Тарих сессия сұрақтары Қазақ мемлекеттілігінің тарихи бастаулары мен сабақтастығы туралы жазыңыз


) Қазақ АКСР-ның одақтас республикаға айналуы туралы жазыңыз



бет35/78
Дата20.04.2023
өлшемі214,43 Kb.
#175017
түріСабақ
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   78
Байланысты:
Тарих сессия жауаптары (1)
Махбал (1), Методика 30 сұрақ-жауабымен, Методика 30 сұрақ-жауабымен, Методика 8 30сұрақ-жауап, Методика 30 сұрақ-жауабымен, 1 k shablon 9, Азиза 10 апта бож.docx.pptx, molchanov, Вопрос 1, Antaev-Zh-T-Menedzhment-v-sisteme-obrazovaniya, слайд Абдумавленова Т 2 db9c01bf439d8958587b3cecd08322dc, Способы связи, пСИХ ТЕСТ, 4 лекция ККЗТ, 4 лекция ККЗТ
40) Қазақ АКСР-ның одақтас республикаға айналуы туралы жазыңыз

Қазақ АКСР-нің одақтас республикаға айналуы.


Кеңес Одағының даму процесі қайшылықты болды. Ұлы нәубеттермен қоса жетістіктерге де қол жеткізілді. 1936 жылы 5 желтоқсанда КСРО Кеңестерінің Төтенше VIII съезі Кеңес мемлекетінің жаңа Негізгі Заңын – КСРО Конституциясын қабылдады. Бұл Кеңес мемлекетінің де, оның құрамындағы Қазақстанның да саяси дамуындағы елеулі оқиға болды. Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы (КСРО) деп аталатын федерациялық құрылымға енген, одақтас республика мәртебесін алған республикалардың саны 11-ге жетті. Олардың арасында Қазақ елі де бар еді. Осы жаңа Конституцияға сәйкес, бұған дейін Ресей Федерациясының құрамында автономия болып келген Қазақ АКСР-і енді одақтас республика болып қайта құрылып, Қазақ Кеңес Социалистік Республикасы (Қазақ КСР-і) деп аталатын болды.
Қазақстандағы сауатсыздықпен күрес, білім беру жүйесінің қалыптасуы.
1917 ж. Қазан революциясынан кейінгі Қазақстанда жаппай сауатсыздықты жою мен халық ағарту ісін дамыту мәдени өзгерістердің басты бағыты болды. Өлкеде мәдени құрылысты жүзеге асыруда біраз кедергілер тұрды. Қазақстанда зиялылар аз болатын, олардың Алаш қозғалысына қосылған бірқатары революция барысында зардап шекті. Қазревкомның Халық ағарту бөлімі 1920 ж. өлкедегі сауатсыздықты жою жөніндегі шаралар туралы бұйрық шығарды. Халық ағарту бөлімінің жанынан сауатсыздықты жою жөнінде төтенше комиссиялар құрыла бастады, олар хат танымайтындардың есебін алды, педагогика кадрларын даярлауды, ересектерді оқыту үшін мектептер мен курстар ашумен, оқу құралдарын шығарумен айналысты. 1931 ж. желтоқсанда республиканың 15 жастан 50 жасқа дейінгі сауатсыз еңбекші халқына жалпыға бірдей міндетті білім беруді енгізілді. 1924 ж. сәуірде «Сауатсыздық жойылсын» бүкілодақтық қоғамының қазақ бөлімі ашылды. Сауатсыздықты жоюдың 110 қызыл отауы ашылды. Әйелдердің сауатын ашуға да назар аударылды. 1921 – 1927 жж. 200 мың адам оқып сауатын ашты. 1928 ж-ң аяғында республикада сауатты адамдар – 25%, оның ішінде қазақтар – 10% болды. 1930 ж. 27 тамызда республика ОАК және ХКК қаулысымен жалпыға бірдей міндетті бастауыш оқу енгізілді. Мектеп жасындағы балалардың 98,9%-ы оқумен қамтылды.
Республикадағы жоғарғы оқу орындарының ашылуы, әдебиет және өнердің дамуы (1920-1930 жж).
Мәдени құрылыс ісін жүзеге асыру барысында республикада жоғарғы оқу орындары ашылды. 1928 ж. тұңғыш Қазақ педагогикалық институты (қазіргі Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті) ашылды, 1929 ж. Алматы малдәрігерлік институы ашылды. 1930 ж. Алматыда Қазақ ауылшаруашылық институты – мал шаруашылығын дамытуға арналған тұңғыш жоғарғы оқу орны ашылды. 1931 ж. наурызда Алматы медицина институты ашылды. 1932 ж. Орал пединституты ашылды. 1934 ж. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті) ашылды, бұл республиканың мәдени өміріндегі ірі оқиға болды. 1940 ж. онда 15 кафедра жұмыс істеп, ғылыми-зерттеу жұмысы жүргізілді. 1934 ж. Қазақ кен-металлургия институты (1960 ж. В.Ленин ат. Қазақ политехникалық институты, 1994 ж. Қ.Сәтбаев ат. Қазақ Ұлттық техникалық университеті) ашылып, инженер-техник кадрлар даярлаудың негізі қаланды. Оралда, Семейде, Петропавлда, Шымкентте, Ақтөбеде, Қарағандыда, Қостанайда мұғалімдер институттары қайта ашылып, педагогика институттары болып қайта құрылды.
Ұлт зиялыларына қарсы Сталиндік қуғын-сүргін.
1920-1930 жылдар КСРО-да тоталитаризмнің қалыптасу кезеңі болды. Тоталитаризмнің ерекше белгісі – биліктің қоғамның барлық саласына бақылау жасауы, қуғын-сүргін жүргізуі болды. Сталиндік кезеңдегі (1924 – 1953) жаппай саяси қуғын-сүргін елге үкен нәубет әкелді, НКВД мен ГУЛАГ қапастарында ешқандай жазығы жоқ миллиондаған адамдар қаза болды. Көптеген халықтар мен этникалық топтардың өкілдері режимнің қыспағымен туған жерлерінен қуылып, басқа аймақтарға жер аударылды, бір бөлігі жер аудару барысында қаза тапты. Ұлт-азаттық қозғалысқа қатысушыларды, осы идеяны таратушыларды, большевиктердің ұлттық саясатына қарсыларды қудалау БК(б)П ОК-нің ұлттық республикалар мен облыстардың жауапты қызметкерлерінің қатысуымен 1923 ж. Москвада өткен ІV кеңесінен кейін қатаң сипат алды. 1920-жж. аяғында большевизмге балама партиялар мен қозғалыстардың өкілдері тұтқынға алынып, қуғынға түсті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет