Тарих сабағында оқушылардың білім сапасын арттыруда тиімді оқыту мен оқудағы жаңА Әдіс-тәсілдердің тиімділігі



бет1/2
Дата18.04.2022
өлшемі21,52 Kb.
#139908
  1   2
Байланысты:
уРАЗОВА Г 90 тарих

ТАРИХ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДА ТИІМДІ ОҚЫТУ МЕН ОҚУДАҒЫ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІҢ ТИІМДІЛІГІ



Шымкент қаласы, №90 Дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп гимназиясының
тарих пәні мұғалімі
УРАЗОВА ГАУХАР МАХАМАДИНОВНА
«Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет» деп қазақтын біртуар перзенті Шоқан Уалиханов айтқандай, еліміз өз тәуелсіздігін алғаннан кейін білім мен ғылым саласына ерекше көңіл бөлінуде. Әлемдік білім кеңістігінен орын алу үшін міндетті түрде саналы жан-жақты дамыған ұрпақты тәрбиелеуіміз керек . «Мұғалім – мектептің жүрегі» деп Ыбырай Алтынсарин бекер айтпаса керек. Әрбір мұғалім өзін мектептің жүрегімін деп есептеп, мектептің жанын кіргізердей дәрежеде болуы тиіс. Өз ісіне аса ықыласпен ден қойып, құзырлы мұғалім ретінде баланың жүрегіне білім нәрін себе білсе нұр үстіне нұр болар еді.
Мұғалім қызметіндегі маңызды дүние – жекелеген оқушылардың тақырыпты қабылдау ерекшеліктерін, оқушылардың түсінігін жетілдіру немесе жақсарту мақсатында олармен жұмыс жүргізу қажеттігін ұғынуы, сондай – ақ кейбір оқушылардың тақырыпты өзіне оңтайлы бірегей тәсілдермен меңгеретіндігін жете түсіну .
Білімді және тәрбиелі, дүниетанымы кең, ұшқыр ойлы ұрпақ тәрбиелеу үшін – тиімді оқыту мен оқудағы теорияны сабақ үдерісінің негізгі көзіне айналдыру қажет. Осы бағытта білім беру ұйымдарының алдындағы мақсат – мұғалімдер тәжірибесін үнемі жетілдіру және бағалау. Жаңа әдіс – тәсілдердің практикалық қолданысын кеңейту, дамыту болып табылады. Ол үшін жергілікті және облыстық білім беру ұйымдары педагог кадрлардың ізденісі бағытындағы тәжірибе алмасу шараларының формаларын жетілдіріп отыруы қажет. Ұстаздар қауымының республикалық және өңірлік тәжірибе алмасуы үнемі болуы шарт.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет