Тарих сессия сұрақтары Қазақ мемлекеттілігінің тарихи бастаулары мен сабақтастығы туралы жазыңыз


Қазақстандағы 1921-1922 жж. аштыққа қарсы қазақ зиялыларының күресін тұжырымдаңыз



бет25/78
Дата20.04.2023
өлшемі214,43 Kb.
#175017
түріСабақ
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   78
Байланысты:
Тарих сессия жауаптары (1)

27. Қазақстандағы 1921-1922 жж. аштыққа қарсы қазақ зиялыларының күресін тұжырымдаңыз
1921-1922 жылдардағы аштық қазақ халқының басына түскен аса ауыр нәубет. Қаншама азаматтарымыз аштықтан көз жұмып, ай далада көмусіз қалды. Қаншама қазақтың ошағы сөнді. Бір үзім нанға зар болып, қолын жайып, қайыр тілеп, ауыл-ауылды аралап, қала көшелерінде тентіреп, босып шет жұртқа кете барды.
1921 жылы аштықтың жайлап бара жатқанын айтып, дабыл қаққан газеттердің бірі - «Ақ жол» газеті.
Қазақстандағы аштықпен күресте ұлт зиялылары Тұрар Рұсқұловтан бастап, Мәннан Тұрғанбаев, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Сәкен Сейфуллин, Шаймерден Тоқжігітов, Уәлитхан Танашев және тағы басқалар баспасөз беттеріне ойларын ашық жазған. Олардың аштық жайлап жатқан кезде халықтың салық төлеуін қисынсыз, азық-түлікті тұрғындарға бөлуде әділетсіздік орын алып отырғандығын ашық жазып, ұсыныстар
білдірді.

28. Қазақ жерлерінің ҚАКСР құрамына біріктірілуін талдаңыз
Қазақ автономиялық кеңестік социалистік республикасының құрылуы. Қазан төңкерісінен кейінгі алғашқы уақытта ұлттың өзін-өзі билеу идеясын қабылдамаған В.И.Ленин мен большевиктер партиясы унитарлық мемлекет құруға бет алды.
Қазақ автономиялы кеңестік социалистік республикасы 1925 жылдың 15 маусымынан 1936 жылдың 5 желтоқсанына дейін өмір сүрді. Басында бұл автономия «Қырғыз» деп аталып, 1925 жылы ҚазАКСР орталық атқару комитетінің басшысы «қырғыз» сөзін «қазақ» атауымен алмастырып, бұдан былай Қазақ автономиялы кеңестік социалистік республикасы деген атауды пайдалануға енгізді.
1920-24 жылдар аралығында Қаз АКСР орталығы Орынбордан Қызылордаға көшіріліп, кейін 1927 жылдан бастап Алматы қаласына ауыстырылды. 
Революциялық комитеттің қарауына Астрахан губерниясының қазақтар тұратын өңірлері мен Орал, Торғай, Ақмола, Семей облыстары кірді.


29. Қазақстанды индустрияландырудың ерекшеліктерін көрсетіңіз
Қазақстанға Ф. И. Голощекиннің өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болып келуі қазақ халқына адам айтқысыз бақытсыздық әкелді. Голощекин әміршіл-әкімшіл басқару жүйесіне арқа сүйеп, небір сұмдық амал-айла, зымияндық әдіс қолдану арқылы қазақ зиялыларын бір-біріне айдап салды, "халық жауы" деп жала жауып, мындаған қазақ азаматтарының қанын төкті. Голощекиннің тікелей басшылығымен 1929 жылы - 31, 1930 жылы - 82, 1931 жылы - 80 жалған "контрреволюциялық ұйымдар" ашылып, бұл ұйымдардың мүшесі болды деген жаламен он мыңға тарта қазақтың бетке шығар азаматтары қамауға алынды.
Қазақстанда елді индустрияландыру қарсаңында республикада әлеуметгік-экономикалык жағдай өте ауыр жағдайда болған. 307 мемлекет мүлкіне айналдырылған кәсіпорынның 250-і жұмыс істемейді. Егістік жердің көлемі қыскдрады. Мал басы 29,9 миллионнан 16,3 миллионға кемиді.
1920-1921 жылдары шаруашылықтың күйреуі жұтпен (мал шығыны) және 1921 жылдың қүрғақшылығымен жалғасты. Осының барлығы ашаршылыққа әкеп соқтырды.
Ел шаруашылығын индустрияландыру үшін ең ірі жобасы Түркістан Сібір темір жолын салу болды. Шойын магистралі 1927-1930 жылдары салынып, Сібір, Орта Азия және Оңтүстік Қазақстан аймақтарын байланыстырды. Қазақстан жерінен бұл жолдың 77,3 % кесіп өтті.
Қазақстан түсті металлургия, көмір, мұнай, отын-энергетикалық ресурстарының, химия өнімдерінің бай қоры ретінде КСРО-ның ірі өнеркәсіп орталығына айналды. Индустрияландыру кезінде қаланған өнеркәсіптік кешен Ұлы Отан соғысында кеңес халқының жеңісіне қомақты үлесін қосты. Қалалар мен қала тұрғындар саны артты.
Ерекшелігі — Қазақстанның индустриялық дамуы басқа да республикалармен салыстырғанда аса үлкен қарқынмен жүргізілді. Тағы бір ерекшелігі — республикалық өндіріс орындары шикізат өндірумен айналысты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет