Тарих сессия сұрақтары Қазақ мемлекеттілігінің тарихи бастаулары мен сабақтастығы туралы жазыңыз


Қазіргі білім жүйесін жаңартудың өзекті мақсаттары мен міндеттерін көрсетіңіз



бет68/78
Дата20.04.2023
өлшемі214,43 Kb.
#175017
түріСабақ
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   78
Байланысты:
Тарих сессия жауаптары (1)

79. Қазіргі білім жүйесін жаңартудың өзекті мақсаттары мен міндеттерін көрсетіңіз

Тәуелсіздік жылдары Қазақстан орта білім беру бойынша әлемде жетекші орынға шықты. Жалпы білім беретін мектептерде кітаппен қамтамасыз ету және компьютерлендіру мәселесе шешілді. Білім және ғылым министрлігі елімізде 12 жылдық білім беру жүйесіне көшудің қолға алынған болатын. Көптілді білім беру бағдарламалары іске қосылуда. Білімнің жаңартылған мазмұнының стандарттары енгізілді. 2009 жылдан бастап «Назарбаев Зияткерлік мектебі» (НЗМ) жоба іске қосылды. НЗМ-де білім беру халықаралық бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады. Олармен бәсекеге түсе алатын қазақ-түрік лицейлері (КТЛ) жұмыс істейді. 2016 жылдан бастап КТЛ «Білім инновация лицейі» деп аталады.


1998 жылы «Дарын» Республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы құрылды. Орталық дарынды балаларды анықтауда және қолдауда маңызды рөл атқарды. Қазақстан бойынша жекеменшік мектептер ашыла бастады.
2003-2004 оқу жылы мектеп бітірушілері үшін Ұлттық бірыңғай тест тапсыру енгізілді. Бұл еліміздің жастары үшін жоғары білімнің қолжетімділігіндегі ашықтықты қамтамасыз етудің бастамасы болды. 2018 жылға дейін мектеп түлектері үшін ҰБТ мектеп аттестатын алуға және жоғары оқу орнына түсуге жарайтын. Бүгінгі күні ҰБТ тапсыру ережесіне біршама өзгерістер енгізіліп, жаңа форматта өтетін болды.
1980-ші жылдары қазақ тілінде оқытатын мектептер саны азайса, тәуелсіздік жылдары оқушылардың төрттен үш бөлігі жалпыорта мектептерде мемлекеттік тілде білім алады.
Халыққа білім беру саласын алға бастыруда оның материалдық-техникалык базасын нығайтуда, әсіресе; 1996-1997 жылдары үкімет тарапынан едәуір айтуға тұрарлық жұмыстар жүргізілді. Атап айтқанда, 1996 жылы білім беру саласына 65 миллиард теңге, немесе мемлекеттік бюджеттің 23,4 пайызы, 1997 жылы 73,3 миллиард теңге, яғни мемлекеттік барлық бюджетгін 21,4 пайызы бөлінді. Алайда одан кейінгі жылдары халыққа білім беру саласындағы орнықтылық және кейбір кезек күттірмейтін мәселелердің шешілуін желеу етіп, мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлу бірсыпыра азайды. Мәселен, тек 1999-2001 жылдары білім беру саласына жыл сайын шамамен 12 миллиард теңге бөлініп отырған. Мұның өзі білім беру саласындағы кейбір келеңсіздіктерге алып келді. Балабақшалардың 82 пайызы қысқарып, окушылары аз көптеген ауыл мектептері жабылып қалған.
Мектептерде жұмыс істейтін мұғалім кадрлардың сапалық құрамында келеңсіз жағдайлар қалыптасты. 2001/2002 оку жылында республика бойынша педагог кадрлардың тапшылығынан мектептерде тек орта білімі бар 3,5 мыннан астам мұғалім және 6 мың басқа мамандық иелері жұмыс істеген, мектептерден жалақыны азсынып, 43,6 мың мұғалім басқа салаларға жұмысқа ауысып кеткен.
Қазақстанның Білім және ғылым министрлігінің деректері бойынша 2000/2001 оқу жылында елде жалпы білім беретін мектептердің саны 8007 болған, Олардың 3545-і (44,2%) қазақ, 2356-сы (29,4%) орыс, 13-і ұйғыр, 81-і өзбек, 3 тәжік, 1 украин. Бір ерекше атап көрсететін жайт, әсіресе, соңғы жылдары республикада қазақ тілінде оқитын оқушылардың саны едәуір артып, 2003 жылы олар барлық мектеп оқушыларының 54,4 пайызын қамтыған.
Республика мектептерінде техникалық ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларын енгізуде де оң қадамдар өріс алды. 2001 жылы елде орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың бірінші кезеңі негізінен аяқталды, нәтижесінде 58 оқушыға бір компьютерден келген. "Иитернет - мектепте" бағдарламасы аясында 1414 оку орны, оның ішінде 868 ауыл мектебі ақпарат желісіне қосылған.
Үкіметтің 2002-2004 жылдарға арналған Іс-қимыл бағдарламасында барлық деңгейдегі білім беру, оқытудың мемлекеттік жүйесін жетілдіру, оқу-әдістемелік кешенді қалыптастыру, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің санын арттыру көзделген. Ауылдық жерлердегі мұғалімдерді тұрғын үймен қамтамасыз ету, олардың біліктілік деңгейін көтеруіне жағдай жасау, тағы да басқа істерді жүзеге асыру нақтыланды. Сонымен бірге кәсіптік мектептер мен колледждерге керекті оқулықтар және оқу-әдістемелік құралдарын әзірлеу жайы да жан-жақты қарастырылған.
Еліміз егемендік алған он жылдан астам уақыт ішінде республика жоғары және орта арнаулы білім беретін оку орындарында да бірсыпыра жана өзгерістер орын алды. Республиканың жетекші оқу орындары - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университеті, Абай атындағы Алматы университеті, Қазақ ұлттық техникалық университеті және басқалар Қазақстанның тәуелсіз ішкі және сыртқы саясатын жүргізуге қабілетті маман кадрлар даярлайтын жаңа факультеттер ашты. Түркістандағы Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Сыртқы істер министрлігі жанынан Дипломатиялық Академия ашылып, жұмыс істейді. Бұлардан білім алып, дайындалып шықкан кадрлар, Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатын одан әрі дамытып, біліктілікпен жүргізуде өздерінің лайықты үлесін қосатынына сенім артты. Өйткені олар қазақ, орыс тілдерінен басқа шет елдермен байланыс жасауда аса қажетті ағылшын, неміс, француз, араб, қытай, хинди және тағы басқа да тілдерді меңгеріп білім алады. 1997 жылы елімізде мемлекеттік 53 жоғары білім беретін және 40-тан астам жеке меншік жоғары оқу орындары жұмыс істеді. 2002 жылы мемлекеттік жоғары оқу орындары 47-ге дейін азайды, оған керісінше ақы төлеп оқитын жоғары оку орындарының саны 160-тан асты. 2003 жылы Қазақстан Білім және ғылым министрлігінің шешімімен 43 мемлекеттік, 130 жеке жоғары оқу орындары қалдырылды.
Қазақстанның тәуелсіздік алуымен байланысты халықка білім беру жүйесінін халықаралық қарым-қатынасы кеңейді. 1991 жылы жуздеген республика оқушылары, студенттері мен аспиранттары оқуларын шетелдерде жалғастырса, қазірде олардың саны мыңнан асып отыр. Осы мақсатта Қазакстан Президенті жанынан "Болашақ" бағдарламасы бойынша арнаулы қор кұрылып, оны қаржыландырумен республиканың барлық жоғары оқу орындарынан жыл сайын жүздеген студент шетелдерге, соның ішінде АҚШ-ка, Ұлыбританияга, Францияға, Қытайға, Түркияға және тағы басқа да жерлерге оқуға жіберіледі. Соңғы он жылда "Болашақ" бағдарламасы бойынша 685 студент жастар шет елдерден білім алып келді. Ал 2003 жылдың басында республикалық арнайы комиссияның шешімімен 25 жас жігіттермен қыздар шет елге оқуға жіберілетін болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет