Тарих және құқық


Ежелгі Үндістан мемлекеті мен құқығының кезеңдері



бет16/26
Дата25.02.2018
өлшемі1,79 Mb.
#38201
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26

Ежелгі Үндістан мемлекеті мен құқығының кезеңдері:


1 кезең - алғашқы қауымдық құрылымның ыдырауы және құлиеленуші мемлекеттердің пайда болуы ( б.э.д II мыңжылдықтың екінші жартысы).

2 кезең – Үнді мен Ганг аймақтарында құлиеленуші мемлекеттердің құрылуы (Б.э.д. II мыңжылдық – б.э.д. IV )

3 кезең - Маурийлердің орталықтанған мемлекетінің құрылуы және гүлденуі (б.э.д. IV – II ғ.ғ. )

4 кезең – Үнділік құлиеленушілік қоғамның шиеленісі және шаруашылықтың феодалдық жүйесінің бекітілуі (б.э.д. II ғ.)

Қоғамдық құрылымы – кастаға бөліну: брахман – діни каста, кшатрий - әскери каста, вайши – шаруа, қолөнершілер, шудра- қайыршыланған шаруалар, бостандыққа жіберілген құлдар.

Индиядағы басқару жүйесі – патша, раджа немесе магараджа. Жоғарғы кеңес – Паришад,өкілді жиналыс – Сабха.

Б.з.д. 2-1 ғ 12 тарау мен қоссөздер түрінде жазылған 2685 баптан тұрған Ману заңдары жасалды. Онда діни, адамгершілік,құқықтық нормалар қамтылған.Несие шарты бойынша айына брахманға 2, кшатрийге 3 вайшиге 4, шудраға 5 пайыз үстемақы белгіленген.Ұры ұрлық жасаған жерінде ұсталса сол жерде өлтірілді, басқа жағдайда 11 есе айыппұл төледі.

Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:


  1. Мұрагерлік құқықта қандай өзгеріс бар?

  2. Ведалар , дхармашастралар дегеніміз не?

Әдебиеттер:


Әмірбеков Ш. Мемлекет және құқықтың жалпы тарихы. Өркениет, 2000.

Мұхтарова А.К. Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы. Алматы, 1999.

Булгакова Д.А., Истаев А.Ж., Всеобщая история государства и права. Алматы, 1999.

Галанза П.Н. История государства и права зарубежных стран (рабовладельческое и феодальное государства и право) Москва,1980.

Батыр К.И. Всеобщая история государства и права. Москва, 1994

5 дәріс

Тақырып: Ежелгі Қытайдың мемлекеті мен құқығы

Дәрістің мақсаты : Шан Ян реформаларының маңызын көрсету.

Дәрістің мазмұны


1. Ежелгі Қытайда мемлекеттің пайда болу және даму кезеңдері.

2. Мемлекеттің жоғарғы органдары. Патшалық биліктің дамуы : ван, ди, хуанди. Орталық мекемелер. Мемлекеттік идеологияның эволюциясы: конфуциан мен легизм .

3. Жергілікті басқару органдары. Сот құрылымы.

3. Құқықтың қайнар көздері.



Қысқаша мазмұны: Ежелгі Қытай мемлекетінің қоғамдық және  мемлекеттік құрылысы. Инь мемлекеті рулық тайпалықтан басқа территориялық жағынан бөлінбеген. Мемлекетті ван басқарған. Ол басқа жерлерге жорықтар ұйымдастырып тұрған. Оған бағындырылған тайпалар салық төлеп, әскерге адамдар беріп отырған және Шан қаласына үнемі келіп отыру міндетті болған. Ван сонымен бірге елдегі жоғарғы абыз да болып есептелген.

Шань қоғамының маңызды орталығы Аньян қаласы. Бұл кезеңнен бізге қалған деректі мұра-киіз кітап мұражайы, хайуандардың жауырын сүйектеріне және тасбақаның тас қабығына жазылған 100000 жазуы бар Инь оракулы, мәлімет бойынша абыздар оның ішіне 41000 жазу жариялаған дейді. Бұл жауырын мен тас қабықтарды бал ашуға пайдаланған.

Үкіметті де, шіркеу шаруашылығын да  және дала шаруасын да Ван басқарған. Ван аспанның баласы, ол тағын балаларына мұрагерлікпен бере алған, әскери қол басшы қызметін қоса атқарған. Оның билігі шексіз, айтқан бұйрығын орындамаған адамдардың басын шауып тастаған.

Ванның көмекшілері болатын, олардың қатарына жоғарғы вельможа-цзай, нәйши, сот қызметкерлері, жоғары абыз, хатшылар кіретін. Қытайдың мемлекеттік басқару аппараты иерархиялық қағидаға негізделген, қызметкерлері 20 жуық рангіге бөлінген. Лауазымды тұлғаларды атқаратын қызметтеріне байланысты үш топқа бөлген. Ванға көмектесетін әртүрлі әкімшілік қызметтерді орындаушыларды азаматтық лауазымды тұлғалар деп бірінші категорияға жатықызған. Екінші категорияға әскери лауазым иелерін енгізеді. Үшінші категорияға барлық балгерлерді, көріпкелдерді және т.б. көмекшілерді жатқызады.

Қытай қоғамында жергілікті көсемдерді чжухау деп атаған. Олардың 8 рангісі болған. Чжухоу Ван сарайына тұрақты келіп есеп беріп тұруға және оның әмірлерін орындауға міндетті. Жергілікті халықтан алым-салық жинауды чжухау жүзеге асырады.

Шаньда тұрақты әскер болған жоқ, чжухоу 3000, 5000, 6000 сарбаздардан тұратын жасақтар дайындайтын. Сарбаздар қола қару жарақтармен жабдықталған. Олар атты және жаяу әскер болып екіге бөлінген.

Чжоу мемлекеті (б.э.д. ХІІ-ІІІ ғғ.). Чжоу әулетінің басқарган кезі үш кезеңге бөлінді: Батыс Чжоу кезеңі (б.э.д. 1122-742 жж.), Шығыс чжоу кезеңі (б.э.д. 770-403 жж.), «күрескен патшалықтар» (б.э.д. 403-221 жж.).

Чжоу мемлекетінің қоғамдық құрылысына келсек, үстемдік билік құлиеленуші аристократтардың қолында болған. Аристократтар тобына чжоу мұрагерлік тобы және әскери біліктілер, сонымен қоса чжоу аристократтарының сенімін ақтаған инь аристократтары жатады:-Ван-адамдар ішіндегі ерекше адам; - Чжухоу провинцияларды мұраланушылар немесе чжоу ақсүйектерінің өкілдері; - Дафу - ру-тайпа көсемдері; - Ши – үлкен семья басшылары. Қалған адамдар қарапайым халық деп саналған.

Әрбір топтағылар киімі ішетін тамағы, малдары мен құлдардың саны, тіпті өлгенде жерленетін мола-қабірлеріне дейін бір-бірінен ерекшеленіп, олардың қай топқа жататындығын көрсетіп отырған. Чжоу кезеңінің деректері «киім дәрежеден, ал байлық сыйлық көлемімен анықталу керек» деген қағиданы ұстанған. Жер мемлекеттің меншігінде, яғни Ван жерді толығымен билеген. Сонымен қоса ірі жериеленушіліктер дами бастады. Бізге жеткен деректер бойынша жерден айыруға, жалға беруге, кепілге қалдыруға болады.

Мықты орталықтанған Цинь мемлекеттің пайда болуына мемлекет сановнигі Шан Ян реформасы әсерін тигізді. Мемлекетті күшейту туралы реформалар жөніндегі алғашқы бұйрықтарды Шан Ян б.э.д. 359 жылы дайындады. Онда:1. Тұрғындарды жаңа территориялық бөліністерге – «бестік» және «ондық» семьяларға бөлу.  2. Ата-аналарымен бір семьяда тұрып жатқан екі ер жеткен балалы адамдарды жазалау. 3. Әскери еңбегінсіз құрметтеу мен қанды кекке тыйым салу. 4. Егін шаруашылығы және тоқыма кәсібімен шұғылданатындарды қолдау. 5. Әскерге еңбегі сіңбеген мұрагерлік ақсүйектердің артықшылық құқықтарын жою жарияланды.



Шан Ян әкімшілік реформасы бойынша, бұрынғы патша шекарасын бұзып, территорияны 36 облысқа бөлді. Облыс уездерге, уездер болыстарға, болыстар тиндерге (ең төменгі әкімшілік бөлініс) бөлінген. Әр облыстың басында азаматтық және әскери билікті жүзеге асыратын екі басқарушы отырды, оларды Астанадан император лауазымға сайлаған, кез келген уақытта биліктен босата алады. Бұл кезде мемлекеттік шенеуніктер үшін талап өте қатал еді, кішігірім қате жібергені үшін ауыр жазаға тартылатын. Бұрынғы аристократиялық титулдар жойылды. Біліктілер қатарына қосылу үшін байлық пен мемлекетке сіңірген еңбегін баға-ланатын. Осы кездегі мемлекеттік аппарат өзінің күрделігімен, ауқымдылығымен ерекшеленді. Аталмыш реформа ерте Қытай мемлекетін біршама біріктіріп ұстады. Бірақ, терең әлеуметтік қайшылықтардың нәтижесінде көтерілістер шығып, мемлекеттің саяси жағдайын өте тұрақсыздандырды. Б.э.д. 209 жылғы көтеріліс Цинь монархиясының ыдырауына әкеп соқты. Оның орнына билікке Хань әулеті келді. Жаңа әулеттің негізін қалаушы ауыл старостасы, көтеріліс жетекшісі Лю Бан.

  Қытайдың пайда болуы б.зд. 18 ғ. шань немесе инь тайпа одағымен байланысты.Б.з.д.4 ғ.сановник Шан Ян реформа жасады:жерді еркін сату, сатып алуды заңдастырды,әрбір 5 шаруа отбасыны бақылайтын жетекші тағайындалды.1 ғ. император Ван Ман реформасы :жерді сатуға тыйым салды, мемлекеттікменшікке айналдырылды.



Өзін-өзі тексеретін сұрақтар

  1. Ежелгі.Қытай мемлекетіндегі Шан Ян, Ван Ман реформаларының ерекшелігі қандай?

  2. Ежелгі Қытайда мемлекеттің пайда болуына негіз болған тайпаның аты?

  3. Сановник Шан Янның б.з.д. IV ғасырдың ортасында “бестік” принципі?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет