Тарих кафедрасы



бет8/12
Дата26.06.2018
өлшемі243,76 Kb.
#44403
түріСеминар
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Бақылау сұрақтары


1. индуизм қашан және қалай пайда болды?

2.Бұл діннің ерекшелігі қандай?

Әдебиеттер:

Беленький М.С. Иудаизм. 2-е изд., M., 1974.

Бонгард-Левин Г.М. Древнеиндийская цивилизация. Философия, наука, религия. 2-е изд. М., 1993.

Васильев Л.С. История религий Востока. М., 1988.

Гусева Н.В. Индуизм. История формирования. Культовая практика,. М., 1977.

Тақырып 11. Конфуцианство және даосизм. Тақырыпты оқыту әдістемесі

Мақсаты: келесі сұрақтарға жауап беру: Тақырыпты оқыту әдістемесі Конфуцианство и даосизм.

1.Даосизм, конфуцианство, буддизм – білім триадасы (сань цзяо).

2.Қытайдағы ежелгі наным сенімдер.

Біздің жыл санауымызға дейінгі ҮІ ғасырда Қытайда жаңа философиялық-дүниетанымдық ілім пайда болды. Ол бертін келе дін дәрежесінде орнықты. Бұл ілімнің негізін салушы Кун-Цзы немесе Кун-ұстаз (европалық транскрипцияда - Конфуций) болды. Конфуций б.э. дейінгі 551 жылы туып, 407 жылы дүниеден өтті.

Конфуцийлік тоғыз кітап аталатын жинақ осы Конфуций қаламынан туған шығармалардан құралған деп саналады. Бірақ, олардың бәрі бірдей Конфуций туындылары емес. Бұл аса көлемді еңбектің бірінші сериясы мынадай бес кітаптан тұрады:



  • Өзгерістер кітабы”. Бұл кітапқа құлшылық және тылсым дұғалар, өсиет сөздер топтастырылған. Ол алғашқы қауымдық құрлыстан бергіні сөз етеді, барлық кітаптардың ішіндегі көнесі болып табылады. Осыған қарағанда ол бір адамның қаламынан шыққан дүние емес, құрастырылған еңбек болуы ықтимал.

  • Көне тарих кітабы”. Ол көне уақыттарда жасаған императорлардың аңызбен астасқан тарихынан мәлімет береді;

  • Салтанатты рәсімдер кітабы”;

  • Көктем мен күз кітабы”. Даусыз Кун-Цзының төл туындысы деп танылатын бұл кітапта Лу княздығының тарихы баяндалады.

Да-Сюэ” (Ұлы ілім), “Чжун-юн” (Тепе-теңдік туралы), “Лун-юй” (Әңгімелер мен ойлар) және Кун-Цзының шәкірті және оның ісін алға апарушы Мэн-Цзының атымен аталған еңбек – екінші серияны құрайтын төрт кітап, зерттеуші ғалымдардың пікірінше, Кун-Цзының шәкірттерінің қаламдарынан туған дүниелер.

Конфуций ілімі – тұтасымен дерлік адамшылық туралы ілім. Мұнда құдай турасында бір ауыз сөз жоқ. Құдайды танып білуге адамның ақылы жетпейді.

Барлық өзге діндер үшін аса маңызды мәселе - әлемнің, адамзаттың жаратылуы, адам мен құдайға қатысты мәселелер Конфуций ілімінде мүлдем қарастырылмайды. Бірақ, ғұлама қытай тарихында тұңғыш рет көне мифологияны тәпіштеп жазып шыққан. Мұны ол дінге, көне мифтердегі айтылатын құдайларға сенгендігінен емес, тарих және халықтың ғасырлар бойы орныққан дәстүрі болғандығынан жазған және осы дәстүрлерді мейлінше мұқият сақтауға уағыздаған. Бұл дәстүрлер неғұрлым көне болса, олар соғұрлым маңзды және құнды деп есептелген.

Дни ғұрыптар мен рәсімдер адам мен құдірет иесін байланыстыру жолдары емес, адамдардың тұрмысын белгілі бір ізге салудың, оны мазмұнмен толтырудың жолы ретінде қарастырылған. Конфуцийдің түсінігінде ғұрыптар мен салттарды сақтамайтын адам - өзінің басындағы шашына күтім жасамайтын адам сияқты барып тұрған надан, адам емес, мақұлық. Яғни, конфуцийліктегі құлшылық объектісі - көне замандарда жасалып, біржола орныққан, өмірдің барлық жақтарын қамтитын Ұлы Рәсімдер. Философтың өмірі – осы Рәсімдерді сақтаудың үлгісі. Ол, өзінің айтуынша, үш мың ереже мен үш жүз ғұрыпты орындаған. Храмдарға баруды өте ұнатқан. Аспан құдіреті – Тяннің құрметіне өткізілетін діни қызметтерге, құбандық ғұрыптарына үнемі қатынасып отырған. Сонымен бірге, әлемдік Құдіретті Аспан туралы сөз қозғай бастаса, бұл уақытты босқа шығындау деп, ашу шақыратын болған. Ал оның шәкірттерінің кейбірі Аспан - табиғаттың бір бөлегі және ол туралы сөз етудің еш қажеттігі жоқ деп тура қайырып тастайды.

Кун-Цзы тұрмыста мейлінше талғампаз, кінамшыл болған. Олд, мәселен, уақыты келмей ешқашан асқа отырмаған, дұрыс дайындалмаған, тіптен дұрыс туралмаған тамақты ешқашан татпаған. Конфуцийлік қытайда тәлім көрген адам атанудың толып жатқан ережелері болды. Үлкендермен, өзінен жасы кішілермен амандасу, дұрыс отырып-тұру, төсекке дұрыс жату, үйге табалдырықтан дұрыс ену, дұрыс киініп, тарану, дастарқан басында өзін өзі ұстай білу сияқтылардың бәрі айрықша маңызды саналды.

Конфуцийлік қытайлықтарды сыпайыгершілікке, сезімталдыққа тәрбиеледі. Адамның ішкі ниетін тереңге жасыра білуге үйретті. Кун-Цзы осындай жоғары адамшылықты насихаттай отырып, бұл жолмен жүрмегендерді мүлдем адам қатарлы санаған жоқ. Оның ойынша, қоғамның толық мүшесі болуы үшін әр адам ескіден келе жатқан ғұрыптарды сақтауға және сыйлауға міндеттеді.

Өзгелер үшін тәрбиелі қоғамда орын жоқ. Ол өмірде еш нәрсе өзгермейді, сол қалпында сақталуы тиіс деп санады. Бәлкім осыдан болар, конфуцийлік қытайда ғасырлар бойы өмір ағысы бір арнасында сақталып келеді. Веда, буддизм ілімдері тараған Азия елдерінің көбінен осындай баяндылық пен тұрақтылықты, дәстүрлерге беріктікті байқаймыз. Дәстүрлерге беріктік, әлемдегі болып жатқан құбылыстарды ойлы байсалдылықпен қабылдау, табиғатпен мейлінше үйлесім табу – Шығыстың өмір салты болып орныққан нәрселер...

Кун-Цзы ізгіліктің бес түрлі жолын уағыздады. Олар – даналық жолы, қайрымдылық жолы, адалдық, үлкендерді құрметтеу және қайраттылық жолдары. Осы жолдармен жүрген жағдайда ғана тұрмыс ретті әрі үйлесімді болмақ. Соның ішінде борышқа адалдық (и), ел билеушісіне берілгендік (чжун), баланың ата-ананы сыйлауы (сяо) және үлкенді сылау (ли) ерекше талап етіледі.

Конфуций ілімі ата-бабаларды, олардың өмір жолын қастерлеуді уағыздайды. Оның негізінде бүкіл адамзат тағдыры Аспанда күні ілгері жазылып-сызылып қойған, адамдардың қатынасында еш нәрсені өзгерту мүмкін емес деген ұғым жатыр. Бұл қағидаларды қытайдың көне заманнан бергі діни тұрмысының басты мазмұны деуге болады. Осы дәстүрді сақтаушылар – от басындағы үлкендер. Әрбір қытайлық өз өміріндегі елеулі қадам туралы ата-бабаларды хабардар етуді, солардың рұқсатын алуды парыз санған. Ол үшін тағам түрінде немесе ақшалай құрбандық жасалатын болған. Бірақ, қан шығаруға тыйым салынған.

Қытайлық үшін ең ауыры - өмірден ұрпақсыз өту қауіпі болған. Өйткені ұрпақсыз өткен адамның соңынан оны еске алып, есімін қошеметтейтін ешкім болмайды деп саналған. Осыдан дүниеден ұрпақсыз өткендерге қауым болып жиылып құрбандық айту рәсімі орныққан.

Қытайлықтардың отбасындағы ең сыйлы адам – қарттар болып саналған. Әрбір қытайлық қызметке тұрудан бастап, үйленуге дейін ата-аналарының рұқсатын алуды парыз санаған. Олардың түсінігінде – аруақтар отбасымен әрдайым бірге, тірі кезіндегідей қошемет-құрметті талап етеді. Осыдан әр үйде, отбасының тұрмыс ахуалына қарай, аруақтарға құрмет көрсететін арнаулы орындар болған.

Ауқатты адамдар аруақтар құрметіне бірнеше, кейде жетіге дейін храм тұрғызған. Ертеректе өлген адамдар қуыршақ түрінде бейнеленіп, бертінректе қуыршақ жасау орнына қара тақтайшаға о дүниелік болған ата-бабаларының есімдерін қызыл бояумен жазып қою салты орнықты.

Мемлекет және ел билігі мәселесінде Конфуций Қытайды үлкен бір отбасы тұрғысында қарастырды. Оның ел билеушісінен бастап, қарапайым шаруға дейінгі әр мүшесі өзіне жүктелген істі ыждағаттылықпен орындауға, қатаң тәртіп сақтауға міндеттеледі. Соның ішінде елдің әміршісі қол астындағыларға өз балалары есепті қарауға тиіс болды.

Кун-Цзы алғашқы императорлар кезінде тамаша тәртіп болған, соны толқ қалпында келтірген жөн, деп үйретті. Бұл ілімді ғалымдар “алтын ғасыр туралы ілім” деп атайды.

Бертін келе конфуцийлік Қытайдың ресми діни-философиялық жүйесі болып онықты. Ол дауосизммен қатар қытай халқының бет-бейнесін, тұрмыс салты мен мемлекеттік құрлымын айқындаушы ілімге айналды.

Бұл діни-философиялық бағыттың негізін салушы – Лао-Цзы. Оның еңбегі даналық сөздерден тұратын “Дао-дэ-цзин” (Дао туралы кітап) деген философиялық трактат.

Бұл кітапта насихатталатын ілімнің негізінде дао түсінігі жатыр. Дао – сөзбе-сөз жол дегенді білдіреді. Яғни ол әрі жол, әрі құдай, әрі ақыл, әрі сөз. Оның не түрі, не түсі, не аты жоқ. Өзі мәңгілік тұрақты, солай бола тұра барлық өзгертетін нәрселердің себебі. “Адам жерге тәуелді, жер аспанға тәуелді, аспан даоға тәуелді, дао өзіне-өзі тәуелді” дейді Лао-Цзы ілімі. Даоны табиғат, заттық әлем тұрғысынан да қарастыруға болады. Дао иероглифін құдай ұғымына жуық әлдене ретінде де қабылдауға болады. Бірақ, ол мифологиялық құдайлардың ешқайсысына ұқсамайды, мейлінше тылсым, бейнесіз.

Адамдарға мәлімі – дао, одан өзгесі беймәлім. Осыдан даоны барша әлем үшін ортақ заңдылық, барлық нәрсенің түпкі тамыры, барлық заттарды дүниеге келтіруші деп қабылдау оның мәніне жуық. Әлемдегі бардың бәрі – адамдар да, заттар да, құбылыстар да бір жолмен қозғалып, осы жол бойында өзгеріп, құбылып отырады. Өзгермейтін өзі ғана. Лао-Цзы ілімінің іргетасы осы.

Лао-Цзы даоны жол, қозғалыс, өзгерістердің себебі тұрғысынан қарстыра отырып, қоғамдық және саяси тұрмыс мәселелеріне келгенде мейлінше консерватор болды. Бұл жағынан ол конфуцийлікпен үйлесім тапты. Оның концерватизімін Лао-Цзы айтты деген мына жолдардан көруге болады: “Мен (ел басқарушы) ешқандай жаңа істі қолыма алмасам, халықтың ауқаты жақсара түседі”, “Қай әкім халқын жақсы көріп басқарар болса, сол адам әрекетсіз болуы керек”, “халқы өзінің әйтеуір бар екендігін ғана білетін әкім – ең жақсы әкім, халқынан өзін сүйіп, марапаттауды талап ететін әкім одан гөрі төменірек, халқын бағыныщтылықта қорқытып ұстаған әкім одан жаман, ал ең жаман әкім – халқы жек көретін әкім”.

Данышпен ел басқару жөніндегі заңдарға да сенімсіздікпен қараған. Ол заң неғұрлым көп болса, ұры, қарақшы, кісі өлтіруші де көбейеді деп санаған. Лао-Цзының ойынша мәселе әр адамның “ең жоғарғы ақиқатқа” ұмтылысында, өзін өзі жетілдіруінде.

Қандай ниетпен бастамаса да, адамның кез-келген әрекеті зұлымдыққа себепші болады, “кімде-кім әрекет етсе – қателікке ұрынады, кімде-кімнің қолында бір нәрсесі болса, ол жоғалады, сондықтан құдіретті данышпан еш әрекет жасамайды, ол ештемесін жоғалтпайды да; ол дүниенің ырқына бағынады, өз бетінше бірдемені жасаудан бой салады”, “данышпанның жүрегі әрнемеге бейтарап, салқын болуы керек, сонда барлық заттар өздігіннен өзгереді”, “кімде-кім түрлі шаруадан халас болса, соның дені сау болады” – дао ілімінің табиғатын осы қағидалардан байқауға болады.

Адамның міндеті – айналадағының бәрін құлақ түріп, бәрінің мәнін ұғынып, табиғат ғажаптарын тамашалау, оынмен үйлесім іздеу, табиғатты өз үйіңнің терезесінен көріп танып білуден артығы жоқ, алыс сапарға шықсаң, соғұрлым аз білесің, деп үйретті философ. Ол кедейлікті насихаттаған жоқ, әйтседе байлықтан асқан құндылықтар бар, философ үшін, ғұлама үшін, байлықтан кедейлік ұнасымдырақ, деп насихаттады.

Дао ілімі зорлық пен қысастықтың кез-келген түріне қарсы. “Өзінің атын жеңіспен шығару – адамдардың өліміне шаттану” деген сөз. Ол, сонымен бірге, адамдарды әбігерліктен, басы артық білім жинаудан сақтандырды, жақсылыққа жақсылық жасауды, тұтқыр, үнемді болуды насихаттады. Жалпы оның ілімі ақылға емес, сезімге негізделген.

Орта ғасырда даосизм философиялық мектеп және діни ілім болып екіге бөлінді. Ұстаздың дүниеге келуі, жасаған кереметтері туралы түрлі аңыздар пайда болды. Ол құдай дағуасына көтерілді. Дао діннің ортодоксалды кітаптары пайда болды. Солардың бірі - “Әрекеттер мен жазалар туралы” кітап. Ол екі жүз он екі нұсқау мен өсиеттен тұрады.

Кітаптың басты желісі – жақсылық пен жамандықтың адамға қайтуы. Адамның әр жасаған жамандығы оның ғұмырын қысқартады, мәселен, зұлымдық адам жасын он екі жылға, шамалы әбестьік жүз күнге қысқартады, делінеді. Кітаптан барлық діндерде уағыздалатын кісі өлтірме, ұрлық жасама, жанды нәрсеге қиянат қылма деген сияқты қағидалармен қатар “жылама және теріскейге қарап түкірме” деген мазмұндағы кеңестерді де оқи аламыз. Дао үлкенді сыйлау мәселесіне ерекше маңыз береді. Ол балаға теріс айналып, ата-анасына жонын көрсетудің өзіне қатаң тиым салады.

Дао дінінде тылсым мен сиқыр басым. Бес элемент – металл, ағаш, су, от және топырақ киелі саналады. Жыланға, айдаһарға, кей ағаштарға құлшылық ұрылды. Дао ғұламалары ортағасырлық Европа сиқыршылары тәрізді алхимиямен шұғылданды, адамға мәңгілік ғұмыр беретін “сиқырлы элексир” іздеумен айналысты. Олар химия, металдар мен минералдардың қасиеттері туралы бірқатар жаңалықтар ашты, бағалы дәрі-дәрмектер жасады. Әсіресе, дәстүрлі қытай медицинасының басты элементіне айналған инемен емдеуде үлкен табыстарға жетті.

Даосизм ешқашан біртекті болған емес. Ол ерте кездердің өзінде бірнеше мектептер мен ағымдарға бөлініп кетті. 1927 жылы Қызыл Армия дао тянь-шиінің ордасын тақандады. “Мәдени революция” тұсында даосизм екінші рет қуғынға ұшырады. Қазір ол өз отанында қайтадан жанданып келеді.

Заратуштра аңыз бойынша біздің дәуірімізге дейінгі 1500-1200 жылдар аралығында өмір сүрген. Ол отқа, қайырымдылық құдайы Ахурамаздағы табынуға негізделген жаңа дін жүйесін, әлемдік этика үлгісін жасады. Ол үшін Жақсылық пен Жамандық адам жанының да, тіптен адамзаттың да проблемасы болған емес. Бұлар – Космос құдіреттері еді.

Заратуштра діні қазіргі Иран территориясында пайда болған. Екінші бір деректерде Заратуштра б.э. дейінгі VII-VI ғасырлар шамасында мидияда дүниеге келген. Туғанда оған ата-анасы Спитама есімін берген. Спитама жиырма жасынан дала кезіп кетіп, он жыл бойы өз ойымен болып, тақуалықпен жалғыз өмір сүрген. Оған ұлы құдай – Ахурамазда және оның жеті сипаты туралы аян келеді. Өсиеттеріне өз жұртын сендіре алмаған Спитама Отанынан безіп, шығысқа, Амудария бойына, ол кездегі Бактрия мемлекетіне бет алады. Ол ел-елді аралай жүріп, жаңа дінді насихаттаудан жалықпайды, Ахурамазда туралы гимн айтумен болады.

“Авеста”. Қасиетті “Авестаның” ең көне тараулары б.э. дейінгі XIII ғасырға жатады. “Авеста” бойынша әлемді ең көне замандардан тұңғыш адам басқарып келген. Оны Ангра-Майну құдай өлтірген, соң, әлемде ізгілік пен зұлымдықтың күресі басталды. Ол орасан апатқа әкеліп соқтырды: барша әлем отқа оранып майып болды. Осыдан соң әлем екінші қайтара жаратылды.

Келесі мыңжылдықта Ахурамазда Заратуштраға адам кейпін беріп, адамдарға ақиқат дін таратуға жұмсады. Жарықты қорғай ма, қапас жағына шыға ма – таңдауды Заратуштраның өзіне қалдырады. Адамзаттың басым бөлегінің дұрыс өмір құруы, ізгілік жағында болуы Ахурамазданың зұлымдықты жеңуіне көмектеседі. Әлемнің даму циклі аяқталғанда заратуштра жер бетіне құтқарушы кейіпінде оралады. Заратуштра діні бойынша, ақырзаман болғанда өлгендер Ахурамазданың алдына жауапқа барады. Өлген адамның жаны аспанға ұшып, “жаза көпіріне” барады. Оларды онда құдайлар күтіп тұрады. Күнәсіз жандар жарық пен қайырымдылық әлеміне, күнә жасағандар зұлымдық әлеміне жіберіледі.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет