Тарих сессия сұрақтары Қазақ мемлекеттілігінің тарихи бастаулары мен сабақтастығы туралы жазыңыз


Азамат соғысының қазақтың дәстүрлі шаруашылығын күйзелтуі мен “Әскери коммунизм” саясатының қазақ өлкесіндегі арандату әрекеттерін көрсетіңіз



бет24/78
Дата20.04.2023
өлшемі214,43 Kb.
#175017
түріСабақ
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   78
Байланысты:
Тарих сессия жауаптары (1)
Махбал (1), Методика 30 сұрақ-жауабымен, Методика 30 сұрақ-жауабымен, Методика 8 30сұрақ-жауап, Методика 30 сұрақ-жауабымен, 1 k shablon 9, Азиза 10 апта бож.docx.pptx, molchanov, Вопрос 1, Antaev-Zh-T-Menedzhment-v-sisteme-obrazovaniya, слайд Абдумавленова Т 2 db9c01bf439d8958587b3cecd08322dc, Способы связи, пСИХ ТЕСТ, 4 лекция ККЗТ, 4 лекция ККЗТ
26. Азамат соғысының қазақтың дәстүрлі шаруашылығын күйзелтуі мен “Әскери коммунизм” саясатының қазақ өлкесіндегі арандату әрекеттерін көрсетіңіз;
ХХ ғасырды Қазақстан Ресей империясының отары ретінде қарсалды. Дәстүрлі шаруашылық жалпыресейлік экономикасына еніп, капитализм әсерімен өзгерістерге ұшырады. Капитализмнің дамуы қазақ жерлерінің отарлауымен қатар жүрді. Табиғи байлықтарды Қазақстан аумағынан көптеп тасып әкету үшін барлық жағдай жасалды. Қазақстан Ресей өнеркәсібінің шикізат базасына айналды. ХІХ ғасырдың соңында орыс кәсіпкерлері Қазақстан жеріндегі тау-кен орындарын арзан бағада сатып алып шикізат өндейтін кәсіпорындар сала бастады. Бірақ ХХ ғасырдың бас кезінде шахталар мен кен орындардың дерлік бөлігі шетелдік капиталистер қолына өтті. Орыс кәсіпкерлерінің тау-кен игеруде тәжірибесі де, техникалық құралдары да жеткіліксіз болды. Патша үкіметі шетелдік капиталды тарта бастады. 1904 жылы Лондонда құрылған «Спасск мыс кен орындары» акционерлік қоғамы кен орындарды сатып алуға белсенді кірісті. Спасск-Воскресенск, Успенск мыс кеніштері, Спасск мыс қорыту зауыты, Саран және Қарағанды көмір шахталары сатылды. Жезқазған Қазақстан Ресей отары ретінде өнім өткізетін аймақ, шикізат коры болып кала берді. Қазақ жерінің байлығына патшалық Ресей монополиялық иелігін орнатып, капиталистік қатынастардың ұлттық аймақтарда кеңейіп дамуына әсер етті. Көптеген бай кен орындары, жұмыс күшінің арзандығы орыс және шетел капиталын өзіне тартты. Қазақстанның Ресей нарығына енуі Ресей өнеркәсіптік аудандарымен өзара экономикалық байланысы банк капиталының енгізілуімен одан әрі кеңейді. Тауар айналымы өскен сайын қарыз беретін банктер мен несие мекемелері ашылды. Ірі коммерциялық банктер қатарында Сібір сауда банкінің елу жеті бөлімшесінің жетеуі Қазақстанда орналасты. Екінші орында Орыс сауда өнеркәсіптік банк болды. Оның бес бөлімшілері Петропавлда (1904 ж), Верныйда(1908), Қостанайда (1909 ж.), Оралда (1909 ж.), Павлодарда (1916 ж.) қызмет етті. Несие мекемелердің саны жағынан ең көбі Ақмола облысында ашылды. Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы, шикізатты белсенді тасымалдау теміржол желілерінің құрылысы есебінен мүмкін болды. Патша үкіметі Қазақстандағы теміржолдарды әскери-стратегиялық мақсаттарға бағындырды. 1906 жылы Орынбор-Ташкент теміржол іске қосылды. Бай табиғи қорының болуына қарамастан, Қазақстан өнеркәсібі әлсіз болып қала берді. Оның негізгі себептері өлкенің жалпы экономикалық артта қалуы мен ресей отаршылдық саясаты болды.
Азамат соғысы кезiнде елдiң барлық экономикалық ресурсын соғыс мүддесiне жұмылдырып, соғысып жатқан Қызыл армияны азық-түлiк, киiм-кешек, қару-жарақпен қамтамасыз ету қажет болды. Осы мақсатпен кеңес үкiметi әскери коммунизм саясаты деп аталатын шараларды жүзеге асырды. Бұл саясат соғыс жағдайына байланысты жүргiзуге мәжбүр болған төтенше және уақытша саясат едi. Кеңес өкіметіне қалаларға (жұмысшы табына) және соғысқа (Қызыл Әскерге) қажетті тамақ, киім, көлік сияқты заттарды, ең аддымен, ауыл-селодан (шаруалардан) алуға тура кедді. Сөйтіп, ауыртпалық шаруаларға түсті. Әскери диктатура астық үшін күресті, яғни социализм үшін күресті шаруаларға қарсы жүргізді. Бұл кезде помещиктер бірден экспроприацияланған, кулактар да 1918 жылы жазда соның кебін киген. Олай болса, ауыртпалық ауқатты шаруалар мен жарлы-жақыбайларға түсетіні анық. Бірақ өкімет өзін жұмысшы-шаруалар өкіметіміз деп атағандықтан халыққа ашық қарсы шыға алмады, саясат колданды. РК(б)П атынан Орталық комитет үздіксіз үндеу, қаулы-қарарлар шығарып, үгіт-насихатгы үдетіп, халықпен байланысын үзбеді, оның миына оз идеологиясын сіңірді. Елдегі азамат соғысы, бұліншілік таланған, тоналған, репрессияланған үстем тап өкілдерінің әрекетінен болып отыр-мыс. Ендігі ең қауіпті, ең күшті езуші тап — кулактар деген ұран тасталып, оған қарсы: орта шаруа мен жұмысшы табы (Кеңес өкіметі) одақ жасап, кедей шаруаларға сүйенеді деген тактика 1919 жылы наурызда РК(б)П-ның VIII съөзінде қабылданған еді. Ал іс жүзінде осы саясат қалай жүргізілгені азық-түлік мәселесінен анық көрінеді. Жоғарьща айтылғандай, Кеңес өкіметі алдымен өзін қорғауға, сақтап қалуға күш салды. Кедей шаруаларға сүйенеміз дей отырып, оған нақты кемек көрсете алмады, керісінше өзі олардың мойнына асылды. Партияның “одақтасы” — орта шаруа бергені болмаса, өз басына жақсылық таппады.
Шыдамы таусылған халық әділеттілік іздеп, жоғарғы орындарға арызды қардай боратады, бірақ арыздар тексерусіз қалып отырады. Кейде тіпті жазаланғандарды емес, жазалаушы партия, кеңес қызметкерлерін ақтауға тырысушылық та орын алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет