«Тарих пәнін оқытуда оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың әдіс-тәсілдері» «№1 Предгорное орта мектебі»



бет1/5
Дата26.04.2024
өлшемі37,63 Kb.
#201461
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Тарих пәнінен мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту әдістері


«Тарих пәнін оқытуда оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың әдіс-тәсілдері»
«№1 Предгорное орта мектебі» КММ
тарих және қоғамтану пәні мұғалімі
Аубакирова Назгуль Уалихановна


Тақырыптың өзектілігі: Еліміздің орта білім саласына енгізіліп жатқан жаңа реформа білімнің берілу сауаттылығы ғана емес, мемлекетіміздің әлемдік деңгейдегі бәсекелестікте алатын орнына да қатысты. Бүгінгі білім саласындағы талап әлемдік озық үлгідегі білім беретін елдермен тәжірибе алмаса отырып оқыту. Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру –заман талабына сай өскелең ұрпақтың өмірге бейімділігі, халықаралық стандарт деңгейінде сапалы білім мен тәрбие алуының негізгі құралы. Негізгісі оқушыларды мектеп бітіргеннен кейін өмірге бейім етіп, алған білімін өмірде кез келген жағдайда, қажетті жерде оңтайлы қолдана алатын тұлға ретінде оқыту болып отыр.
Мақсаты: Тарих және қоғамтану сабақтарында оқушыларының функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыру тетіктерін зерделеу арқылы оқытудың озық технологияларын тиімді пайдаланып, сапалы білім беру, өмірге бейім тұлға қалыптастыру. Сын тұрғысынан ойлауды дамытуды тарих пәнін оқытуда қолдану және ол арқылы оқушы білімін тереңдетіп, оқушының сабақты шығармашылық ізденіспен меңгеруіне септігін тигізетіндігін дәлелдеу.
Міндеттері:

  • Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша шаралар жүйесін іске асырудың тетіктерін анықтау;

  • Оқушылардың білім сапасын арттыру үшін қолданылатын жаңаша әдіс-тәсілдерді меңгеру, игеру.

  • Сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегияларын қолдану арқылы оқушылардың өз бетінше ізденудің тиімді жолдарын анықтау.

Зерттеу нысаны: Тарих сабағын меңгертудің ұтымды әдістемесін ұсыну. Сын тұрғысынан ойлауды дамытуды тарих пәнін оқытуда қолдану арқылы оқытудың тиімді амалдарын көрсету.
Зерттеу пәні: Мектепте тарих сабақтарында сын тұрғысынан ойлауды қолдану арқылы тарихты меңгерту.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет