Тарих сессия сұрақтары Қазақ мемлекеттілігінің тарихи бастаулары мен сабақтастығы туралы жазыңыз


-1930 ж.ж білім, ғылым, мәдениет дамуын талдаңыз



бет42/78
Дата20.04.2023
өлшемі214,43 Kb.
#175017
түріСабақ
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   78
Байланысты:
Тарих сессия жауаптары (1)

48. 1920-1930 ж.ж білім, ғылым, мәдениет дамуын талдаңыз
Кеңес өкіметі орнағаннан кейін, шаруашылықты дамытып, жақсы өмір сүру үшін, ең алдымен халықтар арасында сауатсыздықты жою және ағарту ісін дамыту міндеті тұрды. Ең алдымен ересектер арасында «Сауатсыздықты жою» көзделінді. Халық арасында сауатсыздықты жою үшін арнайы мемлекет тарапынан қаражат бөлінді. Мектептер оқу құралдары және ұстаздармен қамтамасыз етілді. 1924 жылы Қазақстанда «Сауатсыздық жойылсын» қоғамы құрылды. Көптеген қалаларда арнаулы білім беретін және соның ішінде қазақ қыздарын оқытатын мектептер ашылды. Білім беру ісіне тек Қазақстанда 1921-1927 жылдары бір адамға шаққанда 68,9 тиын жұмсалды.Халық Комиссарлар Кеңесі 1931 жылы 15 пен 50 жас аралығындағыларды міндетті түрде жаппай оқытуды енгізді. Халықты сауаттандыруға білімді жастар көп үлес қосты. Еңбекші халық та білім алуға құлшына кірісті. Күні бойы жұмыс істеп, шаршағанына қарамастан, кешкісін сауат ашу мектептеріне бір кісідей жиналатын.Осының нәтижесінде 1939 жылдың өзінде республика халқының сауаттылығы 65%-ға жетті, республиканың құрылғанына 20 жыл толу қарсаңындажасы 50-ге дейінгі ересек адамдардың сауатсыздығы, негізінен, жойылды.Ұлттық зиялы қауым қайраткерлері ана тілінде оқулықтар мен оқу құралдарын жазуға кірісті. 1920-жылдардың ортасында республикада татар, өзбек, ұйғыр, неміс және эстон бастауыш мектептері жұмыс істеді. Ұлы Отан соғысы қарсаңында 20 жоғары оқу орны, 118 орта арнаулы оқу орны болып, 40 мыңдай адам оқыды.
1928 жылы Қазақстанда тұңғыш жоғары оқу орны Алматы педагогика институты ашылды.1931-1932жылдары Қызылорда, Орал қалаларында педагогика институты ашылды. 1934 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті) ашылуы мәдени маңызы зор оқиға болды.Қазақ КСР-де жоғары оқу орындары саны 20-ға, арнаулы оқу орындарының саны 118-ге жетті. Кәсіптік білім беретін бұл оқу орындарында 40000-ға жуық жастар білім алды.
ХХ ғасырдың 30 жылдарында Қазақстан ғылымы қалыптасып, дами бастады. Қазақстанды ғылыми тұрғыдан зерттеу ісіне 1920 жылы құрылған «Қазақстанды зерттеу» қоғамы көп үлес қосты. Бұл қоғамда Қ.Жұбанов, С.Аспандияров, Ж.Аймауытов, А.В.Затаевич, А.Байтұрсынов, Ә.Диваев, А.П.Чулошников сияқты ғалымдар еңбек етті. 1926 жылы М.Е.Массон Тараз қаласының орнында археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді.
1932 жылы КСРО Ғылым академиясының қазақстандық базасы құрылды. Бұл базаның құрамында 1935 жылы тарих және геология секторы, Қазақ ұлттық өнер ғылыми-зерттеу институты құрылды.
ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында Алматы, Орал, Петропавл, Семей, Ақмола, Қостанай қалаларында түрлі деңгейдегі мәдениет мекемелері жұмыс істеді. А.В.Затаевич «Қазақ халқының 1000 әні» (1925 ж.), «Қазақ халқының 500 ән мен күйі» (1931 ж.) деген еңбектерін жазып, қазақ музыкасын зерттеу ісіне үлкен үлес қосты. 1926 жылы Қазақстанда алғашқы ұлттық қазақ театры сол кездегі астана Қызылорда қаласында ашылды. 1930 жылы Қарағанды, Шымкент, Петропавл, Ақтөбе қалаларында театрлар ашылды. 1933 жылы Алматы қаласында ұйғыр музыкалық драма театры ашылды. 1934 жылы Абай атындағы Қазақ академиялық опера және балет театры ашылды. Дәл осы жылы А.Жұбановтың жетекшілігімен Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік оркестрі құрылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет