Тарих сессия сұрақтары Қазақ мемлекеттілігінің тарихи бастаулары мен сабақтастығы туралы жазыңыз


Қазақ мүддесін қорғаушылар С.Сәдуақасовтың, С.Қожановтың жәнеЖ.Мыңбаевтың ұстанымдарын талдаңыз



бет32/78
Дата20.04.2023
өлшемі214,43 Kb.
#175017
түріСабақ
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   78
Байланысты:
Тарих сессия жауаптары (1)

37. Қазақ мүддесін қорғаушылар С.Сәдуақасовтың, С.Қожановтың жәнеЖ.Мыңбаевтың ұстанымдарын талдаңыз.

Смағұл Сәдуақасов Голощекиншілдердің қазақ халқына зиянды кіші қазан бағытына ашық қарсы шықты. Ол ауылдың бейбіт эволюциялық дамуын қалады,байлар мен орташаларды орынсыз тәркілеуге,елдің еуропалық бөлігінен Қазақстанға шаруаларды әкеліп қоныстандыруға қарсы шықты.Осыған байланысты Сәдуақасовтың пікірлестері Сәдуақасовшылдар деп аталып антипартиялық ұлтшыл ауытқушылық идеялық ағым әрі байшыл ,буржуазияшыл ниеттегі қызметшілердің ұйымдасқан тобы ретінде қуғын сүргінге ұшырады. Сәдуақасовшылдық Мәскеудің Қазақстанда жүргізген отаршылдық саясатына қарсы күрескен қуатты оппозиялық күш болды.


Смағұл Сәдуақасов (1900-1933) — кеңестік мемлекет, саяси, мәдениет қайраткер]. Бұрынғы Көкшетау облысы, Ақжар ауданы, Жарқын ауылында туған.

Saduaqasov Smagul.jpg


Ол қамшының сабындай қысқа ғұмырын қазақтың азаттығы мен теңдiгiне арнады. Ол 33 жылдық ғұмырын қазақ елiнiң ел болып өркендеуiне арнады. Тiрлiгiнде Алаш жұртының азаттығын аңсаған қайсар ұл қылышынан қан тамған қилы заманға, тоталитарлық жүйеге қарсы тұрды. Жасынан саясаттың өтiнде жүрдi, ұлт азаттығы үшiн отаршылдармен айқасты. Ұлттың теңдiгi үшiн ғұмырын сарп еттi.Қайсар ұлдың азаттық жолында атқарар шаруасы әлi көп едi. Бiрақ Кеңес өкiметiнiң қазаққа жасаған қиянатына қарсы шыққаны үшiн елiнен аластатылды. Жұмбақ жағдайда уланып, Кремль ауруханасында қайтыс болды. Смағұлдың денесi 1933 жылдың 16 желтоқсанында арнайы пеште өртеледi. Содан берi рухы мықты қайсар азаматтың күлi 78 жыл бойы Мәскеудiң Дон қабiрстанында топыраққа көмiлмей, құмыра iшiнде сақталып келген едi.Қаңтардың 21-і күні таңғы сағат 7:15-те «Мәскеу - Астана» бағытындағы №874 ұшақпен Алаштың біртуар азаматы, мемлекет және қоғам қайраткері Смағұл Сәдуақасовтың мәйітінің күлі елордаға жеткізілді

Сәдуақасов пен Ф.Голощекиннің арасындағы келіспеушілік, қақтығысты тарихшылар төрт түрлі мәселеден сабақтап жүр. Олар біріншіден, мекемелердегі іс қағаздарын қазақыландыру, екіншіден, қазақтың оқыған, көзі ашық зиялы қауымына деген көзқарас, үшіншіден, байлар мен орташаларға деген көзқарас, төртіншіден, өнеркәсіпті дамыту.


Асыл азамат 33 жыл ғана ғұмыр сүріп, 1933 жылы Мәскеу-Донбасс темір жол құрылысындағы апатта қайтыс болды






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет