Тарих сессия сұрақтары Қазақ мемлекеттілігінің тарихи бастаулары мен сабақтастығы туралы жазыңыз


Жаңа қоғамдық ұйымдар мен партиялардың пайда болуы туралы баяндаңыз



бет64/78
Дата20.04.2023
өлшемі214,43 Kb.
#175017
түріСабақ
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   78
Байланысты:
Тарих сессия жауаптары (1)

74. Жаңа қоғамдық ұйымдар мен партиялардың пайда болуы туралы баяндаңыз.
Қазақстанның нарықтық экономикаға өту кезеңi басталғанда елде жүзден астам саяси партия, қоғамдық ұйымдар болды.
Қоституцияда және саяси партия туралы заңда саяси партиялардың тәуелсiздiгi, мемлекеттiң олардың iсiне араласпайтыны, саяси партиялардың заң алдында тең құқықтығы, саяси партияларды мемлекет қаржыландыруға тыйым салынатындығы, республиканың конституциялық құрылымын күшпен өзгерту, елдiң қауыпсіздігіне нұқсан келтiру, ұлттық, расалық, дiни, рулық қақтығысты насихаттаушы партиялардың құрылуына тыйым салынатыны, Қазақстанда басқа елдердiң саяси партиясының құрылуына, iс әрекет жүргiзуiне тыйым салынатыны заңдастырылған. 1996 жылы қабылданған саяси партиялар туралы заңда саяси партияларды құрудың құқықтық негiздерi, олардың құқығы мен мiндеттерi, iс әрекетiне берiлетiн кепiлдiктер, партиялар мен мемлекет органдарының ара байланысы сияқты мәселелер көрсетiлдi.
Заңда саяси партияларға кең құқық берiлдi. Олар өз iс әрекетi туралы мәлiмет таратуға, өзiнiң мақсаттары мен мiндеттерiн насихаттауға, сайлауға қатысып, президентке, мәжiлiске, маслихаттарға кандидаттар ұсынуға мәжiлiсте партия фракциясын құруға, бұқаралық ақпарат құралдарын орнатуға, баспа қызметiн жүргiзуге, жиналыс, митинг, шеру жүргiзуге құқылы. Бүгiнгi таңда саяси партиялар аталмыш құқықтармен еркiн пайдаланып отыр.
75. Кеңестер Одағының ыдырауы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының(ТМД) құрылуы туралы баяндаңыз.
КСРО-ның құлауының басты себептерінің бірі – экономикалық дамуда артта қалушылық. Атап айтқанда, Одақ экономикасының технологиялық жағынан артта қалуы, сондай-ақ оның өндірісі шығарған тауарлардың бүкіл әлемде бәсекеге түсу қабілетінің төмендігі еді. Сонымен қатар, соғыстан кейінгі жылдары КСРО АҚШ-пен әскери бәсекеге түсіп және капиталистік елдермен әскери-стратегиялық тепе-теңдікті сақтау үшін қорғаныс ісіне аса көп қаржы шығарды. 1950-1990 жылдар арасындағы 40 жылда әскери шығын 20 триллион долларға жеткен. Мұндай зор шығындар экономиканы орасан зор зардаптарға ұшыратты.
1991 ж. 8 желтоқсанда Белорусь, РСФСР және Украина республикаларының басшылары Минск қаласында (Беловеж нуы) кездесіп, мәлімдеме қабылдады. Онда саяси одақ тұйыққа тірелді, сондықтан республикалардың Одақтан шығуы объективтік процесс және тәуелсіз жеке мемлекет құру шынайы факті болып отыр деп көрсетілді. Себебі, орталықтың жүргізіп отырған тоғышар саясаты елді терең экономикалық және саяси дағдарысқа алып келді, халықтың тұрмыс деңгейі төмендеп кетті, қоғамда әлеуметтік шиеленіс, ұлттар мен халықтар арасындағы қайшылықтар мен қақтығыстар күшейді деп атап өтілді. Мұның өзі бұрынғы Одаққа кірген мемлекеттердің жаңа одағын – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын (ТМД) құруға жол ашты. Бұл құрылым бұрынғы Одақ бойынша осы кезге дейін алынған халықаралық міндеттердің орындалуына кепілдеме береді, ядролық қарудың таралуына жол бермейді және оған бірыңғай бақылау орнатуды қамтамасыз етеді.
Алайда, бұл шешім әуелгі кезде басқа республикалар тарапынан қарсы көзқарастар туғызды. Өйткені, заң бойынша Одаққа кірген Қазақстан, Орта Азия, Закавказье республикаларының келісімінсіз бұл үш республика егемендік туралы күрделі мәселені жеке дара шешуге тиіс емес еді. Міне, осыған байланысты 1991 ж. 12 желтоқсанында Ашхабад қаласында Орта Азия республикалары мен Қазақстан басшыларының кездесуі болып өтті. Онда ТМД-ға тек барлық республикалардың тең құқықтық негізінде құрылушылық жағдайын мойындағанда ғана қосылуға болатындығы ерекше атап көрсетілді.
1991 ж. 21 желтоқсанда Алматыда 11 республика өкілдері қатынасқан кездесу болды. Олар тең құқықтық жағдайдағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы құрылғандығы жөніндегі шартқа қол қойды. Алматыда қабылданған декларацияда Минскідегі айтылған жалпы принциптік мәселелердің барлығы мақұлданды. Жаңадан құрылған Достастық мемлекет басшылары және үкімет басшыларының Кеңесі деген жетекші органдар құрды. Онда жалпы бағыттағы көкейтесті саяси және әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу көзделді. Достық Одаққа кірген мемлекет басшылары Біріккен Ұлттар Ұйымы алдында бұл тәуелсіз мемлекеттердің барлығын осы халықаралық ұйымға толыққанды мүше етіп алу туралы өтініш жасады. Сонымен қатар бұрынғы КСРО-да жасалған ядролық қаруды және оған әскери басшылық жасауды бірігіп іске асырып отыру жөніндегі келісімге қол қойылды. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы осы кезге дейін Кеңестер Одағы қол қойып, халықаралық дәрежедегі жасаған келісімдердің орындалуын өз мойындарына алады деп көрсетті. Сөйтіп, 1991 жылғы желтоқсандағы Алматы қаласында бас қосқан тәуелсіз елдер басшыларының келісімі КСРО-ның өмір сүруін тоқтатумен аяқталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет