ал жергілікті дәстүрлермен билік органдарының заңдары – уақытша немесе жергілікті деп санаған (иудей құқықтары да). Индустарда - әділеттілік туралы ілім – дхарма, байлық пен билікті қамтамасыз ету арта (арту) деп аталады.
9 тақырып:

Орталық Африка және Мадагаскар дәстүрлі құқығы

Мақсаты: Африка және Мадагаскар дәстүрлі құқығының маңызын анықтайды.

Негізгі сөздер: Шетел құқығын рецепциялау

Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны:

Құқықтың қалыптасуы мен дамуындағы дәстүрдің ролі.

Африка континенті елдерінің құқықтық жүйесіне христиан, ислам, индуизмнің әсері.

Отарлау кезеңі. Шетел құқығын рецепциялау. (1 сағат)


Оңтүстік Африка Республикасы голландиялықтардың үстемдігінде болғандықтан ромаг германдық жанұя болды, кейін Англияның басып алуымен байланысты англо саксондық құқыққа көшті (Родезия, Ботсвана, Лесото және т.б. елдер аралас құқыққа айналған).

Азия және Индонезия. Турция (1939 жылдан бастап) - европалық кодекстерді үлгі ретінде алды. 1914 ж соғысқа дейін мұсылман дәст.рлерін ұстанды. 1926 жж Швейцар міндеттемелік кодексін рецепциялағаннан кейін ол роман германдық жанұяға көшті. Таяу Шығыстағы Араб мемлекеттері 1918 жж бастап (египеттей) Франциямен заңи байланыс жасады. Бірақ мұсылман дінің ұстанушысы азиялықтарға қатысты мұсылманыдық құқты кең қолданды. Израильде ағылшындарға баығытталған террористік бағыныштылықтан жалпы құқық орын алды (бұрын Франко – оттоман құқықтары болған (Франция). Ирак пен Иорданияда британ мандатын (бағыныштылығын) жою - роман германдық құқықтың қайта қалпына келуіне мүмкіндік жасаған. Сауд Аравиясы мен Эмиаттарда Америка және ағылшын әсері күшті болды, бірақ мұнай саудасы ( роман –герман елдерімен) олармен кейбір құқық салаларын байлнаыстырды.)

Кувейтте - египеттікке ұқсас Сауда кодексі қабылданды. Ол француз құқықтарының әсерін көрсетті. Иран мен Афган – таза күйінде мұсылмандық құқыққа қайта көшті. Қытай, Вьетнам, Солтүстік Кореяда - роман герман жанұясы аз уақыт өмір сүрді.

Жапония, Тайвань, Оңтүстік Корея – роман германдық құқықтық жанұямен тығыз байланысты. Испан отарлауы нәтижесінде Филиппин роман германдық жанұяға енді. Бірақ 50 жыл американның жаулауы – оны аралас құқыққа айналдырды. Цейлон, Шри –Ланкада аралас құқыққа жатады. Голландияның отары Индонезия роман германдық құқықтық жүйеге жатқызылды. Бірақ, ол мұсылман және әдет ғұрып құқығымен үйлесін тапқан, сондықтан аралас деп айтуға болады.


5.2. Әдебиеттер тізімі

1. Р.Давид. Основные правовые системы современности. М.1988,1996.

2. Жидков О.А. История государства и права стран Латинской Америки. М.1967

3. Жидков О.А. История буржуазного права. М.1971

4. Жидков О.А. История и опыт развития правовых систем. М.1997

5. Денисов В.Н. Системы права развивающихся стран. Киев. 1978

6. Административное право зарубежных стран. М. 1996

7. Государственное право Германии. Т.1-2.М.1994

8. Крашенинникова Н.А. Индусское право: история и современность. М.1982

9. Крашенинникова Н.А. История государства и права Кубы.

10.Решетников Ф.М. Правовые системы стран мира. М.1993

11. Саидов А.Х. Введение в сравнительное право. М.1988.



6.CЕМИНАР (ПРАКТИКАЛЫҚ) САБАҚТАРДЫҢ ЖОСПАРЫ

1 практикалық сабақ



Тақырып: Салыстырмалы құқықтану түсінігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет