Тарих сессия сұрақтары Қазақ мемлекеттілігінің тарихи бастаулары мен сабақтастығы туралы жазыңыз


Кеңес өкіметінің білім және ғылым саласының реформаларындағы қайшылықтарды көрсетіңіз



бет36/78
Дата20.04.2023
өлшемі214,43 Kb.
#175017
түріСабақ
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   78
Байланысты:
Тарих сессия жауаптары (1)

41. Кеңес өкіметінің білім және ғылым саласының реформаларындағы қайшылықтарды көрсетіңіз
1920–1930 жылдардағы Қазақстандағы сауатсыздыққа қарсы күрес: жетістіктер мен қайшылықтар. Большевиктер билікке келген алғашқы күндерінен бастап жаппай сауатсыздықты жою үшін күрес жүргізуге кірісті.
Кеңес үкіметінің жергілікті билік органдары Азамат соғысы жағдайында мүмкіндігінше мектептер ашты. Халықты ағарту арқылы большевиктер өздерінің идеологиясын сіңіруді және қарапайым адамдардың сеніміне кіруді көздеді.
1918 жылы шілдеде Түркістан АКСР-інде Халық ағарту комиссариаты (Наркомпрос), ал бұған дейін Қырғыз революциялық комитетінде мектеп бөлімі ашылған еді. 1919 жылы желтоқсанда В.И. Ленин «РКФСР халықтары арасында сауатсыздықты жою туралы» Декретке қол қойды.
1920 жылдан бастап большевиктер Лениннің тапсырмаларын жүзеге асыра отырып, барлық жерде сауатсыздықты жою жөніндегі төтенше комиссиялар құруға кірісті. Олар хат танымайтындарды есепке алуды, мұғалім кадрларын даярлау, мектептер мен қысқа мерзімді курстар ұйымдастырумен айналысты. Курстарда оқу мен жазуды үйретумен шектелмей, табиғаттану, бухгалтерлік есеп, ән сабағы, сурет салу т.б. пәндерді оқытты. Белгілі бір дәрежеде идеология мәселесі де қатар жүргізілді. Осы мақсатта кеңестік билік органдары Алаш қайраткерлері мен халық ағартушыларын тартты. Мысалы, 1919 жылы Ақмола облысының Омбы уезінде ағарту курстарында жұмыс істеуге қоғамның сауатты азаматтары Мағжан Жұмабаев, Қошке Кемеңгеров, Әміре Исин шақырылды.
Сауатсыздықты жоюдың көшпелі пункттері, әйелдер арасындағы сауатсыздықты жою үшін қызыл отаулар, коммуна мектептері, мектеп-интернаттар, рабфактар (жұмысшы факультеттері) құрыла бастады.
Қазақстанда сауатсыздықты жою науқаны барысында көптеген кедергілер кездесті: қаражаттың жетіспеушілігі, мектеп үй-жайы және оқулықтар мен тәжірибелі мұғалімдер тапшылығы.
1924 жылдың ақпан айында «Сауатсыздық жойылсын» қоғамының қазақстандық бөлімі жұмысын бастады. 1925 жылы қоғамның 882 бастауыш ұйымында 77 800 мүше тіркелді. Сол жылдары ұлы ағартушы А. Байтұрсынұлы қазақ тілінің фонетикалық жүйесіне бейімделген араб әліпбиін жасады. 1925 жылдан бастап халық ағарту ісіне жұмсалатын қаржы мөлшері арта түсті. Барлық үлгідегі жаңа кеңестік мектептердің желісі өсті. Соның арқасында оқушылар саны ұлғайды. Кітаптар шығару жыл сайын артып отырды. 1926 жылы сауаттылық деңгейі қазақ халқында – 6,9%, орыс халқының арасында 36%-ды құрады.
1920–1921 оқу жылында республикадағы мектептердің саны 2410-ға жетті (1914–1915 оқу жылында – 2011). Мектептердегі білім беру деңгейі әлі де нашар еді. Балалар мен мұғалімдерге арналған оқулықтар мен оқу құралдары тапшы болды. Әсіресе қазақ мектептерінде оқулықтар жетіспеді. Сондықтан да Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынұлы бастаған Алаш зиялылары сауатты деген ел азаматтарын қазақ мектептері үшін оқулықтар жазуға шақырды. Балалар үйіндегі материалдық-техникалық жағдай сын көтермейтін, онда тіпті ауыстыратын киімдер мен төсек-орындар жетіспейтін. Ауылдық елді мекендер уезд және губерния орталықтарынан шалғайда орналасты. Қазақ мектептерінде әліппе оқулықтарының өзі де жетіспеді. Жоғары білімі бар білікті педагогтер өте аз еді. Мысалы, 1924 жылы Ақмола уезінде жоғары білімі бар бірде-бір қазақ болған жоқ.
Қазақтың ұлт зиялылары шығармашылық тұрғыда табысты еңбек етіп, мәдени құрылыс, халыққа білім беру саласын жеделдетуге зор үлестерін қосты. Қазақ тілінде оқулықтар жазылды. Мұндай оқулықтардың авторлары А. Байтұрсынұлы, Ж. Аймауытов, С. Сейфуллин, М. Жұмабаев, Ә. Ермековтер болды. Алгебрадан қазақ тіліндегі мектеп оқулығын Қаныш Сәтбаев, географиядан Әлихан Бөкейхан, Қазақстан тарихын профессор Санжар Асфендиаров құрастырды. 1928 жылдың соңына қарай қазақ мектептері үшін 30-дан астам оқулық жарық көрді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет