Тарих сессия сұрақтары Қазақ мемлекеттілігінің тарихи бастаулары мен сабақтастығы туралы жазыңыз


Түркістан кеңестік федеративтік республикасы



бет22/78
Дата20.04.2023
өлшемі214,43 Kb.
#175017
түріСабақ
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   78
Байланысты:
Тарих сессия жауаптары (1)

Түркістан кеңестік федеративтік республикасы (сондай-ақ Түркістан Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы, Түркістан Кеңестік Республикасы) – 1918 жылғы 30 сәуірден 1924 жылғы 27 қазанға дейін РКФСР құрамындағы автономиялы республика. Халық саны 5 миллионнан асады. Астанасы – Ташкент қаласы. Басқарушы партия – Түркістан коммунистік партиясы. Башқұрт АКСР-мен қатар РКФСР құрамындағы алғашқы автономиялы республика болып саналады.
Тарихы
1918 жылы Ташкентте 20 сәуір мен 1 мамыр аралығында болып өткен кеңестердің Бүкілтүркістандық 5-съезінде жарияланды. Онда “Түркістан Кеңестік Республикасы туралы ереже” бекітілді. Съезде: “Түркістан Кеңестік Федеративтік республикасы автономиялы түрде басқарылып, Ресей Кеңестік Федерациясының орталық үкіметін мойындайды және оның бағытын ұстанады” деп жазылды. Оған Каспий өңірін, Самарқанд және Ферғана облыстарын қамтитын Түркістан өлкесі кірді. Астанасы Ташкент болды. Мұның құрылуына Ташкентте Кеңес өкіметі орнағаннан кейінгі басталған табан тірескен қиян-кескі күрес себеп болды. Бұл Федерация өз аттас өңірдің бір бөлігінде құрылды. 1918- 1920 жж. Азамат соғысы кезінде Түркістан Республикасының Орталық Ресеймен байланысы болмады. 1924 жылы 16 қыркүйекте Түркістан Орталық Атқару Комитетінің төтенше сессиясы ұлттық-мемлекеттік шекара бөлу туралы қаулы қабылдады. 1924 жылы 14 қазанда Бүкілресейлік ОАК-нің 2-сессиясы Түркістан Федерациясын жеке автономиялы бірліктерге бөлу туралы шешім қабылдады. 1924 жылы 27 қазанда БОАК (ВЦИК) осы шешімге заң күшін бере отырып бекітті. 1924-1925 жылдары ұлттық мемлекеттік бөлу нәтижесінде Түркістан, Бұқара, Хорезм Республикаларының аумағында Өзбек КСР, Түркімен КСР, Өзбек КСР құрамында Қарақырғыз автономиялық облысы, Қарақалпақ автономиялық облысы мен ТАКСР-дың қазақтар мекендеген аудандары, Сырдария және Жетісу облыстары кірген ҚазАКСР (1925 жылы сәуіріне дейін Қырғыз АКСР, ал 1936 жылы – Қазақ КСР-ы деп аталды) құрылды.


24. Жер-су реформасының мақсаты, оны жүзеге асырудағы ауытқулар мен қателіктерді көрсетіңіз;
1921-1922 жылдарды қамтитын үшінші кезеңде жер – су реформасы іске асырылса, 1924-1927 жылдарды қамтитын төртінші кезеңде – жерге орналастыру, шабындық, егістік жерлерді қайта бөлу жұмыстары жүргізілді. Мұндай шараларды іске асыруда тәжірбиенің жоқтығы, жергілікті кадрлардың түсінігінің кемдігі, сауатының аздығы, т.б. себептер негізінде бұл төңкерістік шараларды іске асыру барысында асыра сілтеушіліктің, солақайлықтың, теріс әрекеттердің орын алғанын, Кеңес өкіметіне сенімді азайтатын жайлардың болғанын да айту керек.
Бірақ 1917 жылғы қазан төңкерісінен кейінгі оқиғалар, сонымен бірге, қазақ қоғамында ұлттық бостандық үшін күрестің жолдары мен өдісіне қатысты жаңа көзқарастың қалыптасып қалғанын да көрсетіп берді. Оны ұстанушы ұлтгық демократиялық интеллигенция қазақ жеріндегі ара салмақтьщ өзгергенін, қарсы тұрған жаудың да күші мен айласы бұрын-ғьщан басқа екеңдігін ескере отырып, күрестің жаңа әдісіне көшу қажеттігін, ал ол әдістің негізгі белгісі ұлтгық саяси тұтастық және негізгі мақсаттар үшін саналы, ұйымдасқан әрекетке өту екендігін халыққа жеткізуге тырысты.
Оқиғалар ағымы екінші көзқарастың сол тарихи кезеңцегі ұлт мүддесіне тура келетіңцігш көрсетіп берді. Демократиялық интеллигенция болса жаңа заман, жаңа өзгерістердің келе жатқавдығын тура түсіне отырып, енді белсенді әрекетке көшті. Оның бұл әрекеті алдымен саяси партия құрудан бастады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет