47. Соғыстан кейінгі жылдағы Қазақстандағы ауыр ахуал II дүниежүзілік соғыс КСРО шаруашылығына өте көп зиян әкелді. Соғыс зардаптары: 1710 қала, 70000 ауыл қирады, 32000 өнеркәсіп, 100000 ауыл шаруашылық кәсіпорны бұлінді және 2 млн адам қираған үйде түруға мәжбүр болды. Киев, Ленинград, Сталинград, Минскт.б. қалалардың көп болігі талқандалды.
Соғыстан кейін қираған экономиканы, халық шаруашылығын қалпына келтіру басты міндет болды. Бұл бағытта ең алдымен жұмыс күшінің жетіспеуі кедергі жасады. Соғыстан әлсіреп шыққан еліміздің ауыл шаруашылығын қалпына келтіру жолында көптеген кедергілер кездесті. Олар: ауыл шаруашылық техникасының жетіспеуі, жұмыс күшінің аздығы, әміршіл-әкімшіл жүйенің ықпалы т.б. Соғыста жарты миллионнан астам адам қазатапты, көбі мүгедек болып оралды т.с.с. Мұның бәрі шаруашылықты қалпына келтіруді кешеуілдетті. Соғыстан кейін 1946-1950 жылдары халықтың әлеуметтік жағдайы үшін аса бір ауыр кез болды. 1947 жылы елімізде бұрыннан қолданылып келген, халықты азық-түлікпен мөлшерлі қамтамасыз ететін карточкалық жүйе жойылды.
Халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуда біраз шаралар қолданылды. Бірақ бұл мәселе орнымен шешілмеді. Жұмысшылардың жалақысы көп ретте азық-түлікті сатып алуға жетпеді. Сол кездегі орташа жалақының көлемі 64 сом болды. Әсіресе, ауыл шаруашылық өнімдерін мемлекет ете арзан бағамен сатып алды. 1946 жылы Кеңестер Одағының біраз өңірін аштық жайлады.Нан, ет өнімдері, сүт жетіспеді. Адамдар аштықтан өле бастады. Бірақ бүл елден мұқият жасырылды. Соғыстан кейінгі ауыл шаруашылығының жағдайы. Соғыстан кейінгі бірінші жыл ауыл шаруашылығы үшін аса қиын болды. Құрғақшылық елдің, әсіресе оның еуропалық бөлігінің ауыл шаруашылық жағдайына ете ауыр тиді. Жағдай жұмысшы күшінің жетіспеушілігінен де ушықты; ауыл шаруашылық машиналардың көп бөлігі соғыс жылдарында істен шықты, ал жаңадан алынатын машиналар саны аз болды. Басқарудың әкімшілік, күштеу тәсілдерінің, экономикалық заңдарды есепке алмаудың зардаптары ауыл шаруашылығына кері әсерін тигізді. Жер өңдеу мәдениеті темен болып, қоғамдық мал шаруашылығы нашар дамыды._Соғыстан кейінгі ауыл шаруашылығының жағдайы. _Соғыстан кейінгі бірінші жыл ауыл шаруашылығы үшін аса қиын болды. Ауыл шаруашылық машиналардың көп бөлігі соғыс жылдарында істен шықты, ал жаңадан алынатын машиналар саны аз болды. Жер өңдеу мәдениеті темен болып, қоғамдық мал шаруашылығы нашар дамыды.Мал шаруашылығының артта қалуының себебі жерді жырту нәтижесінде жайылымдықтардың азаюы.Елдiң астық қажеттiгiн егiншiлiк аудандары өтей алмады, мал басы өспедi, өнiмi ел қажеттiгiн өтей алмады. Мұның көптеген себебi бар. Олардың негiзгiсi соғыс ауыл шаруашылығына ауыр зыян тигiздi. Екiншi үлкен себеп ауыл шаруашылығындағы өндiрiстiк қатынастарының ескiруi болды.Ауыл шаруашылық өнiмдерiн дайындау және сатып алу бағасы өнiмнiң өз құнынан төмен болды. Колхоздарда колхоз демократиясы бұзылды, колхозды басқару, өнiмдi жұмсау әкiмшiлiк орындарының қолына өттi.Соғыстан кейін де әміршіл-әкімшіл жүйе қоғамда үстем болды. КСРО-да, соның ішінде Қазақстанда Сталиннің жеке басына табыну күшейді. Жеке адам құқығы барған сайын аяққа тапталды. Қарапайым адамдар басқарудан шеттетілді.