Тарих кафедрасы


тақырып. І-Николай басқаруы кезіндегі Ресей - 1 сағат



бет7/12
Дата13.11.2016
өлшемі2,47 Mb.
#1638
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

21 тақырып. І-Николай басқаруы кезіндегі Ресей - 1 сағат

  1. Николай І-патшалық құруы

  2. Николайдың патшалық құруы кезіндегі Ресейдің қоғамдық-саяси өмірі

  3. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы сыртқы саясаттың негізгі мәселелері.

Әдебиеттер:

1. Платонов О.А. Русская цивилизация-М., 1997.

2. История России с древнейших времен до конца XVIII в./ Под Ред. Б.А. Рыбакова-М.,1983

3. История России с древнейших времен до к. XVIIв./под ред. А.Н.Сахарова.-М.1997

4. Н.И.Павленко. В.В.Кобрин. История России с древнейших времен до 1861.

5. Б.А. Рыбакова.СССР тарихы. Ең ежелгі заманнан 1861 жылға дейін.А.1970


22 тақырып. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Ресейдің сыртқы саясаты - 1 сағат

  1. Сыртқы саясаттың еуропалық бағыттары

  2. 1912 жылдың нажағайы

  3. Шығыс мәселесі

  4. Ресейдің Қиыр шығыс бойынша ұстанымы.

Әдебиеттер:

1. Платонов О.А. Русская цивилизация-М., 1997.

2. История России с древнейших времен до конца XVIII в./ Под Ред. Б.А. Рыбакова-М.,1983

3. История России с древнейших времен до к. XVIIв./под ред. А.Н.Сахарова.-М.1997

4. Н.И.Павленко. В.В.Кобрин. История России с древнейших времен до 1861.

5. Б.А. Рыбакова.СССР тарихы. Ең ежелгі заманнан 1861 жылға дейін.А.1970
23 тақырып. ХІХ ғасырдың 60-70 жылдарындағы буржуазиялық реформалар - 1 сағат


  1. Басыбайлылық құқықты жою: алғышарттары, шаруалардың жеке басының азаттығын алуы, қортындылары мен зардаптары

  2. Қалалық реформа

  3. Әскери реформа

  4. Оқу-ағарту саласындағы реформалар

60 – 70-жылдарындағы үкіметтік саясаттың негізгі белгілері. Үкіметтің осы зерттеліп отырған кезеңдегі ішкі саясаты ел өмірінде крепостниктік правоны жоюға байланысты туған өзгерістердің тікелей бейнесі еді. Крепостниктік правоның жойылуына байланысты сот, жергілікті жерлердің өзін-өзі басқаруы, армияны іріктеп құру және халық ағарту салаларында буржуазиялық реформа жасау қажет болды. Бұл реформаларды жүзеге асыру елдің экономикалық жағынан дамуының барысына тығыз байланысты болған еді. Мұның өзі ескі, феодалдық қондырманы өсіп келе жатқан капиталисттік базиске икемдеу үшін қажет боды. 60-жылдардың бас кезіндегі ревалюциялық өрлеу үкіметті буржуазиялық реформалардың жүзеге асырылуын тездетуге мәжбүр етті.

Феодализмнің самодержавие мен жартылай крепостниктік дворяндық жер иеленушілік тәртібі сақтап отырған күшті қалдықтары сол жүргізілген буржуазиялық реформаларға тек феодалдық таңбаларын салып қана қоймай, ішкі реакциялық саясаттың әлеуеметтік негізі де болып шықты. Осы зерттеліп отырған кезеңнің басынан аяғына дейін үкімет ревалюциялық қозғалысқа қарсы үнемі аяусыз күрес жүргізіп, еркін ой-пікір білгендердің бәрін өрескелқаталдықпен жазалап отырды.

Үкіметтің ішкі саясатының реакциялық сипаты 1861 жылғы 19 ақпандағы манифест жарияланысымен-ақ бірден айқын болды. Ревалюцияның тегеуірінді толқыны бәсеңсіп қайта бастаған кезде, саяси және ұлт-азаттық қозғалысты басқаннан кейін, шамалап айтқанда, 60-жылдардың екінші жартысынан бастап үкімет ашықтан-ашық реакцияшыл бағытқа көшті. Алайда ол буржуазиялық реформаларды жүргізуден де бас тартқан жоқ, тек оларға көбірек шек қойып тежеуге тырысты. Сонымен бірге үкімет 60-жылдардың бірінші жартысында өзі амалсыздан қабыл алған реформалардың шеңберлерін барынша тарылтып, қысқартпақшы болды. Қаракозовтың 1866 жылғы 4 сәуірде ΙΙ Александрға жасалған қастандығы үкіметтің ашықтан-ашық реакцияшыл бағытқа көшуіне құр сылтау болды. Қастандық жасалғаннан соң, 70-жылдардың ақырына, дәлірек айтқанда 1880 жылдың ақпанына джейін, үкіметтің саясатында реакциялық бағыт үнемі үдеп, жазалау шаралары күшейе берді.

Үкіметтің ішкі саясатындағы негізгі шаралар. 1861 жылғы сәуірде ішкі істер министірі С. С. Ланскойдың орнына П. А. Валуев тағайындалды.

1861 жылғы 30 мамырда сол кеезде ревалюциялық үгіт-насихаттың ошағы болған «Университеттерде тыныштық және тәртіп орнату» мақсатымен, май ережелері деген жаңа документ қабылданды. Бастықтар күні бұрын рұқсат етпейінше қандай болса да жиындар өткізуге, бірлесіп ұйымдар құруға үзілді-кесілді тыйым салынды.

1862 жылғы жазда патша үкіметі демократияшыл интелегент жастардың ынтасымен ұйымдастырылған халықтық жексенбі мектептерін жапты. 1861 жылғы күзден ревалюцияшыл демократияның өкілдерін қамауға ала баствады: ақын Михайловты, Москва университетінің студенттері П. Г. Заинчевский мен П. Э. Аргиропулоны түрмеге жапты. 1862 жылғы жазда Н. Г. Чернышевскийй қамауға алынды.

Жергілікті жерлерде либералдық пікірдегі губернаторларды - Нижегородта А. М. Муравьвты, Калугада В. А. Арцимовичты және тағы басқаларды ауыстырды.

Алайда, жоғарыда айтылғандай, үкіметтің ішкі саясаты Д. В. Каракозовтың жасаған қастандығынан кейін өте-мөте ревалюцияшыл бағытқа көшті.үкіметтің жаңа бағдарламасы ΙΙ Александрдың 1866 жылғы 15 мамырда министрлер Комитетінің претсидателі Гагаринге жазған рескриптінде толық баяндалды. Онда алдыңғы қатварлы демократиялық идеологияға қарсы күрес жаңа саяси бағыттың негізгі деп жарияланды.

Бұл жаңа бағдарламаМинистрлер Комитетінің губернаторлардың өкімет билігін күшейту туралы 1866 жылғы 22 шілдеде патша бекіткен «Ережесінде» өте-мөте нақты баяндалды.

Мемлекеттік мекемелердің системасындағы өзгерістер. 60 – 70-жылдары мемілекеттік мекемелердің жүйесінде кейбір өзгерістер болды. 1857 жылдың өзінде-ақ, көбінесе жүргізіліп жатқан реформаларға байланысты, жалпы мәселелерді қарау үшін патшаның өзі басқарған Министрлер кеңесі құрылған болатын. 50- жылдардың аяқ шені мен 60-жылдардың бас кезінде бұл кеңесті мәжілістері тым жиі өткізіліп тұрды да, ал кейінректе оның жұмысыбірте-бірте қойылып бара жатты. Кеңестің ең соңғы мәжілісі 1882 жылы өткізілді де, содан кейін ол іс жүзінде жұмысын мүлдем тоқтатты.

Мемлекеттік кеңес пен Министрлер комитетінің функциялары мен құрылымы ешбір өзгеріссіз қалды. Қатынас жолдары мен көпшілік үйлерінің Бас басқармасы 1865 жылы Жол қатынас министрлігі боп қайта құрылды.

Жегілікті мекемелердің жүйесіне үлкен өзгерістер еңгізілді. Сот реформасына байланысты жергілікті дворяндардың сот орындарына өкілдер сайлауы (қылмыстық және азаматтық сот палаталарының председателдері, уездік судьялар, сондай-ақ уездік соттың заседательдері) жойылды.

60-жылдардың бас кезінен бастап уездегі полиция органның бастығы – исправникті дворяндар сайламай, ішкі істер министрі тағайындайтын болды. Уездегі полиция органы болып табылатын земстволық соттың орнына уездік полициялық басқармалар құрылды. Олардың билігі тек уезге ғана емес,қалаға да жүретін болды.

Сонымен жергілікті дворяндардың губерниялық және уездік үкімет мекемелеріне жасайтын ықпалы біраз әлсіреді. Алайда реформалардан кейінгі кезде де дворяндардың земствоға жасайтын ықпалы әлі үлкен еді.

1867 жылы жандарм органдарына реформа жасалды. 10 жандармокругтерінің орнына әрбір губернияларда жандарм басқармалары құрылды.



Земстволық реформа

Земство мекемеблерін ұйымдастыру. 60-жылдардағы реформалардың өте-мөте ірілерінің бірі земствоны құру болды. Земстволарға жергілікті істерді жүргізу міндеті жүктелді. Бұл реформаны жасауға әзірлік 1859 жылдың өзінде-ақ басталған. Осы мақсатпен «уездегі шаруашылық-басқару жұмысын жүргізетін басқарма» жөніндегі жобаны жасау үшін Н. А. Милютин басқарған комиссия құрылды. «Губерниялық және уездік земство мекемелері жөніндегі Ережені» ΙΙ Александр 1864 жылғы 1 қантарда бекітті.

Земствоның басқарушы органдары уездік және губерниялық земстволық жиналыстар болды. Олардың мүшелері үш курия бойынша: уездік жер иеленушілерден, қалалық сайлаушылардан және селолық қоғамдардан сайланды. Земствоның атқарушы органдары земство жиналыстарында сайланған уездік және губерниялық земство басқармалары болды. Бірінші курия бойынша съезге қатысу правосымен меншікті жерінің көлемі 1861 жылғы 19 ақпандағы «Ережеге» сәйкес және тұрған аймақтарына қарай, бір жүз адамдық шаруалар үлестерімен пара-пар (шамалап айтқанда 200-ден 800 десятинаға дейін) жері барлар, сондай-ақ уездің территориясындағы дәулетінің мөлшері кем дегенде 15 мың сомға немесе жылдық айналымының мөлшері кем дегенде 6 мың сомға бағаланған сауда және өнеркәсіп орындарының иелері пайдаланды. Ал бұлардан басқа съезге жер цензасының мөлшері жетіспейтін, біра осы курия бойынша, жер цензасының кем дегенде 1/20 мөлшеріне қожалық етуші жер иелерінің, қоғамдар мен мекемелердің өкілдері де қатысты.сонымен бірге барлық жер көлемі бір жүз адамға тиісті үлеске пара-пар келетін жер иелерінің арасынан да бір өкіл сайланды.

Сайлау съездеріне екінші, яғни қалалық курия бойынша купецтік куәлігі барлар, қала ішіндежылына кем дегнеде 6 мың сом айналым жасайтын сауда-өнеркәсіптік орындардың иелері, сондай-ақ қала ішінде сомасы 500 ден 3000 сомға дейін бағаланған меншікті мүлкі барлар (қаланың көлеміне қарай) қатысты.

Үшінші курия бойынша сайлауға қатысқан шаруалар төте сайлау правосымен пайдаланған жоқ.

Земстволардағы жетекші роль орыс дворяндарына берілді. Сондықтан дворяндардың не мүлдем болмаған жерінде (мысалы, Сибирьде) немесе олар орыс болмаған жерде (Поьша, Литва, Оң жағалық Украина, Беларуссия, Кавказ) земстволық мекемелер тіпті құрылған жоқ. Прибалтикада неміс помещиктерінің әуеніне төңкеріліп, түгелімен солардың қолында болып келген жергілікті жерлердегі өзін-өзі басқарудың ескі органдарын сол күйінде қалдырды.

Земство мекемелерінің міндеті негізінде жергілікті жол қатанастары мен мектептерді күтіп ұстау, сондай-ақ халыққа медициналық жәрдем көрсетуді ұйымдастыру болды. Оның үстіне земстволарға жергілікті мемілекеттік мекемелердің кейбір екінші дәрежедегі мәселелері де (мемлекеттің ақшалай алым-салығын бөлу, әр түрлі мәліметтерді жинап тапсырып отыру және басқалар) жүктелді.

Земстволар құрылған алғашқы он жыл ішінде олардың халық ағарту және медицина салаларында атқарған қызметі өте-мөте жақсы нәтиже берді.

1877 жылы халық ағарту ісіне земстволық қаржының, шамалап айтқанда, 15 процентке жуығы, ал халыққа медициналық қызмет көрсетуге 20 процентке жуығы жұмсалды. 70-жылдардың аяқ кезіне земстволық мектептердің саны 10 мыңнан асты, ал земстволық дәрігерлер орта есеппен алғанда бір уезге үшеуден келді. 70-жылдары шаруалардың мемілекетке алым-салық төлейтін қаржыларының мөлшерін анықтауға байланысты земстволық статистика шықты.

Земстволық мекемелерді ашу бірте-бірте жүргізілді, губерниялардың көпшілігінде бұл жұмыс 1867 жылғы қарай аяқталды, ал 70-жылдардың аяғында Европалық Россияның 50 губерниясының 34-інде земство мекемелері түпкілікті іске кірісті.

Үкіметтің земство жөніндегі саясаты. Земство мекемелерінің жұмысы губернаторлардың бақылауына алынды. губернаторлар земствоның заңдарға немесе «жалпы мемілекеттік мүддеге» қайшы келеді деген шешімдерінің қандайын болса да тоқтатып тастап, жүзеге асыртпай қоюға праволы болды. Земстволардың қолында әкімшілік билігі болған жоқ, содықтан олар қабылдаған қаулы-қарарларын өздеріне бағынбайтын жергілікті уездік және губерниялық мекемелер арқылы (көбінесе полиция арқылы) жүзеге асыруға тиісті болды.

1866 жылдан бастап үкімет, земство мекемелерінің праволарына шек қою мақсатымен, оларғ ылғи қысым жасап отырды. 1866 жылғы 21 қарашада земстволардың сауда және өнеркәсіп орындарында салық салу праволарына едәуір шек қоған заң шықты. Бұл заң земстволардың онсыз жартымсыз қаржысына зиян келтірді.

1867 жылғы мамырда әр түрлі губерниялардағы земстволардың өз ара қарым-қатынас жасауларын заңсыз деп тапқан Сенаттың «түсінігі» жарияланды. Сол жылғы шілдеде заң губернаторлардың рұқсатынсыз земстволардың қаулы-қарарлар мен есептерін басып шығаруға тиым салды.
1870 жылғы қалалық реформа

Капитализмнің даму нәтижесімен байланысты, қалалардың өркендеуі, крепостниктік право құлаудан бұрын-ақ, 1785 жылғы қалалық «Ережені» қайта қарау мәселесін кезекті күн тәртібіне қойды. Алайда бұл мәселені шешу тек 1846 жылғы «С. Петербургте қоғамдық басқару тәртібін орнату туралы «Ережені» басып шығарумен тынды. Бұл қалаларды басқару ісінде бұрыннан келе жатқан тәртіпке жөнді өзгеріс енгізген жоқ.

«С. Петербургте қоғамдық басқару тәртібін орнату туралы «Ереже», кейбір өзгерістер енгізіліп, 1862 жылы Москваға, 1881 жылы Одессаға қолданылды. Сонымен қатар 1862 жылдан қалалық реформаға әзірлік жұмысы басталды. Реформа жобасын жасауға буржуазиялық, сондай-ақ дворян жұртшылығының өкілдері тартылды. Осы мақсатпен қалаларда болашақ реформаның негізхдерін жасау үшін барлық сословиелер комиссиялары деген құрылды. 1864 жылы реформаның жобасы жасалған, бірақ ол екі рет қайта қаралып жөнделгендіктен, тек алты жылдан соң барып бекітілді.

1870 жылғы 16 июньде қабылданған «Қалалық ереже» бойынша мүліктік цензаның негізінде төрт жылдан бір рет сайлайтын қалалық басқарманың сословиесіз органдары құрылды. Қалалық қоғамдық басқарманың басқарушы органы қалалық дума, ал атқарушы органы – дуан басы бастаған қалалық басқарма болды. Ол бір жағынан қалалық думаның председателі міндетін де атқарды. Қалалық думаның мүшелерін сайлау правосынмен тек салық төлеушілер ғана, яғни сауда-өнеркәсіп орындарының иелері мен үй иелері, тағы басқалары пайдаланды.

Қалалық қоғамдық басқармалардың жұмысы шаруашылық мәселелерімен шектелді: олар қалаларды көркейту, водопровод, канализация жүргізу, өрттермен күресу, сауда мен өнеркәсіптің дамцуынна қамқорлық жасау, сондай-ақ оқу және денсаулық сақтау жұмыстарын «көбінесе шаруашылық жағынан» жөнге қоюмен шұғылданды.

Земстволарға қарағанда, қалалық қоғамдық басқарманың өкіметтің әкімшілік орындарыннан тәуелділігі анағұрлым күшті болды. Уездік дуан басын губернатор, ал губерниялық дуан басын ішкі істер министрі бекітті. «Жұрттан түсетін арыз-шағымдарды, ұрыс-таластарды немесе қалалық басқарманың губернатор заңсыз деп тапқан ұйғарымдарын» қарап шешу үшінг әрбір губернияда қала істер жөнінде арнаулы мекеме құрылды. Оның председателі губернатордың өзі болды.

«Қалалық ереже» 70-жылдардың ішінде Россиянфң, Польша Патшалығынан, Фминляндия мен Орта Азиядан басқа, европалық және азиялық жағындағы барлық губернияларының қалаларына және Ташкентке түгел қолданылды. Қалалық реформаның барлық сыңар шалалығы мен шектелгендігіне қарамастан, оны жүзеге асыру реформаға дейінгі қала басқару ісімен салыстырғанда, бір адым ілгері басқандық еді.
Сот реформасы

1864 жылғы сот уставтары. Реформаға дейінгі өкіметтің әкімшілік орындарында тәуелді болып келген ескі сотсословиелік сипатта болды және феодалдық заңдардың принциптері негізінде құрылды. Тергеу жүргізу жұмысы полицияның қолында еді. Сот процесі жабық жүргізілді және онда екі жақты (айыпталушылар мен қорғанушылардың) айтысы деген болған жоқ.

Сот ісін жүргізу процесінде де аса елеулі өзгерістер жасалды. Алдын-ала тергеу жұмысын жоғарғы дәрежелі юристік білімі бар сот тергеушілері жүргнізетін болды. Өкіметтің әкімшілік орындарынан соттың тәуелсіздігі орнатылды, ол судьяларды тағайындау және оларды алмастыру тәртібін орнату арқылы (судьяларды орындарынан тек жасаған қылмастары үшін соттың – сот палаталарының, Сенаттың кассациялық департаменттерінің үкімдері бойынша ғана алуға болатын болды) іске асырылып отырды. Сот ісі енді ашық жүргізіліп, сот процесі екі жақтың айтысымен өткізілетін болды. Сот мәжілісінде қорғауға сенім білдірілгенндер деп аталатын адвокаттар сотқа тартылғандарды жақтап сөз сөйлейтін болды.

Округтық сотта қылмысты істер присяжной заседательдердің қатысуымен қарлып отырды. Олар айыпқа бұйырылғандардың кінәлі немесе кінәсіз екндігін аңықтап, тиісті шешімдер қабылдады.

Сот реформасы өте-мөте дәйекті буржуазиялық реформалардың бірі болғанына қарамастан, басқа реформалар сияқты, ол да феодалдық-крепостниктік қалдықтарды сақтап қалды. Бұл ведомстволық соттардың (әскери адамдар және дін басылар үшін), сондай-ақ соловиелік шаруалар сотының жойылмай келгенінен байқалды.

Соттың жаңа уставтары Орта Азияда, Сибирьде, Европалық Россияның солтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында (Архангельскде, Олонецк, Уфа, Орынбор және Астрахань губернияларында) енгізілген жоқ.

Сот реформасын жүзеге асырумен қатар, ұрып-соғу жазаларын жою шаралары да қолданылды. 1863 жылғы 17 апрельде қабылданған заң бойынша бұл жазаларды қолдануға тыйым салынды. Алайда ұрып-соғу жазалары «айыптылар» қатарына ауыстырылған солдаттар үшін, жер аударылғандар мен каторгаға кесілгендер үшін, сондай-ақ болыстық соттардың үкімлері бойынша жазаға кесілген шарулар үшін да сақталып қала берді.



Әскеи реформалар

Қырым соғысындағы масқара жеңіліс қарулы күштерді қайта құруды кезекті міндет ретіәнде алға қойды.

Армияны қайта құру жұмысы 1862 жылы, әскери академияның зор білімді профессоры, үкіметтің құрамында либеральдардың мүдделерін өте-мөте толық бейнелеген генерал Д. А. Милютин соғыс министрі болып тағайындалғаннан кейін көп ұзамай-ақ басталды. Милютин тамаша ұйымдастырушы және рефогрматор болған адам. Оның ең алғашқы жасаған реформаларының бірі орталық әскери аппаратты – министрлікті оған әскер басқарудың барлық салалары бағынатын, сондай-ақ жергілікті территориялық органдар – соғыс округтарын құратын етіп қайта құру болды. Бүкіл Россия 15 соғыс округына бөлінді, олар басқару барлық жақтарын түгел қамтыды. Соғыс округтарын құруда саяси мақсат та: «ішкі тәртіпті», яғни революциялық қозғалыспен күресті қамтамасыз ету көзделді.

Қарулы күштерді қайта құруға бағытталып жасалған барлық өзгерістердің ішінде армияның қатарын іріктеп, жабдықтау принциптерінің өзгеруінің, яғни армияға шақырудың рекруттық системасынан бүкіл сословиелік әскери міндеттілікке көшудің өте-мөте маңызы болды. 1874 жылғы 1 қаңтарда әскери міндеттіліктің уставы бекітілді. Бұл заң бойынша, сословиесінің айырмаларына қарамастан, 20 жасқа толған еркектердің бәрі әскери қызмет атқаруға міндетті болды. әскери қызметті атқарудың мерзімі: құрыллықтағы әскерлер үшін алты жыл және тоғыз жыл запаста болатын, ал флот үшін жеті жыл және үш жыл запаста болатын болып белгіленді. Білім алғандардың әскер қызметінде болатын мерзімі едәуір қысқартылыды. Мысалы, жоғары оқу орындарын бітіргендерге бір жарым жыл, орталау гимназия (прогимназия) мен қалалық училищелерді бітіргендерге үш жыл, ең ақырында, бастауыш білім алғандар үшін төрт жыл боп белгіленді. Ортадан жоғары және ортадан төмен білім алғандардың әскер қызметінде болатын мерзімі, егер олар жеңілдік берілгеніне, не жеребе салуға қарамастан армитя қатарына еркімен кірген болса, екі есе қысқартылды.

Әскери қызмет туралы устав армияны қайта құрудың негізгі міндеттерінің бірі – соғыс бола қалған күнде армияны тез мобилизациялауға қажетті, күні бұрын үйретілген резервтердің запасын жасау міндетін шешті. Армия қызметін барлық сословилерге бірдей ете тұра, устав әскери қызметті жалпыға бірдей етіп енгізуді қамтамасыз ете алмады. әр түрлі себептермен халықтың белгілі бір бөлігін әскер қызметінен босатты (Орта Азия мен Қазақстанда туып-өскендер мен Қиыр Солтүстіктің кейбір халықтарын да әскер қызметінен босатты). Барлық сословиеге бірдей міндетті әскер қызметін енгізу және әскер қызметінде болатын мерзімді қысқарту, әлбетте, прогресшіл құбылыс еді.

Офицерлерді даярлау жұмысы да жақсартылды. Кадет корпустарының жалпы білім беретін кластарын әскери гимназияларға айналдырып қайта құрды. Кадет корпустарының арнаулы кластарының негізінде әскери училишелер құрылды, оған тек толық орта білімі барлар, ең алдымен әскери гимназияларды бітіргекндер алынды.

Әскерлердің жауынгерлік даярлық жұмысында да үлкен өзгерістекр болды. Соғыста не қажет болса, солдаттарды соған үйрету міндеті қойылды. Алайда әскерлерді соғыс өнеріне үйретудің жаңа принциптерін дәйекті түрде жүзеге асыру бұл салада да феодалдық дәстүрлерді - әскерлерге үстірт байқау жасап, сәнді парадтар өткізу дәстүрлерін – сақтауға тырысқан патша өкіметі тұсында мүмкін емес еді.
Финанс реформалары

Мемлекеттік финансты ұйымдастырудағы реформалар. Финансты қайта құру крепостниктік правоны жоюдан бұрын жүзеге асырыла бастаған ең алғашқы реформалардың бірі еді. Бұл өзгерістердің объективтік мәнісі мемілекеттік кредит мекемелері мен мемлекеттік финансты дамып келе жатқан капитализм жағдайларына бейімдеуде болды. «Сауда мен өнеркәсіпті жандандыру үшін» 1860 жылғы майда Мемілекеттік банк құрылды, оған қысқа мерзімді комерциялық қарыз беруге право берілді (бұдан бұрыңғы кредит мекемелері көбінесе дворян жер иеленушілеріне қызмет ететін).

1860 жылдың аяғында, 1863 жылдан бастап арақ-шараптарды түгел сатып беруді жойып, арақ-шарапты еркін сату туралы заң қабылданды. Мұнымен бірге түгел сатып беру системасының орнына арақ-шараптан түсетін ақшадан акциз алып отыру тәртібін орнатылды.

1862 жылғы заң бойынша «бюджеттің тұтастығы» да, «кассаның тұтастығы» да орнатылды. Осы заң бойынша жеке министрліктер мен ведомствалар финанс жағынан дербестіктерінен айырылды: жасалған барлық сметалар Финанс министрлігінде қаралып, Мемілекеттік советте бекітілетін болды. Бөлінген қаржылар Финанс министрлігі арқылы смета ассигнованияларына сәйкес жұмсалатын тәртіп орнатылды.

Реформа бюджет пен кассаның тұтастығынан басқа бюджеттің жариялық принципін белгіледі. 1862 жылдан бастап мемлекеттің кірістері мен шығыстарының жазылған тізімі (бюджет) баспасөзде ашық жарияланатын болды. Мемілекеттік кредитті нығайта беру үшін мұндай шара қолданудың маңызы зор болды.

1864 жылы Мемілекеттік бақылау ісі қайта құрылды. Оның басына финанс істерін қайта құруда үлкен роль атқарған өте қабілетті чиновник Татаринов қойылды. Мемілекеттік бақылаудың міндеті бюджетте белгіленген кірістердің уақытында түсіп, шығындарының дұрыс жұмсалуын бақылап, сондай-ақ барлық орталық және жергілікті жерлердегі мемілекеттік мекемелерде финанстың жағдайын және орынды жұмсауларын тексеріп отыру болды. Осы мақсатпен әрбір губернияда бақылау палатылары құрылды. Мемлекеттік бюджеттің орындалуы туралы мемілекеттік бақылаушының есептері 1866 жылдан бастап баспасөз бетінде жарияланып тұратын болды.

Финанс реформалары ел ішінде етек алған озбырлық пен қазынаны ұрлауды біраз азайтып, мемілекеттің финанс жағдайын белгілі бір дәрежеде нығайтты, бірақ айтарлықтай түбірлі өзгшерістерді, әрине, енгізе алмады.

Зерттеліп отырған мерзім ішінде мемілекеттік бюджетті үздіксіз өсіп отырғандығы байқалды. 1866 жылы 651 миллион сом жағы 353 миллион сом болса, 1880 жылы 651 миллион сом болды, бюджеттің шығыс жағы сол жылдары 413 және 694 миллион сом болды. Тек бірнеше жыл ғана болмаса, зерттеліп отырған мерзім ішінде мемлекеттік бюджет ылғи дефецитпен аяқталып отырды. Үкімет оны заем есебінен жабуға мәжбүр болды. Кірістердің басым көпшілігі жанама және төте салықтардан түсті.1866жылы бюджет кірісінің 56 проценті жанама, ал 21 проценті төте салықтардан болса, 1880 жылы 1866 жылға сәйкес 63 және 20 процент болып шықты. Сонымен бюджет кірісінің 4/5-і салықтардан түсіп отырды.

Бюджеттің өсуі мемлекеттік шығындардың артуының салдары еді. Мемлекеттік қаржы негізінде қарулы күштер мен әкімшілік органдарын ұстауға және мемлекеттік заем бойынша процент төлемдеріне жұмсалды. Тап күресі өршіген сайын полициялық міндетті атқаратын негізгі орган - әішкі істер министрлігіне жұмсалатын қаржылар да анағұрлым артты. Бұл қаржылардың көлемі 1866 жылы 15 миллион 700 мың сом болса, 1880 жылы 40 миллион 800 мың сомға жетті.

Бюджеттің мәдениет мұқтаждарына жұмсалатын қаржысы тіпті аз болды. Мысалы, Оқу министрлігі бойынша әдеттегі жұмсалатын барлық қаржының 1866 жылы небары 1,6, ал 1880 жылы 2,4-ақ проценті жұмсалды.

Оқу саласындағы реформалар

Мектеп реформалары. Капитаклизмнің дамуы оқу саласында да өзгеріс жасауды қажет етті. Біріншіден буржуазияның балаларын орта және жоғары мектепте оқыту үшін сословиелік шек қоюшылықты жоюлу талап етілсе, екіншіден, өсіп-өркендеп жатқан өнеркәсіпті маман кадрлармен қамтамасыз ету үшін бастауыш білімді кеңейту қажет болды. Міне, осы мақсаттарға сәйкес халық ағарту саласында да реформалар жасалды.

1861 жылы күздегі студенттер қозғалысы үкіметті университеттердің жаңа уставн жасау ісіне кірісуге мәжбүр етті. Бұл устав 1863 жылы бекітілді. Мұның өзі либерал профессорларға жасалған белгілі бір жеңілдік еді. Ол 1835 жылғы устав бойынша университеттердің оқу-ғылыми мекемелер ретіндегі автономиялылығы қалпына келтірілді. Университеттерге басшылық ету жұмысы профессорлардан құралған советтің билігіне берілді. Штаттағы профессорлардан құралған университет советі ректорды төрт жылға сайлайтын болды. Факультеттерде профессорлар декандарды сайлады. Профессорлар мен оқытушылардың құрамы да университет советтерінде сайланды.университеттердің әкімшілік-шаруашылық қызметі ректор, проректор және декандардан құралған университет басқармасына тапсырылып отырды. Алайда университеттің автономиялылығы толық емес еді. өйткені советтердің сайлаған адамдарын Оқу миничстрлігі бекітіп отыруға праволы болды. Ал оқу округының қамқоршысына университеттің барлық тіршілік өмірі түгіл бақылап отыруға, егерде советтердің қабылдаған шешімдерін уставқа қайшы келеді деп тапса, олардың тіпті бұзуға дейін право берілді. Университетке түсушілерге ешбір сословиелік шек қойылған жоқ. Устав студенттердің қандай да болмасын бірлескен ұйымдарын құруға үзілді-кесілді тыйым салды.

60-жылдардың басында Россияда әйелдерге жоғары білім беретін оқу орындары мүлдем жоқ еді. Жоғары білім алуға мүмкіншіліктері бар әйелдер шетелдерге, көбінесе сол кезде орыс эмиграциясының орталығы болған Швейцарияға барып оқыды. Білім алу үшін жастардың шетелдерге барып оқып, ревалюциялық идеялармен әуестенулеріне жол бермеу мақсатымен, әйелдердің университет типіндегі жоғары курстарын ашуға амалсыздан рұқсат етті. Әйелдерге арналған осындай ең алғашқы курстар 1869 жылы Петербургте ашылған еді.

1864 жылғы 19 қарашада гимназиялар мен прогимназиялардың уставы бекітілді. Ол орта мектепке бүкіл сословиелік принципті енгізді.

Әйелдерге арналған пұрсатты оқу орындарын – «игі қыздардың институттарын» басқаратын «импиратрица Марияның мекемелерінің ведомствосы» 1858 жылы барлық сословиелердің балалары үшін әйелдер училещелелерін ұйымдастыра бастады. Олар 1862 жылы «Мария гимназиясы» деп аталған жеті кластық оқу орнына айналды. Бұл гимназияларда мұғалималарды даярлау үшін арнаулы педагогтық сегізінші кластарды да ашуға мүмкіндік болды. Сонымен қатар 1858 жылы оқу министрлігі де «оқу министрлігінің қарауындағы әйелдер училищелерінің Ережесін» бекітті. Бұл училещелер екі түрлі – алты және үш класты болып құрылды. «Мария гимназиялары да, министрліктің алты класты училещелері де оқу программасының көлемі жағынан еркектерге арналған оқу орындарынан анағұрлым төмен болды және оларға «семьяның болашақ анасына» қажетті деп танылған білімдерді ғана беру көзделді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет