«тарих және педагогика» факультеті «арнайы педагогика және психология» кафедрасы



бет6/10
Дата07.02.2022
өлшемі172,69 Kb.
#97558
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
сөж 13 апта Бектасова Балнұр ТП-18-2к1

Сызықпен таныстыру әдістемесі

1-сынып оқушыларының түзеу сызық туралы түсініктері әр түрлі машықтық жаттығуларды орындау арқылы қалыптасады. Мұндайда түзу сызықты қисықпен сәйкестендіреді. Мысалы,жіпті созып қарайды, салынған суретін қарайды, қағазды сызық бойынша қияды, әрбіреуінде сызық-қисық немесе түзу қалай пайда болғанын айтып отырады. Балалар жазықтықта кез келген бағытта сызылған түзу сызықты тануы, оны қисықтан айыра білуі, сызғыш көмегімен түзу сыза білу керек. Осы мақсатта оқушылар түзу және қисық сызықтар жүргізеді. Оларды айналадағы заттардан, тақтада сызылған сызықтар ішінен табады және көрсетеді. Мысалы, нүкте арқылы түзу жүргізуге жаттығуда балалар бір нүкте арқылы бірнеше түзу немесе қисық, ал екі нүкте арқылы тек қана бір түзу, бірнеше қисықты жүргізуге болатынын бақылайды. Егер нүкте қағаз бетімен қозғалатын болса сызық пайда болады. Сызық сызғыш арқылы жүргізілген болса түзу болады. Ол қисық бола алады. Түзу сызықтың бөліктерінен тұратын сызық сынық деп аталады. Сызықтардың ұзындығы болады. Қисық сызықтардың бұрыштық нүктелері болады. Сызықтар тұйық және тұйық емес болады.
Тұйық сызық жазықтықта ішіне шексіз түзу, тіпті сәуле жүргізуге мүмкін емес шектелген фигураны бейнелейді. Егер сызық сызғышпен ешқандай бөлігінде сәйкес келмесе, онда оның қисық болғаны. Қисықтар тұйықталған және тұйықталмаған болады. Егер кейбір бөліктері сызғышпен сәйкес келіп, бірақ түгел сәйкес келмесе одна ол-сынық болады. Сынықтың сыну нүктесі оның төбесі деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет