49. Майдан шебіне жақын аудандардан Қазақстанға халықты, өнеркәсіп орындары мен мәдениет ошақтарын көшіріп әкелуін түсіндіріңіз Өнеркәсіптерді Қазақстанға көшіру екі рет жүргізілді:
1941 жылдың аяғы мен 1942 жылдың басы;
1942 жылдың күзінде өнеркәсіп орындары, кәсіпорындар, негізінен, Мәскеу, Ленинград облыстарынан, Украина, Белорусь жерлерінен әкелінді.
Украинадан Қазақстанға көшіріліп әкелінген кәсіпорындар: Харьков электротехника заводы, Подольск механика заводы, Запорожье ферроқорытпа заводы, Днепропетровск вагон жасау заводы т. б. Украинадан Қазақстанға 70 өнеркәсіп орны мен жабдығы әкелінді.
Қазақ КСР-не әкелінген өнеркәсіптер мен фабрикалар, кәсіпорындар: Алматы, Қарағанды, Шымкент, Петропавл, Семей, Ақтөбе, Орал қалаларында орналастырылды.
Әрине, Қазақстанға әкелінген кәсіпорындар өте қиын жағдайда жұмыс істеді. Өнеркәсіп орындарымен бірге Қазақстанға майдан өңірінен көптеген мамандар да көшірілді. Мысалы, тек қана Домбасстан 3200-ге жуық шахтер, 2000-дай құрылысшы келді. Майдан өңірлерінен келген инженер-техниктер саны 700-дай болды.
50. Қазақстан жерінде жасақталған әскери бөлімдердің ірі шайқастарға қатысуы және жанқиярлық ерліктерін көрсетіңіз Германия 1941 жылы маусым айының 22-де Кеңес Одағына қарсы соғыс ашып аз уақыттың iшiнде елдiң батыс бөлiгiн жаулап алады, Ленинградты қоршады, Москваның маңына 20 км. жақын келдi. Қызыл Армия соғыстың бастапқы кезiнде жеңiлiске ұшырады, мұны сәтсiздiк деп атайды.
Кеңес үкiметi кезiнде Қызыл Армияның сәтсiздiгiн Кеңес Одағының соғысқа дайындала алмағанымен, Батыс шекараға әскер топтастырып үлгiрмегендiгiмен, соғыстың болатын уақытын бiлмегендiгiмен т.б. түсiндiрдi. Мұндай себептердiң болғанын жоққа шығаруға болмайды. Дегенмен сәтсiздiктiң бас себебi Сталин бастаған басшылықтың ұстанған қате бағытына байланысты болды.
Соғыс алдында ғана немiстерден кем түспейтiн, кейбiр жағынан олардан артық Т-34 танкi мен ИЛ-2 штурмовигi сияқты кеңес инженерлерi жасаған техникалар топтап өндiрiлмедi.
Қазақстанда алғашқылардың бірі болып 316-атқыштар дивизиясы жасақталды. Оның құрамында Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының сонымен қатар Қырғызстанның еңбекшілеріде болды. Дивизия командирі болып, азамат соғысына қатысқан, генерал майор М.П. Панфилов тағайындалды. Қазақстанның әскери бөлімшелері негізінен жұмысшылардан колхозшылардан және интелегенциядан жасақталды. Олардың шамамен әрбір алтыншы жауынгері мен командирі коммунист бүкіл құрамының 15-20 проценті комсомол мүшелері еді. Қазақстандықтар Москваның маңында ерлiкпен соғысты. 28 панфиловшылар жаудың 30 танкiсiн құртып немiстердiң шабуылын тоқтатты. 1941 жылғы Москва түбiндегi, 1943 жылғы Сталинград үшiн шайқас, Курск жанындағы шайқастарда қазақстандықтар ерлiкпен соғысты. Днепр маңындағы шайқаста 123 қазақстандық жауынгер Кеңес Одағының батыры атағын алды.
Қазақстандықтар Москва үшін шайқаста Қызыл Армия Москва түбінде гитлерлік басқыншыларды алғаш рет жеңді. Бұл жеңісте қазақстандықтардың үлесі де көп болды. Қазақстандықгенерал-майор И.В. Панфилов пен комиссар А.С. Егоров басқарған 31 атқыштар дивизиясының аты аңызға айналды. Бұл дивизия 1941 жылы 26 қазаннан 18 қарашаға дейін ерлікпен жауға қарсы шайқасты. Ленинград қаласын қорғауға Қазақ КСР-де құрылған 310-атқыштар дивизиясы мен 314-дивизия алғашқы кезеңнен қатыстыЛенинград үшін шайқаста қазақ жауынгері Сұлтан Баймағанбетов кеудесін оққа төсеп қаза тапты,Кеңестер Одагының батыры атанды.Қазақстан жерінде құрылған 292, 387-атқыштар дивизиясы, 81-атты әскер дивизиясыт.б. Сталинградтықорғауғақатысты. Сталинград түбінде көптеген қазақстандықтар ерліктің небір тамаша үлгісін көрсетті.
Жамбылдың ұлы Алғадай Сталинград түбінде ерлікпен қаза тапты. Қазақстандық Т.С. Позолотин басқарған 17-гвардиялық танк полкі Еділ жағасыңдағы ірі операцияларда шешуші рөл аткарды. Сталинград шайқасы соғыс тарихында ерекше орын алды. Днепрдегі соғыста Жәнібек Елеусізов өз ерлігімен көзге түсті. 18 жастағы қазақстандық Кеңестер Одағының батыры болды.
Рейхстагқа ту тіккен Ұлы Отан Соғысының батыры Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігі 62 жылдан соң ғана мойындалды.
Бауыржан Момышұлы басқарған батальон жаумен болған шайқаста ерліктіңтамаша үлгісін көрсетті. Москва облысының Бородино селосының түбінде неміс штабына басып кіріп, немістердің көзін жойған Т. Тоқтаровқа Кеңестер Одағының батыры атағы берілді.
М. Ғабдуллин басқарған автоматшылар тобы да ерекше ерлік көрсетіп, жау танкілерінің бірнешеуін жойды. М. Ғабдуллинге Кеңестер Одағы батыры атағы берілді.
Бородино селосының түбінде Амангелді Имановтың ұлы Рамазан Амангелдиев 13 фашистің көзін жойды.
1945 жылы 2 мамырда Қызыл Армия Берлинді толық басып алды. 1945 жылы 8 мамырда Германияның жоғарғы командованиесі жеңілгенін мойындап, актіге қол қойды.