Тарих сессия сұрақтары Қазақ мемлекеттілігінің тарихи бастаулары мен сабақтастығы туралы жазыңыз


Соғысқа дейінгі Қазақстандағы қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани ахуалды көрсетіңіз



бет38/78
Дата20.04.2023
өлшемі214,43 Kb.
#175017
түріСабақ
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   78
Байланысты:
Тарих сессия жауаптары (1)

43. Соғысқа дейінгі Қазақстандағы қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани ахуалды көрсетіңіз
Соғыс алдындағы жылдары ауыл шаруашылығы да біртіндеп дами бастады. Негізгі ауыл шаруашылық өнімін колхоздар өндірді, 1940 жылы Қазақстанда колхоздардың саны - 6901- ге жетті, 194 совхоз болды. 1940 жылы еліміздің колхоздары мен совхоздарының егіс алқаптарында 41 мыңнан астам трактор, 11,8 мың астық комбайны, 14 мыңдай жүк автомашинасы жұмыс жасады. 1940 жылы егістік көлемі 5,8 млн гектарға, ал мал басы саны 3,5 млн-ға өсті. Күріш, қант қызылшасы мен мақта егу сияқты ауыл шаруашылығының жаңа саласы игеріле бастады. Соғыс қарсаңында мал басы жағынан Қазақстан Одақта РКФСР мен Украинадан кейінгі үшінші орынға шықты. Елімізде механизаторлар мен жоғары және арнаулы білімі бар мал дәрігері, зоотехник, агроном кадрлары қалыптасты. Ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігінің артуына мемлекеттің беретін қаржысы мен көмегі айтарлықтай әсер етті.
Халық шаруашылығындағы осындай жетістіктермен қатар шешілмеген мәселелер де баршылық еді. Ұжымдастыру мен 30-жылдардың басындағы зұлматтан кейін ауыл шаруашылығы әлі де толық өркен жайып кете алмады. Тоталитарлық жүйе колхоз құрылысына, еңбеккерлердің тәртібін бақылауға ерекше назар аударды. Колхозшыларға өз колхоздарын тастап, басқа жаққа көшіп кетуге тыйым салынды. Колхозшылардың қарамағындағы бақшалық жер телімдері мен мал басы санына қатаң түрде шек қойылды. Ауыл шаруашылығын басқарудың зорлықшыл әкімшілік-командалық тәртібі енгізілді. Ауыл еңбекшілерін материалдық ынталандыру, олардың еңбек белсенділігін қолдау принципі жүзеге аспады. Білікті маман кадрлар жетіспеді, колхоз бен совхоз басшылары ұдайы ауыстырылып отырды. Осының бәрі ауыл шаруашылығының жедел қарқынмен дамуына кері әсер етті. Осындай қиыншылықтарға қарамастан Қазақстанның соғыс қарсаңындағы экономикалық дамуы Ұлы жеңістің алғышартын қалыптастырды.

44. Кеңес Одағының батыры атанған қазақстандықтар мен қатардағы жауынгерлердің ерліктерін талдаңыз.
Республикада 12 атқыштар, 4 ұлттық кавалериялық дивизиялар, 7 бригада, 50 полк құрылды. Майданға барлығы 1,2 млн. қазақстандық немесе республиканың әрбір алтыншы тұрғыны жұмылдырылды, олардың 640 мыңы, яғни жартысынан астамы ұрыс даласында қаза болды. Қазақстанның даңқты ұлдары мен қыздары Мәскеу мен Ленинградты қорғауға, Сталинград түбіндегі, Курск иініндегі, Днепрді алудағы шайқастарға, Украинаны, Беларусьті, Молдованы, Балтық елдерін және Еуропаны азат етуге қатысты. Олар Рейхстаг төбесіне Жеңіс жалауын тігуге де қатысты. Соғыс жылдарында 500 қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды, олардың 100-ден астамы Даңқ орденінің толық кавалері атанды, 4-уі Батыр атағын екі мәрте иеленді. Бұл - Талғат Бигелдинов, Леонид Беда, Иван Павлов және Сергей Луганский. Бұл атақты екі мәрте иеленген жалғыз қазақ - Талғат Бигелдинов 305 рет әскери шабуылға шығып, жау ұясы - Берлинді алуға бірінші болып қатысады. Фашистер өздеріне аяусыз өлім оғын сепкен Талғат мінген ұшақты «Қара ажал» деп атаған. 23 жасында Кеңес Одағының екі мәрте батыры атағын иеленіп, соғыста небір көзсіз ерлік көрсеткен қыран қазақ қан майданнан аман-есен оралды. «Ердің туы намыс», деп білген ержүрек батырымыз Бауыржан Момышұлының есімі ел есінде мәңгі қалары сөзсіз. Аты аңызға айналған 316 атқыштар дивизиясының жасақталуына белсене атсалысып, сол дивизия құрамында майданға аттанған Б. Момышұлы өзін даңқты жауынгер, әскери қолбасшы, стратег және тактик ретінде көрсете білді. 1941 жылдың 26 қарашасында маршал Рокоссовский оны полк командирі етіп тағайындады. 1941-1945 жылдары Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизияның батальон, полк командирі, соғыстың соңғы жылдары аталған дивизия командирі болды. Шығыстың қос шынары Әлия мен Мәншүк, әуедегі ұрыстарда талай жаудың көзін жойған Хиуаз Доспанова қазақтың қайсар қыздарының даңқын әлемге жайды. Атақты партизан Қасым Қайсенов пен соғыстың аяқталуын Гитлердің кабинетінде қарсы алған Сағадат Нұрмағамбетовтің, жаудан қаймықпайтын қазақтың батыр ұлдары Мәлік Ғабдуллин мен Төлеген Тоқтаровтың ерліктері ешқашан ұмытылмақ емес.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет