М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
«Бекітемін»
тарих және құқық
факультетінің деканы
_______ Д.Б.Абулкасова
«__»__________ 20 _ж.
Құқықтық пәндер кафедрасы
050301 Құқықтану
мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын
студенттерге арналған
Шетел мемлекеті мен құқығы тарихы
(пәннің атауы)
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Курс – I
Семестр – I,ІІ
Кредит саны – 3
Дәріс – 30 сағат
Практикалық сабақ (семинар) – 15 сағат
Оқытушының жетекшілігімен
студенттің өзіндік жұмысы (ОЖСӨЖ) – 45 сағат
СӨЖ – 45 сағат
Емтихан – І, IІ-ші семестрде
Барлығы – 135 сағат
Орал 2010 ж.
Курс бағдарламасы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі. Астана, 2006. Пәннің оқу-әдістемелік кешені шетелдерінің мемлекет пен құқық тарихы типтік бағдарлама негізінде құрастырылған.Авторы: Қ.А.Жиреншин.
Құрастырушы (лар): оқытушы Ауелбаева Нұргүл Жақсыбекқызы
(аты-жөні, лауазымы, ғылыми дәрежесі)
Құқықтық пәндер кафедрасының отырысында қарастырылды.
“____” ________________200__ ж. № ___хаттама.
Кафедра меңгерушісі___________ Серикова Л.С.
(қолы)
Факультеттің оқу-әдістемелік
кеңесінің төрағасы _______________ ____________________
(қолы) (аты-жөні)
1. Шетел мемлекеті мен құқығы тарихы пәнінің типтік оқу бағдарламасы.
Типтік оқу бағдарламасы 050301 «Құқықтану» мамандығы бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сәйкес дайындалған.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі. Астана, 2006. Пәннің оқу-әдістемелік кешені шетелдерінің мемлекет пен құқық тарихы типтік бағдарлама негізінде құрастырылған.Авторы: Қ.А.Жиреншин.
Типтік оқу бағдарламасы ежелгі дүние, ортағасыр, кейінгі, қазіргі заман тарихы әрбір кезеңдердегі мемлекет және құқықтың қалыптасып дамуы туралы тақырыптарды қарастырады.
Бұл типтік оқу бағдарламасы кітапханада (№3-оқу залында 1 дана) және кафедрада (1 дана) бар.
2. КУРС БАҒДАРЛАМАСЫ (SILLABUS).
2.1 Оқытушы туралы мәлімет
Оқытушының аты–жөні: Ауелбаева Нургуль Жаксыбековна
Офис: Құқықтық пәндер кафедрасы
Жұмыс мекен-жайы: Орал қаласы, Сарайшық көшесі 34
Жұмыс телефоны: 51-04-69
Е-mail:
2.2 Пән туралы мәлімет
Шетел мемлекеті мен құқығы тарихы
Семестр 15 оқу аптадан және 2 апта сессиядан тұрады.
Бір аптада 3 кредит сағат (оқу үрдісі кестесі және жұмыс оқу жоспарына сәйкес ауыстырылады), әр кредит-сағат бір байланыс сағаттан (дәріс немесе практика) және екі сағат оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысынан (ОЖСӨЖ), студенттің өзіндік жұмысынан (СӨЖ) тұрады.
Кредиттің аптаға бөліну кестесі (3 кредит):
Сабақтар
|
Өткізу уақыты
|
Сабақтар
|
Өткізу уақыты
|
Байланыс сағаты 1
(1 дәріс)
|
50 мин.
|
ОЖСӨЖ, СӨЖ
|
50+50 мин.
|
Байланыс сағаты 1
(1 дәріс)
|
50 мин.
|
ОЖСӨЖ, СӨЖ
|
50+50 мин.
|
Байланыс сағаты 1
(1 практика)
|
50 мин.
|
ОЖСӨЖ, СӨЖ
|
50+50 мин.
|
Кредит саны – 3
Өту орны: № 3 оқу ғимараты, сабақ кестесі бойынша
Оқу жоспарынан көшірме:
Курс
|
Семестр
|
Кредит саны
|
Дәріс
|
Семинар
|
ОЖСӨЖ
|
СӨЖ
|
Барлығы
|
Бақылау
түрі
|
1
|
1,2
|
3
|
30
|
15
|
45
|
45
|
135
|
емтихан
|
2.3 Кіріспе
Курстың қысқаша сипаттамасы:
Кіріспе
Әлемдік мемлекеттіліктің тарихына елеулі әсер еткен елдерде мемлекет және құқықтың пайда болуы мен дамуын шетел мемлекет және құқық тарихы зерттейді . Осыған орай, жалпы заңдылықтар мен жеке елдердің мемлекет және құқық тарихының спецификалық жақтары ашылып, олардың дамуын айқындаған негізгі себеп – салдар байланыстары оқытылады. Аталған процесстердің қарама – қайшылығы мен барлық қиындығын көруге мүмкіндік беретін, сонымен қазіргі мемлекеттілікті тереңнен ұғуға, сонымен қатар болашақта оның дамуының негізгі қырларын болжай отырып, шарттар шығарылады.
Курстың мақсаты: Шетелдер мемлекеті мен құқығының тарихы» пәнінің мақсаты әлемдік генезис практикасына және құқықтық процесстер мен құбылыстардың дамуына әсер еткен мемлекеттік мекемелер эволюциясы және құқықтық институттарының қалыптасуы бойынша білімнің жасалуы болып табылады.
Пәнді оқыту процесстеріндегі келесі мақсаттардың шешілуі ұсынылады:
Құқықтық процесстердің динамикасы және әр түрлі тарихи кезеңдердегі құбылыстар жөнінде студенттердің ғылыми түсінігінің қалыптасуы.
Оқытылатын елдердің мемлекеттік – құқықтық жүйелер жөнінде өзіндік нәтиже мен қорытындылардың жасалуы, мемлекеттік және құқықтық институттардың салыстырмалы - құқытық анализді жүргізу бойынша тәжірибе мен біліктілігінің дамуы.
Құқықтық мемлекеттің және демократиялық қоғамның құндылығына бағытталған адами өркениеттің дамуы бойынша студенттердің теориялық материалдарын меңгеруі.
Шет елдердің мемлекет және құқық тарихы саласындағы өзіндік білімді жетілдіру мотивациясы мен креативті ойлау қабілетінің қалыптасуы.
Құқық бастамасы анализінің қоғамның нақты – тарихы шарттармен байланыста өткізілуі, оқытылатын елдердің мемлекеттік – құқықтық эволюциясының жалпы және ерекше белгілерін айқындау біліктілігін машықтандыру.
Қазіргі мемлекеттік - құқықтық ақиқат пен тарихи оқиғалар арасындағы паралелдерді анықтауға машықтандыру.
Курстың міндеттері:
Шетелдер мемлекеті мен құқығының тарихы туралы жан-жақты негізделген білім беру.
Мемлекет және құқық мәселелері бойынша студентті анағұрлым кең ауқымда даярлау, кәсіби қызметіне қажетті білім, іскерлік, дағдылармен қаруландыру.
Қоғамда болып жатқан тарихи процесстер туралы студенттердің сындық, бағалау тұрғысынан жеке көзқарасын қалыптастыру.
Оқу және зерттеу процесінің байланысын күшейту студенттердің шығармашылық қабілетін белсендіру.
Теориялық білімді тәжірибеден белсенді пайдалануға жүйелеу.
Курс пререквизиті: Курсты меңгеру үшін студенттің мемлекет және құқық теориясы, жалпы тарихы (ежелгі, ортағасыр, қазіргі заман) философия, политология сияқты гуманитарлық пәндерді білуі керек
Курстық постреквизиті: Курсты оқу нәтижесінде студенттер мыналарды меңгеру қажет.
мемлекет және құқық туралы білімдерін жетілдіру;
ежелгі дүние , ортағасыр, кейінгі, қазіргі заман тарихы әрбір кезеңдердегі мемлекет және құқықтың қалыптасып дамуы жөнінде тереңірек мәлімет алу,
дамыған озық елдердің құқықшығармашылық тәжірибесімен танысу.
Оқыту әдістемесі: Оқыту негізінде дәріс, практикалық сабақтар (семинарлар) және СӨОЖ ретінде өткізіледі. Тақырыптарда оқу материалының мазмұны көрсетіледі және практикалық дағдылар арқылы бекітіледі. Дәрістер, практикалық сабақтар белгіленген оқу кестесіне сәйкес жүргізіледі. Ал СӨОЖ– студенттер мен оқытушылар үшін ыңғайлы өткізіледі. СӨОЖ кезінде студенттер оқытушылардан кезектегі тақырып бойынша өздеріні қызықтырып жүрген мәселелер жөнінде, немесе семинарға әзірленген кезде ия болмаса өз бетімен орындайтын жұмыстар кезінде ұшырасатын қиындықтарға байланысты сұрақтар қоя алады.
Студенттердің білімдеріні семинарлар кезінде ауызша (сауалнама) және жазбаша (бақылау және өз бетімен орындайтын жұмыстар) түрде тексеріледі. Немесе студенттердің дербес орындаған жұмыстары арқылы (рефераттар, баяндамалар, сөзжұмбақтар, схемалар, эсселер және де басқа), ия болмаса межелік бақылау жасау арқылы, емтихан тапсыру кезінде іске асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |