Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай қалыптастыралатын геометриялық түсініктер
Оқушылардың алты-жеті жасында ойлау қабілеті арта түседі. Сондықтан оқушыларға берілген тапсырма да күрделене түседі. Мысалы геометриялық фигураларды айыра білу керек. Екі-үш фигураны құрастыру арқылы қандай жақсы форма құрастыруға болады. Тапсырманы орындаған бала қандай фигураларды құрастыру арқылы, қандай фигура жасап шыққанын айтып бере алады. Оқушылармен бұлай жұмыс жасау арқылы баланың математикаға деген қызығушылығы артады, білімі жетіледі. Мектеп жасына дейінгі оқушылар мұндай қызықты тапсырмаларды ынталана отырып, шын ықыласымен орындайды. Мысалы, түрлі үйшік формалы фигурадан жалауша шығарады, жеті таяқшадан екі квадрат шығарады, конструкторлармен ойнай отырып одан қоян немесе тырнаның мүсінін шығарады. Өз беттерінше тапсырманы орындаған балаларды мақтап өзгелерге үлгі етеді. Тапсырманы өзің орындағанда ғана қызықты болатынын түсіндіре отырып, тәрбиеші баланың өзінен талап етеді.