Тарих сессия сұрақтары Қазақ мемлекеттілігінің тарихи бастаулары мен сабақтастығы туралы жазыңыз


Тіл туралы заңның қабылдануы мен оның маңызына баға беріңіз



бет46/78
Дата20.04.2023
өлшемі214,43 Kb.
#175017
түріСабақ
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   78
Байланысты:
Тарих сессия жауаптары (1)

53. Тіл туралы заңның қабылдануы мен оның маңызына баға беріңіз
1989 жылы қыркүйекте Қазақ ССР-нің «Тіл туралы» Заңы қабылданды. Бұл құжатта тарихи қадам жасалынып қазақ тілі елде алғаш рет мемлекеттік тіл деп жарияланды. Алайда мемлекеттік тілді дамытудың тиімді тетіктері мен жолдары айтылғанымен, іске асырылмады. 1997 жылы шілдеде «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заң қабылданған. Аталған Заңда мемлекеттік тілді дамыту шараларына қатысты нақты істерден гөрі ұраншылдық басым түсіп жатқандай әсер қалдырды. Ал қазақ тілі науқаншылдықты көтермейді. Мұнда тек жүйелі жұмыстар атқарылуы керек. Төртіншіден, мемлекеттік тілді қоғамның жеке бір саласында ғана дамыту арқылы жетістіктерге жете алмаймыз. Бұл істе кешенділік принципін басшылыққа алуы­мыз қажет. Алдымен мемлекеттік тіл Қазақстанның ұлттық идеясына айналуы керек. Бұл үшін елімізде ең кемінде 3-4 телеарна, 3-4 радио арнасы 24 сағат бойы қазақ тілінде сөйлеп тұруы шарт. Ақпараттық орысша, ағылшынша бағдарламаларындағы қазақша хабарлардың 50 пайыз болуын қамтамасыз етуіміз керек. Қазақтар өз балаларын қазақ балабақшаларына, мектептеріне беруі тиіс. Қоғамдық ортаны да қазақ тілінде ойлантып, сөйлету міндетін дереу шешпесек болмайды. Мемлекеттік қызметтегі, ұлттық компаниялардағы басшы қызметкерлер түгел дерлік мемлекеттік тілді білсін деген талап қою керек. Осы міндеттерді шешетін болсақ, онда елдегі 11 млн қазақтың ішіндегі қазақша білмейтін 2 миллион қазақ ана тілінде 4-5 жылда сөйлеп шыға келеді. Халықтың 60 пайы­зы мемлекеттік тілде сөйлеп, оқып қызмет етіп жатса, қалған 40 пайызы міндетті түрде көпшіліктің соңына еретіні ақиқат. Бесіншіден, мемлекеттік тілдің елдегі орны мен беделін жарнамалардан, көрнекті безендіру құралдарынан байқауға болады. Мысалы, Алматы қаласының көшелерінде орыс, ағылшын тілдеріндегі жарнамалар қаптап кетті. Онысымен қоймай, суреттерде, құлаштай жарнамаларда славян тектес жігіттер мен қыз-келіншектер келбеті бейнеленеді. Тілді таптап тұрғандай әсер қалдырады. Сондықтан Қазақстан Республикасы «Жарнама туралы» Заңына өзгерістер енгізу қажет. Көшедегі жарнамалардың мемлекеттік тілге нұқсан келтірмеу жағын батыл қолға алатын мезгіл жетті. Алтыншыдан, орыс, неміс және басқа ұлт өкілдерін мемлекеттік лауазымды қызметтерге тағайындағанда мемлекеттік тілде таза сөйлейтіндігін қатаң ескеру керек. Олардың нақты үлгісі басқа этникалық топтар өкілдерінің қазақ тіліне көзқарасын түзейтіні даусыз. Жетіншіден, мемлекеттік тілге қатысты заңды талаптарды орындамаған мекемелерді, ұйымдарды, лауазымды қызметкерлерді сот арқылы айыппұл төлеуге, т.б. жауапқа тартуға, қызметтерінен босату шарасына дейін шара қолдануға ұсыныстар беретін Тіл комитеттерінің арнайы бөлімі болуы тиіс. Оны тіл инспекциясы, тіл полициясы, т.б. деп атауға болады. Айтылған міндеттерді орындау елдегі тіл саясатының тиімділігін арттырары сөзсіз. Сегізіншіден, білім жүйесінде мемлекеттік тілдің рөлін көтермесек, ұлттық рухты ұлықтамасақ, жетістікке жете алмаймыз. Сондықтан қазақ тілі пәнін орыс мектептеріне оқыту кестесін 2 есеге көбейтуді, Қазақстан тарихы пәнінен міндетті мемлекеттік емтиханды қалпына келтіруді, мектептерде, колледждерде, университеттерде Қазақстан тарихының сағат санын көбейтуді қамтамасыз ету керек. Ұлттық сана мен рухты тәрбиелемей, қазақстандық патриотизмді тәрбиелей алмаймыз. Бір ғана мемлекеттің тілі болып отырған орыс тіліне жармаса бермей, өз ана тіліміздің мәртебесін көтеруге түбегейлі бетбұрыс жасайтын мезгіл жетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет