Тарих сессия сұрақтары Қазақ мемлекеттілігінің тарихи бастаулары мен сабақтастығы туралы жазыңыз


Қазақ АССР және Түркістан Республикасы құрылуы тарихи маңызын көрсетіңіз



бет21/78
Дата20.04.2023
өлшемі214,43 Kb.
#175017
түріСабақ
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   78
Байланысты:
Тарих сессия жауаптары (1)

23. Қазақ АССР және Түркістан Республикасы құрылуы тарихи маңызын көрсетіңіз;
Қырғыз Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы — 1920 жылдың 16 маусымында РКФСР құрамында құрылған автономиялы қазақ республикасы. Республика орталығы — Орынбор қаласы.
1920 жылы көктемде Қазақстанда азамат соғысы аяқталған соң ақгвардияшылар құлатқан Кеңес үкiметiн қайта құру басталды. 1919 жылы шiлде айында РСФСР-дың Халық комиссарлар кеңесi Қазақ өлкесiн басқаратын революциялық комитет құру туралы шешiм қабылдады. Қазревкомның негiзгi мiндетi Қазақстан кеңестерiнiң құрылтай жиналысын шақыру дайындығын жүргiзiп Қазақстанда Кеңес үкiметiн орнату болды, казревкомның тағы бiр мiндетi қазақ жерлерiн бiрiктiру, оның территориялық тұтастығын қамтамасыз ету болды. Казревком 1919 жылғы шiлдеден 1920 жылғы қазанға дейiн 15 ай өмiр сүрдi. Осы уақыттың iшiнде қазақ автономиялық республикасын жариялауға байланысты қыруар жұмыс атқарды. 1920 жылы 26 тамызда Бүкiл Ресейлiк Орталық Атқару комитетi мен халық комиссарлар Кеңесi Қырғыз автономиялық Советтiк Социалистiк республикасын құру туралы декрет қабылдады. Бұл республика РСФСР-дың құрамында болды да астанасы Орынбор қаласы болып белгiлендi.
1920 жылы 4 қазанда Орынборда өткен Қазақстан Кеңестерінің құрылтай съезінде Орталық Атқару Комитеті (төрағасы С. М. Мендешев) және Халком Кеңесі (төрағасы В. Радус – Зенькович) сайланды. Съезд Қырғыз (Қазақ) АКСР-і РКФСР-дің құрамына кіретін жұмысшылардың, еңбекші қазақ халқының, шаруалардың, казактардың және қызыл әскер депутаттары кеңестерінің автономиялық республикасы болып құрылғанын мәлімдеді. Декларация Кеңестердің таптық мәнін белгілеп берді. Ол халықты ұлттық езушілік пен құлдықта ұстау саясатынан батыл қол үзетінін жариялады.
1920 жылғы 26 тамызда РСФСР халық комиссарлары Советінің председателі В.И.Ленин мен Советтердің бүкіл россиялық атқару комитетінің председателі М.И.Калинин Қазақ Автономиялық Советтік Социалистік Республикасын құру туралы декретке қол қойды. Декреттің бірінші тарауында Қазақ АССР-і РСФСР-дің құрамды бөлігі болып жарияланатыны айтылды. Қазақ Совет Республикасының құрамына мына облыстар мен уездер кірді:
1.Павлодар, Семей, Өскемен, Зайсан және Қарқаралы уездерінен тұратын Семей облысы.
2.АтбасарАтбасар, Ақмола, Көкшетау, Петропавл уездері мен Омбы уезінің бір бөлігінен тұратын Ақмола облысы.
3.Қостанай, Ақтөбе, Ырғыз және Торғай уездерінен тұратын Торғай облысы.
4.Орал, Ілбішін, Темір және Гурьев уездерінен тұратын Орал облысы.
5.Закаспий облысының Маңғыстау уезі мен сол облыстың Красноводск уезіндегі Адайлар мекендеген төртінші жене бесінші облыстар.
6.Астрахань губерниясының құрамында болып келген Бөкей ордасы, Синемор облысы, бірінші және екінші Приморье округтерінің қазақтар мекендеген аудандары.
“Известие ВЦИК” газетінің 1920жылғы 22 қазанындағы санында жарияланған 26 тамыздағы декреттің бірінші тарауына енгізілген қосымша Қазақ АССР-нің құрамына Орынбор қаласы мен оның маңындағы Покровский, Краснохолм, Илец, Шарлық, Исаев және Петровск аудандары қосылатындығы айтылды.
Түркістан АКСР-інің құрамына енген Жетісу және Сырдария облыстарын Қазақстанға қосу азамат соғысы кезінде туындай бастады. Бұл облыстардың қазақтары солтүстік ауданмен бір республикаға бірігу пікірін үнемі ұсынып отырды. Орталық Азияда пантүркілік және панисламдық идеяны әлсірету үшін Түркістан Республикасын ыдыратуды орталық өкімет (Мәскеу) ерте жоспарлады. 1924 жылы ол жойылып, Өзбек және Түрікмен Республикаларына бөлінді, біршама уақыт өткеннен кейін Қырғыз және Тәжік Республикалары пайда болды. Сырдария мен Жетісу облыстары Қазақстанға қосылды. Орынбор қаласымен Орынбор губерниясының бір бөлігі Ресейге берілді, осыған байланысты Қазақстанда жаңа астана Қызылордаға ауыстырылды Ұлттық аумақтық межелеу нәтижесінде Қазақстанға: Қазалы, Ақмешіт, Әулиеатаның көп бөлігі және Сырдария облысының Ташкент және Мырзашөл уездері, Самарқан облысының алты көшпелі болыстары кірді. Жетісу облысының –Алматы, Жаркент, Қапал уездері, Пішкек уезінің Георгиевка, Шу, Қара-Құнық болыстары енді. Межелеу нәтижесінде Қазақстан аумағы 70 мың км-ге кеңейіп, 2,7 млн км құрады, тұрғындардың саны жалпы 5230 мың адамға жетті. Астана Ақмешітке ауыстырылып, оның аты Қызылорда (1925 жылы) деп өзгертілді. Осы жылы елдің дұрыс атауы қайтарылып, Қазақстан республикасы деп аталатын болды. Барлық қазақ жерлерінің бір республикаға бірігуі қазақ халқының тарихындағы маңызды кезең болды және қазақ мемлекеттілігінің қайта қалыптасуына үлкен рөл атқарды.1925 жылы Қазақстанның екiншi астанасы Ақмешiт қаласында болған Қазақстан кеңестерiнiң ІІІ съезi Қазақстанның жаңа астанасын Қызылорда деп өзгертiп қазақтардың тарихи атын қалпына келтiрдi. Осы кезден Қазақстандағы Кеңес мелекетi Қазақ АССР болып аталды. 1936 жылы Қазақстан Одақтас республика болып құрылып СССР-дың тiкелей құрамына ендi.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет